1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Психикалық дамуды жас кезеңдеріне бөлу



бет4/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³

4. Психикалық дамуды жас кезеңдеріне бөлу.
Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек шұғылданады. Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.1. Мектеп жасына дейінгі кезең:
- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;
- сәбилік кезең;
- мектеп жасына дейінгі кезең.
2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.
3. Жеткіншектік кезең.
4. Жасөспірімдік кезең.
5. Ересектік кезең.
6. Қарттық кезең.
Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді қарастырамыз. 
Психикалық дамудың жас кезеңдері.
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы бірқалыпты болмайды. Мұнда жас кезеңдердің біршама баяу, біртебірте өзгеретіндігін бұрынғы психологиялық белгінің жойылып, жаңа психологиялық белгінің пайда болуына байланысты, кейде баланы неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетін өзгерістер кезеңі басталады.Бір кезеңнен екінші кезеңге осылай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.Бұл жас дағдарыстары шамамен бірдей жағдайда тұрған жас жағынан шамалас баланың барлығында пайда болады да, балалық шақтың бірнеше жас шағына қарай кезеңге бөлуге мүмкіндік береді.
а қарап, тіс жару кезеңі, тістің шығу кезеңі, т.с.с. Бірақ бұл дұрыс емес. Қазіргі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің тіршілік етуіне байланысты өзгерістер мен әртүрлі дағдарыстарын санамағанда, баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге бөлген, яғни 1 жас, 3 жасжәне7жас. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады. 


5 .Психикалық дамудың заңдылықтары мен динамикасы
Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан қарастырғанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен жүйке жүйесінің төменгі алыптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасып, бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алыптардың шамалы кешірек дамуы биогентикалық заңдылық, бала жануарларға тән биологиялық түрге жататын жауар ата тегінің тарихи дамуын филогенетикалық дамуын қайталаумен шектелмейді. Баланың жүйке жүйесі әуелгі күндері қарапайым жәндәктердің (инфузориясын т.б.) жүйке жүйесі тәрізді жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан шашыраған жапырақ тәрізді болып келеді. Жапырақ бүктеліп түтік формасына ауысады, бұл көбінесе құрттарда кездеседі. Түтік үш буынға шеткі, ортаңғы және алдыңғы бөлінеді. Мысалы, құмырсқа, аралар т.б. насикомдарда кездеседі. Жүйке жүйесінің буындарының біреуі екіншісіне бағынбайды, автономды түрде қызмет атқарады. Дамудың жоғарғы сатысында алдыңғы буын үстем болып, бас миының негізіне айналады. Ана құрсағындағы баланың бас миының кейін даму себебі бас миы және оның қабығы-эволюциялық өзгерістердің соңғы кездегі жемісі. Балаға тән жүйке жүйесінің негізі-бас миы. Ол ана құрсағында едәуір дамып қалыптасып, туылғанан кейін өз қалыпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Баланың бас миы қабығы және оны микроскоппен көретін алты қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендіргіштерге жауап беруге (мысалы емуі) даяр болады.
Жас ерекшелік психологиясының пәні. Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Онтогенез – индивидтің дүниеге келгеннен өмірінің соңына дейінгі дамуы. Жас ерекшелік психологиясының пәні ретінде адам өмірінің түрлі сатыларындағы тұлға қасиеттері мен психикалық процестерінің дамуының жетекші факторлары, заңдылықтары мен динамикасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет