1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде



бет13/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

37-бап. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде 
үлестерді анықтау 
1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі- зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. 
2. Сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін негізге ала отырып және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы. 
3. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ борыштары олардың арасында өздеріне берілген үлеске қарай бөлінеді. 
2. Ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі 
38-бап. Неке шарты 
Некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады. 
39-бап. Неке шартын жасасу 
1. Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. 
Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді. 
2. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиіс. 
40-бап. Неке шартының мазмұны 
1. Ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін (осы Заңның 32-бабы) өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне немесе ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік немесе бөлектелген меншік режимін белгілеуге құқылы. 
Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де, болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін. 
Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін, бір-бірінің кірістеріне қатысу әдістерін, олардың әрқайсысының отбасылық шығындар жасау тәртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы. 
2. Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына немесе туындамауына қарай қойылуы мүмкін. 
3. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін немесе әрекет қабілеттілігін , олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды, ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайдың асырау қаражатын алуға құқығын шектейтін жағдайды көздей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын немесе неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет