1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Әкелікті сот тәртібімен белгілеу



бет16/69
Дата17.10.2022
өлшемі90,34 Kb.
#43567
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69
Байланысты:
отбасы туралы заң

47-бап. Әкелікті сот тәртібімен белгілеу 
Бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-аналардан бала туған жағдайда және ата-ананың бірлескен арызы немесе бала әкесінің арыз болмаған кезде (осы Заңның 46-бабының 4-тармағы) баланың нақты адамнан туу тегі (әке болуды) ата-аналарының біреуінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының) арызы бойынша немесе баланы асырап отырған адамның арызы бойынша, сондай-ақ баланың кәмелетке толғаннан кейінгі өз арызы бойынша сот тәртібімен белгіленеді. Бұл жағдайда сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді. 
48-бап. Соттың әке болуды тану фактісін белгілеуі 
Өзін баланың әкесімін деп таныған, бірақ баланың анасымен некеде тұрмаған адам қайтыс болған жағдайда оның әке екенін тану фактісі азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгіленуі мүмкін. 
49-бап. Баланың ата-анасын туу туралы жазбалар кітабына 
жазу 
1. Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылады. 
2. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба-анасының арыз бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша (осы Заңның 46-бабының 4-тармағы) жүргізіледі немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылады. 
3. Бала некеде тұрмайтын анадан туған ретте, ата-ананың бірлескен арызы болмаған жағдайда немесе әке болуды анықтау туралы сот шешімі болмаған жағдайда туу туралы жазбалар кітабында бала әкесінің тегі анасының тегі бойынша, бала әкесінің аты-жөні - бала анасының көрсетуі бойынша жазылады. 
4. Некеде тұратын және бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясынқолдануға жазбаша түрде өз келісімін берген адамдар осы әдістерді қолдану нәтижесінде өздерінде бала туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабына оның ата-анасы болып жазылады. 
Суррогат ана мен бойға бала бітірудің жасанды әдістері мәселелерін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет