1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысын табыңыз Еңбек психологиясы


Басшыға және қарамағындағы адамдарға тән сапаларды таңдаңыз



бет80/81
Дата14.03.2023
өлшемі193,51 Kb.
#74258
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Басқару психологиясы 1-18...37-55...73-90 (1)

88. Басшыға және қарамағындағы адамдарға тән сапаларды таңдаңыз.
Менеджер сапасын Жапондық ұйымдастыру мәдениеті үш топқа біріктірілген: А. Тұжырымды қабілеттер және мінез-құлық стандарттары: көзқарастардың кеңдігі;  ұзақ мерзімді көрегендік және икемділік;  жоғары бастамашылдық және шешімділік (тәуекел жағдайларында да);  қажырлы қызмет ету және үздіксіз білім алу;
 Ә. Жеке дара қасиеттер: мақсаттар мен ұстанымдарды нақтылау іскерлігі;  басқалардың көзқарастарын тыңдауға даярлық;  алаламау, риясыздық және адалдық;  әділ ережелердің көмегімен қызметкерлердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қабілеті;  жеке-дара әсерлілік;  ұжымды және онда үйлесімді ахуалды қалыптастыру  қабілеті.
Б. Денсаулық.
Қажет кәсіби қасиеттер күнделікті кәсіби іс-әрекетте әрі арнайы ұйымдастырылған кәсіби даярлық үрдісінде де қалыптасады.
Ұйым персоналының сапасын арттыру үшін ең алдымен жұмысшылардың ӛндірісте бейімделуін, олардың еңбек әлеуетінің объективті бағалануын, оларды оқытуды, тәрбиелеуді және қажет жағдайларда қайта даярлануын қамтамасыз ету қажет.
89 Ұжымдық еңбекті басқаруды талдаңыз (Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж «Ұйымдық мінез-құлық негіздері» атты енбекті пайдаланып)
Еңбек ұжымы — өндірістің қоғамдық мәніне бағытталған ұйымдасқан адамдардың бірігуі.
Мұндай бірігу — қиын әлеуметтік заңмен құрамдалған,әр адамның өз орны бар байланыс. Ұжым әрекетін жеке адамдардың жиынтығы деп, алайда топтық әрекеттің қарапайым түрінде де жеке субьектілердің механикалық қарапайым әрекеті деп те болмайды.
Басшы басқару процесінің табиғатын, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуі тиіс. Ол үшін басшы еңбек ұжымы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмыс жасаудың түрлі жағдайларында басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі тиіс.
Еңбек ұжымы қызметінің психологиялық факторларына топтардағы психофизикалық шыдамдылық, тұлғааралық өзара әрекеттестіктің феномендері, еңбек мотивациясы, әлеуметтікпсихологиялық ахуал және нақты өнім шығару немесе қызмет кӛрсету бойынша біріккен еңбек іс-әрекетіне енген басқа да психологиялық құбылыстар жатады
Еңбектің тиімділігіне барлығынан зор ықпал ететіні еңбек ұжымының жағымды ахуалы. Егер, қызметкерлердің көпшілігі достарының сәтсіздіктері мен жетістіктеріне, ӛнеркәсіптің қызмет етуінің тиімділігі үшін жанашырлық білдірсе, басқалары да олардың қатарына қосылуға тырысады. Кәсіпкер неғұрлым әлсіз болса, оның жетістіктері солғұрлым еңбек ұжымына, ондағы әлеуметтік-психологиялық ахуалға байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет