1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Кіші оқушы тұлғасының дамуы



бет7/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³

11.Кіші оқушы тұлғасының дамуы
Кіші жасқа орайласқанда бала, негiзiнен, жүйелi мектептiк оқуға дайын. Мектеп босағасынан аттайын деп тұрған кешегi сәби ендi тұлғалық танымға жетiстi, себебi ол бұл кезеңде өз қылық-әрекетiне баға бере алады, өзiн басқалармен салысты-ра бiледi. Мектепке дейiнгi шақтың соңына онда бiрнеше жаңа психикалық қасиеттер қалыптасады: 
– қоғамдық татымды iс-әрекетке ұмтылу;
– өз қылық-әрекетiне басшылық жасау;
– қарапайым қорытынды шығара бiлу;
– жетiлген сөз бен тiлдi орынды қолдану;
Бала 6,7 жасқа келгенде, оның алдында ең алғашқы үлкен өзгерiс туындайды. Мектеп жасы кезеңiне өту баланың iсәрекетiне, басқа адамдармен қатынасына, тiлдесу әрекеттерiне түбегейлi жаңалықтар әкеледi. Ендi баланың басты қызметi – оқу, осыдан өмiр барысы өзгередi, жаңа мiндеттер пайда болады, баланың басқалармен қатынастары да жаңаланады. Қазіргі кезеңдегi бiрiншi сынып оқушыларының ерекшелiгi – мұғалiммен қатынасындағы шектен тыс “демократизм”, қылықтарының ырықсыздығы, өз әрекеттерiн мектеп талаптарымен сәйкестендiре алмауы. Мұндай ебедейсiздiктер ендi оқуға келген балалардың бәрiне тән, бiрақ, мұғалiмдердің байқағанындай, тiптi бiрiншi сыныптың ақырына бүгiнгi оқушыларда талаптарға деген қандай да қарсылықтар бой тiктеуде. “Қажет”, “болмайды”, “ақырына дейiн бiтiр” – деген талаптар, ересектердің тиянақты зорлауынан соң ғана қабылданып жатады. Мұның өзi балалармен қатынас кейпiн өзгерту, олар менен жұмсақтау, адамилық (гуманды) байланыстарға келу қажеттiгiн туындатып тұрған жоқ па? Бүгiнгi бiрiншi сынып оқушысы, мұғалiмдер айғақтағандай, бұдан он жыл бұрынғы өз қатарларынан көптеген мiнез бiтiстерiмен ажыралады. Қоғамның әлеуметтiк қарама қарсылықтары асқынған, балалыққа сыймайтын теледидар жойқыны жаулаған, имандылық пен инабаттықтың кемiген, бұғаусыз еркiндiк шарпыған кезең жағдайларында өскен бала бұл үдерiстер астарында жатқан жақсы мен жамандықтың бәрiн талғаусыз өз бойына сіңiредi. Шектен тыс түсiнiксiз және қажетi жоқ ақпараттармен бойын да, ойын да толтырған бала, әлбетте, жете дамыған, осыдан өз сезiмдерiн бiлдiруде үлкен еркiндiкке құштар келедi. Адамдар арасында елеулi жiк пайда болды. Ал балалар мұны көрiп те, түсiнiп те жүр. Мектеп ендi олардың ұлғая түскен талаптарын қанағаттандыруда елеулi қиыншылықтарға тап болуда. Тәрбие осы өзгерiстер iзiмен үлгерiп, өз мiндеттерiн қайта қарастыруы қажет. Кiшi мектеп жасындағы балалар биологиялық тұрғыдан екiншi даму кезеңiне өтедi: бой өсуi бәсеңдейдi, салмағы қосыла бастайды, денесi сүйектенедi, бiрақ үдеріс мұнымен 
аяқталмайды. Бұлшық еттер жүйесi қарқынды дамуда болады. Осыдан, майда, нәзiк қимылдарды орындау қабiлеттерi пайда болып, бала тез жазу дағдыларына жетiседi. Бала ағзасының барлық ұлпалары (ткани) даму жағдайында болады. Кiшi мектеп жасында жүйке жүйесi жетiлiп барады, бас миi үлкен жарымшарларының қызметтерi қарқынды дамып, даралана бастайды, ми қабығының талдау және бiрiктiру қызметтерi күшейе түседi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет