78. Қарым-қатынас мәдениеттілігін бағалаңыз. Әр адамның қарым-қатынас мәдениеті оның жеке-даралық қасиеттеріменде тікелей байланысты.Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз — адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табу.
Тұлғаның органикалық бөлігіне айналған коммуникативті іскерліктердің жиынтығы коммуникативті мәдениет деп аталады. Басшының негізгі коммуникативті іскерліктеріне: 1) іскер әңгімені жүргізе алу ептілігі (жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кеңес беру, еңбектегі жауапкершілікті бөлісу, бақылау және т.б.); 2) мәжілістерді жүргізе алу іскерлігі; 3) кездесулерді жүргізе алу іскерлігі жатады. Басшының коммуникативті іскерліктері меңгерген басқарушы қарым-қатынастың түрлері. Коммуникативті іскерліктерді дамыту – үлкен күш жігерді, уақытты талап ететін тым күрделі міндет. Әрбір коммуникативті іскерлікті құрамды бөліктеріне бөліп, сатылап, біртіндеп меңгеру қажет. Ондай бӛліктер коммуникативті дағдылар немесе басқарушы қарым-қатынас техникасының тәсілдері деп аталады. Басшы оларды қолдануда кез келген коммуникативті актіні, өзара әрекеттестікті ұйымдастыра алады.
Қарым-қатынаста адамдардың әлеуметтік қатынасы жүзеге асады. Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш жағын қарастыруға болады. Коммуникативті жағы, мұнда – қарым-қатынас адамдар арасындағы ақпарат алудан тұрады; интерактивті жағы – адамдар арасындағы өзара әсер етуді ұйымдастырудан тұрады; перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түскен адамдардың бір-бірін қабылдау негізінде өзара түсінушіліктің пайда болуы.
79. Басқару іс-әрекетіндегі белсенді әрекеттер формасын таңдаңыз. Ал нақты ғылымға сүйенер болсақ, менеджмент, яғни, басқару үдерісі бұлжымайтын төрт негізгні қызметтен тұрады. Олар:
- жоспарлау мен шешім қабылдау;
- ұйымдастыру;
- жетекшілік ету;
- бақылау.
Міне, басқарудың негізгі формалары – осы. Ал әлгінде айтылған негізгі үдерістің төрт бағыты ішінара бірнеше бөліктерге бөлініп кете барады.
Жоспарлау мен шешім қабылдаудың аты айтып тұрғандай, қызметі белгілі. Бұл жерде басқарушы тұлға ұжымның алдағы қызметін жоспарлап, сол жоспар бойынша нақты қадамдар жасауға шешім қабылдайды.
Ұйымдастыру қызметі басшының ұжымның ішкі және сыртқы ахуалын түзетеді. Бұдан бөлек, басшы адам өз компаниясының бағыты мен стратегиясын анықтағаннан кейін жұмысшы топ құрайды. Бұл басқарудың осы формасына кіретін қарекет.
Жетекшілік ету формасы – менеджменттің ең маңызды әрі қызметі ауыр, жүйкенің мықтылығын талап ететін түрі. Бұл бағытқа басшының ұжым қызметкерлерімен қалай кері байланыс орнататыны, оларды ынталандыру үдерісі, өнімді еңбек етуге саналы түрде мәжбүрлеу сынды әрекеттер кіреді.
Ал бақылау үдерісі - барлық шаруа бірізділікке қойылғанға дейін және қойылғаннан кейін де тоқтаусыз жұмыс жасайтын үдеріс. Бұл форманың басты мақсаты – ұжым қызметкерлерінің еңбегін қадағалау, сонымен қатар, ұжымның еңбек өнімділігінің, алға жылжу үждерісінің өзгерісін қадағалап, үнемі басты назарда ұстап отыру және өзгерістер бойынша дер уақытында шаралар қолдану.