Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу әрекеті – негізгі жетекші әрекеті ретінде.
Жетекші қызметоқу әрекеті болып табылады. Ол бала мен мұғалімнің, бала мен оның құрдастарының арасындағы қарым-қатынасты анықтайдыКіші мектеп жасындағы балалардың оқу әрекеті – негізгі жетекші әрекеті ретінде.
Оқу іс – әрекетінің негізгі сапасы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы асыл мұрасын, дағды тәрбиесін береді. Сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылым – білім жүйелерін меңгереді, сөйтіп өзінің практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін менгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан – жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процес. Оқу материалдары бала психикасына зор талап қояды. Өйткені ұғыну өте күрделі әрекет. Ұғыну бірнеше кезеңдерден тұрады. Мәселен, мұнын бірінші кезеңінде (таныстыру кезеңі) бала нені қалай оқу керектігі жайлы мағұлымат алады. Бұдан кейін ол ойындағысын тәжірибеде орындап көреді. Үшінші кезеңде бала ұғынған нәрсені ойына ұстап тұрады да бесінші кезеңде бала затпен құбылыс туралы белгілі ұғым қалыптасатын болады. Ақыл – ой амалдарын меңгеру арқылы бала шындықтағы заттардың байланыс қатынастарын ажыратады. Бір нәрсені екінші оймен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын ажыратады. Бір нәрсені екіншісімен салыстыра дәлелдей алуға, олардың айырмашылық ұқсастықтарын көре білуге үйренеді. Мұндағы себеппен нәтиженің заңды байланысына түсінеді.
Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы мен таным процестері
Бүгінгі заман талабына сай сапалы білім болу үшін әр оқушының танымдық процестері жақсы даму керек. Сынып оқушыларының танымдық әрекеттері бірдей емес. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, оқу процесін құру педагогтың шеберлігіне байланысты. Ол үшін педагог жас ерекшеліктеріне қарай әдіс-тәсілдерді қолданып, таным процестерін зерттеу керек. Өз бетінше ойлайтын, дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін осы жаста танымдық процестерді дамыту өте маңызды.Бастауыш мектеп жасының / 7-11 жастың / өзінше жас кезеңіне бөлінуі оқудың / әсіресе орта оқу мектебінің / көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңін өзінше бөліп алудың себебі- бұларда өтетеін оқу материалдарының ұқсас келуінен.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі өте көп. Себебі олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі. Кеңес психологы В.В.Давыдовтың пікірінше, көбіне оқушылардың оқу материалдары олардың ақыл-ой деңгейіне сай келмей отырады. Сондықтан, олардың оқуға мумкіншілігін толық пайдалану үшін тапсырмаларды одан әрі қиындата түсу керек.
Егер бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті ойын болса, оқуға кіргеннен кейін оқй қызметі шешуші рөл атқарады. Осыдан, оқу әрекеті – бала психикасының дамуына әсер ететін негізгі әрекет болып табылады. Ойынға қарағанда оқуға байланысты талаптар бала үшін күрделі болып келеді. Сонымен қатар, жаңа мектепке келген бала сыныптағы құрбыларымен қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық өрісін кеңейтеді. Дегенмен, алғашқы уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе алмағандықтан, мынадай қиындықтар туындауы мүмкін:
бала мектептің, сыныптағы тәртіп ережелеріне бейімделе алмайды / белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан / қиналады;
Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, мұғалімнен түсінбеген нәрсесін сұрауға ұялады;
Мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға дайындық жеткілікті дәрежеде болмаса, мектептегі оқу материалдарын бала дұрыс меңгере алмайды;
Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызы;
Мектептегі оқытылатын материалдардың тым жеңіл келуі. Тапсырмалардың тым жеңіл келуі қиындықтармен күресуді тежейді, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра білу керек.
Мұндай қиындықтарды ескеріп, назардан тыс қалдырмау керек.
Бастауыш сынып оқушысының анатомо-физиологиялық дамуы.
Мектепке келерде бала дене жағынан алға қарай едәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері едәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. 7-8 жастың арасында бала 2,5 кг. қосады. Бойы жылына 5 см. қосып отырады. Бұл кезде әсіресе, жүрегі мен тыныс алу органдары қалыптасып қалады.