1. Бактериялардың морофлогиялық негізгі топтары. Анықтамасы. Мысалдар. Сфера пішінді


Грам теріс кокктар. Микробиологиялық диагностика



бет29/53
Дата13.03.2022
өлшемі213,59 Kb.
#27816
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Байланысты:
микро 1

17. Грам теріс кокктар. Микробиологиялық диагностика.

( Уникальность: 100%)

Кокктар  морфологиялық құрылысы жағынан бір біріне өте ұқсас келетін, шар тәрізді пішінде болатын микробтардың үлкен тобына жатады.  Шар пішінді болуы сыртқы факторларға  төзімді етеді. Қатаң анаэробтар мен факультативті анаэробтар және макроаэрофилдер мен  аэробтар кокктар тобын құрайды.


Кокктардың ішінде грам оң және грам теріс бактериялар бар.
Аэробты грам теріс коктарға нейссериялар жатады.  Нейссерия тұқымдастығының бірнеше түрлері бар: менингококтар, гонококтар және т.б.  Бұлар адамға аса патогенді нейссериялар. Нейссериялардың 5 түрі адамның жоғары тыныс алу жолдарындағы қалыпты микрофлора құрамына кіреді. Нейссерия тұқымдастығының  біреуіне тоқталып өтейін.
Нейссерия тұқымдастығына жататын менингокок жұқпалы ауру тудырады.  Назофаринстің шырышты қабығының (назофарингит), ми қабығының (менингит), септицемияның зақымдалуымен тудыру мүмкін инфекция. Менингококтың табиғи резервуары - адамның мұрын-жұтқыншақтығы. Тарату жолы ауа арқылы жүзеге асырылады. Инфекцияның ең жиі таралу жолы  - назофарингитке ұшырағандар арқылы таралуы.  Бұлар – ұсақ диплококтар.  Менингококтар кофенің  дәні секілді қостан орналасқан. Бұлар  мүлде қозғалмайды, себебі споралары  болмайды, бірақ пилиі бар.  Бұлар  тұрақсыз микрокапсулаларын жасанды қоректік ортада түзе алады.  Орта түрі мен өсіру температурасына  талғампаз келеді.  Қоректік орталардың ішінде ең қолайлысы  – Мюллер, Хинтон орталары.  Бұл  орталардың сарысуы болмайды. Пигмент түзбейді. Бұл- шартты патогенді нейссериялардан айырмашылығы болып саналады.  Гемофилдер мен  грам оң коктардан айырмашылығы- қанды ағарда гемолиз бермейді.  Емдеу мақсатында этитропты-пенициллиг, левомицетин, рифампицин секілді антибиотиктерді  пайдаланады. Ем жүргізу кезінде су-тұз  ж\е  қышқылды – сілтілік тепе теңдікті сақтау өте маңызды.
Менингогоктарға микробиологиялық диагноз қою  экспресстік, бактериология, серология әдістері бойынша қойы лады.Жылдамдатылған әдіске менингококтық эритроцитарлы диагностикумның көмегі арқылы сарысуды РИТ, ИФТ және  иммунды электрофорез, ПТР реакцияларымен зерттеу жатады.
Зерттеу материалдарына қанның, жұлынның сұйықтықтары, мұрынның қуысынан кілегейін  аламыз. Материалдарды алып болған соң  қанды агар ортасына, ристомициннен тұратын агарға, антибиотиктерден тұратын Мартен ортасына себуі қажет. Одан соң бөлінген дақылды идентификациялайды.
Анаэробты  грам теріс коктар  қозғалмайды.  Жағындыда ретсіз шоғыр түзе жұптасып немесе  қысқа тізбек секілді  орналасады.  Адам патологиясында маңызды орын алатын түрі Veilonella parvulla.37 градус температурада  өседі. Сүтті ағарда жылтыр колония түзеді.  Ферменттік белсенділігі орташа, пируват, лактат, малат, фуматтарды ыдыратады.  Жасуша қабығының липополисахариді антигендік қызмет атқарады. Эндотоксин бөледі.  Анаэробы теріс коктар қоздыратын инфекциялар эндогенді сипат алады. Бұлар ауыз қуысы мен жоғары тыныс алу жолдарының және ішек жолдарының шырышты қабықтарында өсіп-өніп, көбейеді.  Сыртқы  орта факторларына өте сезімтал. Осыларға диагноз қою үшін ірің немесе зақымдалған тін, қан секілді бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі.  Анаэробтарды табу үшін газды сұйықты хроматография, антибиотикограмманы анықтау қолданылады.
Гонококтар – жыныстық жұқпалы ауруларды тудырады.  Жедел және созылмалы түрде өтеді.  Соз қоздырғышы  несеп және жыныс жүйесінің шырышты қабығында  іріңді қабыну тудырады. Бұршақ тәрізді болады.  Жаңа дақылдарда гонококктар мөлшері 1,25-1,0х0,7-0,8 мкм болатын капсула түзетін қозғалмайтын диплококктар болып табылады. Олар анилинді бояғыштармен жақсы боялған (метилен көк, тамаша жасыл және т.б.).  Олар L-формаларын, оның ішінде пенициллин әсерінен түзеді.  гонококки пиламен жабдықталған , капсуламен қоршалған және вирулентті, басқа типтегі бактериялар авирулентті.  Гонококтар кептірілуге,  дезинфекция  заттарына, температураға өте сезімтал. Осы арқылы ерекшеленеді.
Микробиологиялық диагноз қоюдың басты әдісіне -  іріңді бөліп алып жағындысын Грам б-ша, метилен көгінің  пайыздық ерітіндісі ж\е эозиннің бір пайыздық спирттік ерітіндімен бояп, бактериос-лық зерттеу жүргізіледі. Бұл зерттеу нәтижесі оң емес болған жағдайда бактериологиялық әдіс арқылы жүзеге асырады. . Бактериологиялық әдіс бойынша зер-у матер-ын яғни іріңді бөлінділердің құр-да сарысулы, қан, асцитті секілді сұйықтары болатын арнайы қор-тік орталарға себіледі.  Сериологиялық тәсіл – пациенттің қанының сарысуы арқылы қойылған КБР-і мен  ПГАР.
18.Колиэнтериттер. Ауру қоздырғышы. Микроорганизмнің морфологиялық, тинкториялдық қасиеттері. Инфекцияның берілу жолдары. Микробиологиялық диагностикалық әдістері. Берілген аурудың емдеу принциптері мен алдын алу шаралары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет