23. Бастауыш сынып жасындағы қабітті дамыту Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымның жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты. Әдетте бұл туғаннан бастап алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының жетілдіріліуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциациясы және дамуы осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғы шарт ретінде көрінетіндердің белгілі дейгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Осы сәтте арнайы қабілеттің қалыптасуы және дамуы бастау алады. Арнайы қабілетті дамыту сосын мектеп, әсіресе, бастауыш және орта сыныпта жалғасады. Арнайы қабілеттің дамуына бастабында әр түрлі балалардың ойыны көмектеседі, сосын барып оқу мен тәрбие әрекеті мәнді әсер ете бастайды.
Біздің көріп білгеніміздей, балалардың ойыны ерекше қызмет атқарады. Қабілеттің дамуына бастапқы түйткіл болатын ол ойын. Ойын барысында көптеген қозғалыс,құрылғыштық, ұйымдастырушылық, көркем-суретшілік және басқа шығармашылық қабілеттердің дамуы болады. Сонымен қоса ойынның маңызды ерекшелігі онда бір ғана емес, қатарынан қабілет жиынытығы дамуы болып табылады.
Бала шұғылданатын барлық әрекеттің түрлері ойын, жапсыру және сызу болсын, қабілетті дамыту үшін бірдей мәнге ие екенін атап өту қажет. Қабілеттің жақсырақ дамытатын балаларды ойландыратын шығармашылық әрекет. Мұндай әрекет әрқашан өзіне жаңа мүмкіндіктер ашқанда, өзі үшін жаңа білім ашқанда, кез келген жаңаны құрумен байланысты. Бұл пайда болған қиыншылықтарды жеңуге бағытталған қажетті күштерге қосымша, онымен шұғылдануға күшті және мәнді ынта болып табылады. Оынмен қоса, шығармашылық әрекет өзіне қол жеткізген жетістіктерінен қанағаттылықты сезінуге және өзіне сенімділікті туғызып, талаптылық деңгейін көтеріп, өзін-өзі бағалауын бекіндіреді.
24. Бастауыш сынып жасындағы қарым-қатынасты дамыту Қазіргі уақытта тұлғааралық қарым-қатынас адам тұрмысының қажетті жағдай болып келеді, яғни ол адамдағы кейбір психикалық функция немесе психикалық процесс, психикалық қасиеттердің бөлігі, тұлғаның маңызды құрылымы. Қарым-қатынас – бұл адамдардың өзара әрекеттесуі және өзара түсінушілік болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас мәселесі баланың әлеуметтік ортаға кіру процесін реттейтін негізгі мәселелелердің бірі болып табылады.Қарым-қатынас процесінде адамдар арасындағы қоғамдық байланыстар жүзеге асады. Қазіргі қоғамда қарым-қатынастың әлеуметтік функциясын теориялық жағынан екі категорияға бөлуге болады: әлеуметтік – тұтас қоғам немесе олардың бөлек топтарының қажеттіліктерін әсерлесу процесінде қанағаттандыруға негізделген; әлеуметтік-психологиялық – қоғам мүшелері бөлек тұлғалардың қажеттіліктерімен байланысты.Қарым - қатынастың жоқтығы баланың дамуына үлкен әсер етеді. Ол оның танымдық іс - әрекеті, тілі, қалыпты көрсеткіштен қалып қояды. Қоршаған адамдармен қарым - қатынасында қиындық туады. Егер бала селқос болып өссе, ересектер оған үйрену обьектісі бола алмайды. Жеке қарым - қатынасқа ғана, балада пайда болатын басқаға керек екенін түйсіну, қауіпсіздік сезімнің тууы, өмірлік тонустың жоғарлауы өз - өзіне сенімділігінің қажетті шарты болады.Қарым - қатынас мазмұны қабылданушы оқиға шегінен шығып жететін, қарым - қатынас оқиғадан тыс деп аталынады. Ол тек қана тілдік формада жүзеге асуы мүмкін. Мысалы, жай ғана ойыншықтармен ойнау жеткіліксіз. Мектептегі төменгі сынып оқушыларының, көрмегені туралы әңгімелер, оның әлем туралы көзқарасын кеңейту қажет.