Байланысты: Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)
22. Қазіргі басқару психологиясының пайда болуы және дамуының байланысын анықтаңыз. Басқару психологиясы ғылым саласы ретінде XIX ғасырда қалыптасқан. Бірақ жеке дара ғылым саласы ретінде XX ғасырда дами бастады. Жеке дара ғылым ретінде қалыптасу барысында төрт мектеп қалыптасты: еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі, әкімшңлңк мектеп, адами қатынастар мектебі, басқару ғылымы.
1.Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі. 1991 жылы америкалық инженер, кәсіпкер Ф. Тейлордың «Ғылыми басқарудың қағидалары атты» кітабында жарық көрді. Ол өз кезегінде еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебінің (тейлоризм) негізін қалады. Өндірісті ғылыми тұрғыда басқаруға негізделген. 2.Әкімшілік мектебі (классикалық мектеп) А.Файолдың 1920- 1950 жж. Ұжым басшылық мақсаттары мен бастамаларын қолдауы тиіс болып табылатын, қатаң орталықтандырылған иерархиялық ұйымдастырудың идеясы байқалады. Басқару принципі, яғни қазіргі менеджмент атасы. Иерархиялық желілік – функционалдық басқару жүйесі.
3.Адами қатынастар мектебі. Қызмет тиімсіздігінің негізгі элементі болып саналатын адами факторды жете бағаламау дегенге жауап ретінде қалыптасқан мектеп Э. Мэйо, М. Фоллетт. Э. Мэйо Тейлор мен Гилберттің жұмысшылардың қызметін рационализациялау мен стимулдау идеясына қосылып, еңбек өнімділік мәселесін зерттеумен айналысты. Еңбек тиімділігімен басқарудың күшті факторлары ретінде ұйымдастыру және экономикалық себептермен қатар психологиялық компонеттермен қатар жүретінін дәлелдеді.
Басқарудағы сандық әдістер мектебі. ( 1950- XX ғасыр ). Бұл мектептің негізгі еңбегі операцияларды зерттеу әдіснамасында, өйткені оның іс-әрекеті күрделі басқару мәселелерін әр түрлі ұйымдастырушылық жағдайлар жасау мен қолдану барысында түсінудің тереңдеуіне ықпал етті және күрделі жағдайларда шешім қабылдайтын жетекшілерге көмектесті. Басқару психологиясының дамуы 1966 жылы EAESP ассоциясының құрылуына негіз болды. Басқару ғылымы шеңберінде бірнеше бағыттар бөлініп қалыптасты. Жүйелік бағыт ұйым мәселелерін кешенді шешуге бағытталған басқару түрі. Жағдаяттық бағыт. Бұл концепция 1960 жылы пайда болды. Бұл қалыптасқан жағдайға байланысты мәселелерді шешуге бағытталған басқару тәсілі. Процессуалды бағыт. Үрдістерді ұйымдастырудың динамикалығы мен қиындығын түсінуі, бейнелейтін, басқаруды үрдіс ретінде түсіндіретін бағыт.
Қазіргі кезеңдегі психология қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның ісәрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады.