Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары Дисграфияның әр түрлері әр түрлі себептермен ерекшеленеді, сондықтан түзету жұмысында да ерекшеліктері болады. И.Н. Садовникова (1997), Р.И. Лалаева «2001), Л.В. Венедиктова (2001), т.б. жазбаша сөйлеу тілін түзету логопедиялық жұмысы ақаулықтың түріне, механизміне байланысты жүргізілетінін негіздеген.
Аграмматикалық дисграфияны түзету. Р.И. Лалаева аграмматикалық дисграфияға мынандай сипаттама береді: «Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының (морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі... Жазуда сөйлем деңгейіндегі аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау, жұрнақтарды алмастырумен, септік жалғауды дұрыс қолданбауымен, күрделі сөйлемдерді құрастырудағы қиыншылықтарымен, сөйлемдегі сөз кезектілігін сақтамау, таспап кетуімен сипатталады».
Түзету жұмысының негізгі міндеттері:
заттың атауын, іс-әрекетін, сипатын білдіретін сөздерді мағынасымен сәйкестендіруін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
сөздің морфологиялық құрамы туралы түсінігін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру;
балалардың сөз қорындағы сөздердің мағынасын анықтау және әр түрлі сөз таптарын жаңа сөздермен, сөзжасам дағдыларын менгерту арқылы сөз қорын молайту. Түбірлес сөздерді біртіндеп менгерту;
сөз тіркестерін, сөйлем арасындағы байланысты, әр түрлі синтаксистік құрылымдардың модельдерін менгеру арқылы сөйлеу тілінің грамматикалық жағын анықтау, дамыту және жетілдіру;
байланыстырп сөйлеу тілін мына бағыттарда дамыту:
әңгіменің кезектілігін анықтау;
әңгіме құрастыруға қажет сөздік материалды іріктеу;
үлгі бойынша сөйлем құрастыру, қайта құрастыру дағдысын жетілдіру.
Оптикалық дисграфияны түзету. Оптикалық дисграфияны түзету жұмысының негізгі міндеттеріне:
Жоғарыда аталған жұмыс бағыттары негізінде перспективті жоспар құрастырылады.
Оптикалық дисграфияны түзету барысында қолданылатын жұмыс тәсілдерін қарастырайық.
1. Көру гнозисін қалыптастыру мақсатымен қолданатын тәсілдер:
контурмен сызылған заттарды атау;
бірінің үстіне бірі сызылған суреттерді атау;
заттың жетіспейтін бөлшегін толықтырып сызу, атау;
түрі, түсі, көлемі бойынша заттарды іріктеу;
суреттегі айырмашылықтарды табу.
2. Көріп есте сақтауын (көру мнезисін) дамыту: - 10-шақты суреттің ішінен 4-5 суретті есте сақтап атау, көрсету;
- әріптердің ішінен тек дауысты, дауыссыз әріптерді есте сақтап атау;
- алғашқы кезектілікті сақтап әріптерді, сандарды, фигураларды орналастыру;
«не өзгерді?», «не жоғалды?» ойындары.
3. Әріпті тануын, әріп бейнесін ажыратуын қалыптастыру: - графикалық ұқсастардың арасынан әріп табу
Л-М; А-Д; К-Ж; Ж-Х; П-Н; Ш-Щ;
- бірінің үстіне бірі жазылған әріптерді атау;
- дұрыс, қате жазылған әріптерді анықтау;
- элементтері бойынша әріп құрастыру;
- бір әріптен екінші әріп құрастыру (х-ж; т-г; р-в, т.б.);
- әріптердің ұқсастығын, айырмашылығын анықтау.
Оптикалық дисграфия, дислексияда әріп бейнесін бекіту үшін әріпті бір ұқсас затпен сәйкестендіру (О- дөнгелекпен, З- жыланмен, т.б.) немесе тақпақтар жаттау сияқты тәсілдер қолданған тиімді. Мысалы,
«А» әріпі әрдайым
Алфавиттың алдында.
Мына әріпке қарашы
Былай «Е», былай «Ш»
«З» әріпін әрқашан
табасың сен
саздан, қаздан, залдан.
Сонымен, ЖСТБ-ы әр түрлі белгілермен сипатталатын күрделі ақаулыққа жатады. Сондықтан дисграфияны түзету жұмысы оның түрін, белгілерін, механизмін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Логопедиялық жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда перспективтік жоспарды дұрыс құрастырып, оның іске асуына тығыз байланысты болады. Жұмыс жоспары (бағдарлама) төмендегі талаптарға сәйкес құрастырылуы керек:
қазіргі кезеңдегі түзету жұмысының жаңа технологиялары мен көзқарастарды ескеру;
логопедия ғылымындағы негізгі қағидаларды басшылыққа алу.
Бағдарламада түзету жұмысының мақсаты мен міндеттері, мазмұны дисграфияның түріне байланысты алынады. Мысалы, тілдік талдау мен жинақтаудың салдарындағы дисграфияда төмендегідей міндеттерді атауға болады: