1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Ситуациялық (жағдайлық) көзқарастың



бет41/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

Ситуациялық (жағдайлық) көзқарастың мәні сол, басқару құрылымын құрудың ең қолайлы әдісі әр түрлі ситуациялық нақты фактілерге (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттердің сипатына, басқару процестеріне т.б.) сүйенуі тиіс.
Бюрократтық (кеңсешілдік) көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесімен, қызмет лауазымдарының бір біріне қарай бөлінуінің (иерархиялығының) жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс-тұрысында көптеген ережелер мен нормалардың болуымен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай тандаумен сипатталады. Вебер мұндай құрылымды «тиімді» деп санады, өйткені бюрократтық жолмен қабылданған шешімнің ақиқаттық сипаты болады деп есептейді.
Төменде М. Вебер тиімді бюрократия деп атаған жүйенің сипаттамасы келтіріліп отыр:
1. Еңбектің айқын бөлінісі, мұның өзі жоғары білікті мамандарды нақты қызметке қоюға мүмкіндік береді.
2. Басқару деңгейінде қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай бөлінуі, мұндайда төменгі деңгейдегі кызметшілерді жоғарғы деңгейдегі қызметшілер бақылайды, әрі соларға бағынады.
3. Жинақталған ресми ережелері мен стандарттары бар өзара үйлесімді жүйелердің болуы, мұның өзі қызметкрлердің өз міндетін біркелкі орындауын, әрі әр түрлі міндеттердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
4. Ресми міндеттер рухы, сол арқылы ресми адамдар лауазымдық міндеттерін орындайды.
5. Нақтылы техникалық мамандық талаптарына сәйкес жұмысқа жалдауды жүзеге асыру. Қызметшілердің өндірістен шығарылуын қорғау.

42. Басқарушының іскерлік мансабы: Жоспарлау және жүзеге асыру категориясын анықтаңыз және талдаңыз.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті - ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжалдау.
Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулісі болып саналады, өйткені мұның өзі кез-келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі қызметтердің бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт қызметі түріде (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және басқылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай-ақ жоспарға сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін бақылайды.
Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңнен тұрады:
- жалпы мақсатты ойластыру;
- белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;
- оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау
Сонымен қатар, жоспарлаудың келесідей түрлері бар:
1. Қаржыны жоспарлау; 2. Пайданы жоспарлау; 3. Жарнаманы жоспарлау; 4. Тауар өткізудің ақырғы жоспары; 5. Тактикалық жоспарлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет