1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Басқару командасын құрудың жалпы принциптерін талдаңыз



бет55/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

52. Басқару командасын құрудың жалпы принциптерін талдаңыз.
Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе соны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару процесіне іскерлікпен қатысатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады.
Басқару кадрларын алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша -- жоғарғы, орташа және төменгі буындар; кәсіптік қүрылымы бойынша - инженерлер, қызмет түрі бойынша - ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша - әкімшілік, экономикалық; білімі бойынша - жоғары және арнайы орта білімді адамдар, практиктер; орындайтын жұмысының күрделілігі және жауапкершілігі бойынша.
П.М.Керженцев адамдарды саралап таңдай білу басшының ұйымдастырушылық талантын айқындайтындығын атап көрсетті. Кадрларды іріктеудің мынадай жалпы қағидасы бар:
- қабілетті адамдарды батыл шешіммен емес, ойластырып таңдаған жөн;
- беделін түсірген қызметкерді басқадай басшылық қызметке орналастырмау;
- басшылық қызметке өзінде үміткерлер болмаған жағдайда ғана басқа кәсіпорыннан алу;
- босаған орын болмаған кезде ешкімді де қызметін
жоғарылатуға үміттендірмеу қажет;
- екі үміткер де бірдей дәрежеде болған жағдайда едәуір жасырағын алу.
Басқарушы кадрлар кәсібі даярлықтан ойдағыдай өткен, өзі істейтін сала бойынша білімі мен тәжірибесі жеткілікті маман ретінде өз қызметін орындағанда - мақсатты дұрыс қоя білуі, оның жүзеге асырылу барысын жан-жақты талдауы және тиімді бақылауы, білікті нұсқау бере білуі тиіс. Басқадай жетістіктерімен қоса, арнайы білімі бар басшылар өз міндетін ойдағыдай әрі нәтижелі шеше біледі.
Батыста басқару командасын жіктеу бізден біршама өзгеше келеді. Мәселен, Раймон Арон басқару қызметшілерін мынадай категорияға бөледі: 1) қаржыландырушы -- кәсіпорын қаржысын бақылауды жүзеге асыратын, бірақ оларға басшылық етпейтін адам; 2) техникалық басшы немесе инженер, бұлар қажетті ғылымды және арнайы білімді меңгергендер, соны практикада қолдана білетіндер; 3) өнімді өткізетін коммерсанттар; 4) менеджерлер - басқарушы, ұйымдастырушы, олар жеке кәсіпорында да, мемлекеттік кәсіпорында да жетекші тұлға болып саналады.
АҚШ-та ой еңбегі қызметкерлерін «ақ жағалылар» деп атайды. Бұған жататындар - инженер-техник қызметшілері, кәсіби қызметшілер, менеджерлер, әкімдер, сауда қызметкерлері, клерктер, т.б. Ал, жүмысшыларды, машинист операторларды т.б. «көк жағалылар» деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет