1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы



бет17/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³

28. Балалардың мектепте оқуға психологиялық дайындығы
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау.Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең.Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.


29. Бастауыш сынып оқушысының дамуының әлеуметтік жағдайы
Қазіргі уақытта тұлғааралық қарым-қатынас адам тұрмысының қажетті жағдай болып келеді, яғни ол адамдағы кейбір психикалық функция немесе психикалық процесс, психикалық қасиеттердің бөлігі, тұлғаның маңызды құрылымы. Қарым-қатынас – бұл адамдардың өзара әрекеттесуі және өзара түсінушілік болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас мәселесі баланың әлеуметтік ортаға кіру процесін реттейтін негізгі мәселелелердің бірі болып табылады.
Адамның бала кезінен бастап жаңа әлеуметтік жағдай баланың өмір жағдайын қиындатады және ол үшін стрессогенді болып табылады.
Баланың мектеп өміріне ауысуында оның өміріне мынадай өзгерістерге ұшырайды:
1. Өмірдің қаталырақ тәртібі: ерте тұру, қоңырау соғылғанда жұмысты бастау, сабақта тыныш отыру, жан-жақа қарамау және т.б.
2. Қарым-қатынастың арнайы стилі: мұғалім ережелердің орындалуын қатаң талап ететін, оқушының әрбір әрекетін қадғалайтын адам ретінде болады.
3. Мектепте жұмыс әдісіне, берілген әдісті саналы түрде орныдауына үлкен көңіл бөледі. Бала бұрыннан бастап отырып, тұруды үйренсе де мектепте партаға қалай дұрыс отыру, орнынан тұру, қолына қаламсап ұстау керектігін үйретеді.
Төменгі сыныпта балалар үшін әлеуметтік қарым-қатынастың екі аймағы болады, олар: «бала-үлкендер», «бала-балалар». Бұл жағдайлар ойын және оқу іс-әрекетімен байланысты. Ойын нәтижелері баланың ата-анасымен арасындағы қарым-қатынасын бұзбайды, балалардың ұжымның арасында болатын қарым-қатынас оларды жан-жақты тану көмегін тигізеді. Бұл қарым-қатынастар бір-бірімен паралелді жүреді және олар иерархиялық байланыстармен орнатылмаған. Баланың жан-жақты дамуы отбасы ішіндегі үйлесімділікке тәуелді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет