26. Гепатит В қоздырғышы, таксономиясы, клиникалық көрінісі. Инфекция көзі мен берілу жолдары. Емдеуі мен алдын алуы.
Гепатит В вирусына қысқаша анықтама беріп өтетін болсам- ол қан арқылы және қанмен байланысу механизмімен беріліп, бауырды зақымдап, кейін жедел және созылмалы гепатиттің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауруларды бірі болып табылады.
Таксономиясына қарай, Тұқымдастығы: Hepadnaviridae, Туыстығы: Orthohepadnavirus(бұл адамдар үшін Вгепатит вирусы), Түрі-Hehadnovirus B деп ажыратамыз.
Гепатит В вирусының негізінен вирионы сфера пішіндес болып келеді, ал диаметрі 42 нм. Тағы қосар айтатын болсам, Гепатит В вирусының құрамында 4 антиген табылғаны белгілі, оларды атап өтер болсам мыналар жатады: HBs, HBc, HBe, HBx. Гепатит в вирусының жасырын кезеңі негізінен 3-6 айға созылады. Ал инфекциялық процесс вирус қанға енгеннен кейін басталады деген де тұжырым бар. Тағы айта кететін зат, гепатит В көбінесе сарғаю дамуымен жүреді, бірақ та кейбір кездері дене сарғаймайтын түрі де болуы әбден ықтимал.
Патогенезі және клиникасы. Инфекция инфекцияланған қан немесе қан өнімдерін инъекциялау арқылы жүреді; ластанған медициналық құралдар арқылы, жыныстық белсенділік және босану жолымен, жатырішілік инфекциямен мүмкін.
Гепатит В вирусын емдеу кезінде, симптоматикалық емдеу шараларымен қатар: интерферон, интерфероноген қолданылады. Вирустың болдырмауына алдын алу шаралары бірі ол вакцина егу. Жас, жаңа туылған нәрестелер 24 сағатта В гепатитке қарсы егу қабылдайды, кейін олар 2 және 4 ай өтен соң вакцину егуді қайталайды.
Егер де ересек адамдар В гепатитін жұқтырып алудың қаупі зор болатын болса, онда оларды қатерлі топтағы адамдардың тізімінде болады және оларға 3 рет вакцина егу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |