30. Су микрофлорасы. Анықтау тәсілдері. Судың санитарлық-микробиологиядық сипаттамасы. Фармацияда суды қолдану мақсаты.
Негізінен алып қарайтын болсақ, су микрофлорасы ол топырақтың микробтық құрамы сияқты болып келеді, неге дейтін болсақ, себебі микроорганизмдер топырақ бөлшектерімен, яғни топырақ арқылы суға түсіп отырады. Суға сол жердің физика-химиялық, жарық жағдайына және оттегінің еру дәрежесіне қарай, минералды заттардың болуына бейімделгеніне қарай тиісті биоцевноздар құрылып отырады.
Тағы қоса айтыла кететін зат, ауыз су қоймасының суында әртүрлі бактериялар меккен етеді: оларға таяқша тәрізі, кокк тәрізді(яғни микрококктар) және ирекше тәрізділер жатады. Судың ластануына тоқталайық, судың ластануы химиялық органикалық заттармен ластану болады, оның өзі аэробты және де анаэробты бактериялардың және саңырауқұлақтардың өсуімен бірге қатар жүреді. Микроорганизмдер негізінен топырақтың үстінгі бетінде болады, сондықтан да артезиан скважиннасының суының құамында микроорганизмдер кездеспейді.
Фармацияда бактериологиялық бақылау объектілерінің ең маңызды өкілдерінің бірі ол:
1) тазартылған су;
Дәрі-дәрмектерді дайындау үшін қолданылатын тазартылған су (инъекцияға арналған дәрілік формалардан және көз тамшыларынан басқа) стерильді ыдысқа кем дегенде 500 мл (см3) мөлшерде қабылданады.
Егер дәріханада тазартылған суға арналған құбыр болса, сынама алу ассистент үстелінің үстіндегі бюреткадан және фармацевт-технологтан алынады. Бұл жағдайда бюретканың ұшы спиртпен суланған мақтамен (факелмен) алдын ала күйдіріледі. Тазартылған суға арналған құбыр болмаған кезде, сондай-ақ қанағаттанарлықсыз нәтижелер болған жағдайда, тазартылған судың сынамаларын қабылдау ресиверден жүзеге асырылады.
Құбырдың санитарлық жағдайын бағалау үшін тазартылған суды құбырдан тікелей алуға болады (құбырдың кез-келген учаскесінде).
Достарыңызбен бөлісу: |