1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Табиғи материалдармен жұмыс жасау технологиясы



бет48/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³

28.Табиғи материалдармен жұмыс жасау технологиясы Табиғи материалдармен жұмыс жасау – балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Ол үшін мұғалім табиғи материалдарды алдын-ала жинақтап, сұрыптап, кептіріп, баланың іс-әрекетіне пайдалануға дайындап қояды. Табиғи материалдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етеді. Жұмыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде табиғи материалдарды таңдау, талдау жасау (бұтақтар, кепкен жапырақтар, шырша бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық бөліктерін алып тастап, белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады. Екінші кезеңде табиғи материалдарды қолданып, негізгі алға қойған міндеттерді шешуде заттың жеке бөліктерін, негізгі бөліктеріне біріктіру, бейнені нақты бере білуге талпынады. Табиғи материалдардың сапасына, беріктігіне назар аударады.Үшінші кезеңде баланың жұмыс істеп отырған тақырыбына сәйкес мазмұн бере әсерлеп безендіру, ой-қиялын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, еңбек нәтижесінің сапалы болуына көңіл бөлінеді.Табиғи материалдармен жұмыс істеуде, сабақ кезінде және арнайы мақсатты серуендер мен топсеруендерге (экскурсия) апарғанда, жұмыс істеуге қолданылатын материалдардың сапасын анықтап (қатты, жұмсақ, тегіс немесе тікенекті, мамық-үлпілдек, т.б.) өзі дайындайтын затқа лайықтап таңдап алады.
Табиғи материалдармен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер:
болашақта өзі дайындайтын затқа сәйкес табиғи материалды таңдап алу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;

  • негізгі әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (артық бөлшектерден тазалау, құрастыру, кеңістікте орналастыру, бір-біріне біріктіру, беріктігін сақтай білу, т.б.);

  • заттың бейнесін тұтас бере білу дағдысын қалыптастыру;

  • баланың өз ойынан мазмұн бере бейнені әсерлей білуі, табиғи материалдардың өзіндік ерекшелігін сезініп, дұрыс қолдана білуге жаттығуы.



29.Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлері және оларды ою жолдары. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет