1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Лидерліктің негізгі теорияларын бағалаңыз



бет35/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
37. Лидерліктің негізгі теорияларын бағалаңыз
Әдетте бейресми топтарға ұжым мүшелері арасында беделі бар, іске қабілетті адамдар көшбасшылық етеді.
Әлеуметтік психологияда шағын топтағы көшбасшылар деп, мақсатқа жету мақсатында топқа жетекшілек ететін, басқа топ мүшелерімен өзара қарым қатынас орнататын адам қызметін айтады.
Топ қызметінде «көшбасшы» ұғымына сипаттама бергенде әлеуметтік психологияда мындай жағдайлар бөліп қарастырылады:
біріншіден, көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады;
екіншіден топ қабылдаған нормалар мен құнды бағыт- бағдарламалар жүйесі көшбасшының қолдауымен жүзеге асырылады;
үшіншіден, топ өміріндегі арнайы, алайда біршама мәнді жағдайларда көшбасшы тиісті рөль атқарады.
Әрине, топ көшбасшысының рөліндегі адамның жеке басында біршама сапалық ерекшеліктер, атап айтқанда, инициативалығы мен белсенділігі біршама жоғары, ұйымдастыру қызметінде тәжірибесі мен дағдысы бар, топ ісіне мүдделі адамдарға үйір, әрі өзінің мінез-құлқымен үлгі өнеге көрсете білетін, топта едәуір беделді болуы тиіс.
Көшбасшының екі түрі болады:
1. Инструменттік көшбасшы - адамдар тобында міндет пайда болғанда топ мүшелері осы жұмысты атқара алатын жетекшіні көрсетеді.
2. Эмоционалдық көшбасшы - бұл маңдай алды жақсы адам. Өмірде осы екі ерекшелікке бірдей ие болатын адамдар сирек кездеседі.
Көшбасшылық теориялары:
1.Болмыс теориясы- барлық қасиеттер кез-келген жағдайда топты басқаруға мүмкіндік береді деп көшбасшының тұқым қуалаушылық қасиеттеріне ие деп сипаттама жасайды.
2.Көшбасшы рөлін анықтау теориясы- бұл теория негізін қалаған белгілі әлеуметтанушы Р.Бейлз болды. Оның зерттеулерінде көшбасшы ерекше рөльді қабылдаушы және әр түрлі жағдайларда көшбасшы рөлін ойнай алатын әмбебап адамдарды айтады.
3.Жағдаят теориясы- оның негізін қалаушы Ф.Фидлер болды. Ол бұл теорияны екі жағдайда қарастырды. Бірінші көшбасшылық, сыртқы қажеттіліктерді негізге ала отырып,пайда болған адамдар тобының іс- әрекет өнімі. Екіншіден көшбасшы осы жағдайды пайдалана отырып беделге ие болған адамдар тобын айтамыз.
4.Кешенді теория- бұл теорияның негізі көшбасшы тұлғааралық қатынастарды ұйымдастырушы және көшбасшылық іс-әрекеттерді жанжақты ойластырылған іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет