Алтыншыдан, сыныптан тыстәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
13.Морфологияны оқыту әдістемесі Морфология – грамматиканың үлкен саласы, сондықтан ол қамтитын мәселелердің барлығы тіл дамытуға қатысты. Өйткені морфологияның нысандары – олардың тілде қолданылу заңдылықтарының қорытындысы. Тіл дамыту сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтап, тіліміздің морфологиялық заңдылықтары бойынша сөйлеуді қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тіл дамыту жұмысы грамматикалық заңдылықтармен байланысты жүргізілуі тиіс. Морфологияны оқытуда студенттер тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды студент тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделді. Студенттер тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп, сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды. Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету құрлысының негізін қалайды.