80. Басқару стильдерінің түрлерін сыни бағалаңыз. Ұлы неміс-Америкалық психолог Левин тұлға теориясын жасаумен айналысып, басқару стильдерінің тұжырымдамасын құрастырып, негіздеген. Ол экспериментті нәтижелердің негізінде басқарудың негізгі үш стилін сипаттайды: – әміршіл (бұйрықшыл); – демократиялық (қызметтестік); – бейтарап (өз бетіне жіберу). Кейбір зерттеушілер демократиялық стильді қолайлы деп тұжырымдайды. Себебі, бұл стильді ұстанғанда: қате шешімді қабылдау тәуекелі азаяды, бірлесе талдаудың барысында жеке-дара қарастырғанда, анықталмайтын қарама-қарсы ойлар немесе шешімдердің жаңа түрлері пайда болады.
Кейінгі зерттеушілердің пайымдауынша, Левиннің тұжырымдарының анықтығына, қарапайымдылығы мен сенімділігіне қарамастан, бірқатар кемшіліктерге ие:
1) Басқарудың демократиялық үлгісінің әміршіл үлгісіне қарағанда, әрқашан тиімді бола бермейтіні дәлелденген. Курт Левиннің осы екі үлгі өнімділігінің объективті көрсеткіштері бірдей екенін анықтаған.
2) Кейбір жағдайларда әміршіл басқару демократиялық үлгіге қарағанда едәуір тиімді екені анық. Онда жағдай төмендегідей мүмкіндіктерде қалыптасады: а) бірден шешім қабылдау қажет болғанда; ә) қызметкерлердің біліктілігі және олардың жалпы мәдениет деңгейі төмен болғанда; б) тұлғаның ерекшеліктері қажет етсе (кейбір адамдар психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ӛздерін бұйрықпен басқарғанды қалайды);
3) Басқарудың екі стилі де таза күйінде кездеспейді. Әр басшы жағдайға қарай және адамдардың жеке-дара қасиеттеріне қарай, демократ әрі диктатор да болады. Кейде басшылардың шын мәнінде басқарудың қай стилін ұстанатындарын анықтау қиын.
81. Жарнама және оның эффективтілігін дәлелдеңіз. Жарнама – ең алдымен қарым-қатынас философиясы, ол адамдардың арасындағы байланыстарды қалыптастырады, сондықтан оның рөлі маңызды. Жарнама тауардың рыноктағы қозғалысын қылыптастыратын және реттейтін тұтынушыларға мақсатты ықпал ету тәсілдерінің жүйесі. Жарнама тауарлар алмасарда, бәсеке бар жерде, тауарларды өндірушілер өзінің тұтынушысы мен рыноктағы орнына күресетін жерде пайда болады.
Жарнамалауға 1) жарнамалаушы; 2) жарнаманы жасаушы; 3) жарнаманың құралдары (БАҚ және т.б.); 4) тұтынушы қатысады.
Адамдардың жаңа ақпараттарды қабылдау даярлығы неғұрлым жоғары болса, оларға жарнама соғұрлым күштірек ықпал етеді. Даярлық болмаса ақпараттың бастауына сенбейді немесе едәуір пайдалы бастаулары пайдаланып оны тежеп тастайды. Сондықтан, жарнама жасаушылардың басты міндеті жаңа ақпараттарды қабылдауға даяр тұтынушыларды іздестіруде.
Жарнамалық ықпалдың психологиялық тетіктерін қозғағанда AIDA аббревиатурасын пайдаланған пайдалы. Оның әрбір сөзіне нақты психикалық процесс сәйкес келеді. Бірінші әріп А – зейіннің қасиеттерін білдіреді (attention). Зейіннің негізінде ғана тұтынушылардың қызығушылығы пайда болады (І-interest). Осыдан кейін тұтынушының тауарға ие болу қалауын тудыру қажет (D-desing). Соңғы кезең А (action) әрекет идеалды ойша сатып алынған тауарды шынайы жүзеге асырады. Жарнама техникасын білікті пайдалануда тұтынушыға ықпалды ойластыра іріктеу шарты – сәтті жарнаманың кепілі.