16. Бастауыш сынып жасындағы баланың зейінін дамыту Зейін- адам санасының қандай да бір өзіне қажетті немесе қызықтырған затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп обьектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл обьектіге қатысы жоқтың бәріне назар аудармауды айтады.Білім беру үрдісінде зейіннің алатын орны ерекше. Оқыту мен оқуда, жетістікке жету, зерттелетін обьектіге зейін қоюдан басталады.
Адамның кез келген мақсатты іс-әрекеті зейін арқылы жүзеге асады. Зейіннің келесі түрлері бар: ырықсыз(еріксіз), ырықты(ерікті) және үйреншікті зейін. Еріксіз зейін адамның мақсатынсыз-ақ сана заттар мен құбылыстарға бағытталады. Ерікті зейін мақсатты іс-әрекеттерді орындаумен байланысты. Ал үйреншікті зейін адамның іс-әрекетінің өмір тәжірибесінде қалыптасып отыратын түрі.
Адамның зейіні бір обьектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті обьектіге жинақтай алатын болады.
Бастауыш сынып оқушыларының зейін ерекшеліктерін ескере отырып, оны тәрбиелеудің кейбір жолдарын көрсетуге болады. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін сабақтың жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Зейінді дамытудың жолы – жаттығу және берілген тапсырманы орындату. К. Д. Ушинский: «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек» деген. Бүкіл сыныпқа, не жеке оқушыға берілетін тапсырмалар дәл, анық, қысқа болып келсе. Зейінді дамытуда сыртқы жағдайдың маңызын ескеру дұрыс.
17.Бастауыш сынып жасындағы баланың есте сақтау қабілетін дамыту Психологиялық оқулықтарда "ес дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуынбейнелейтін процесс». Адамның есте сақтау қабілеті тылсым дүние, ол үрдістің қалай іске асатыны толық белгілі емес. Бірақ ми кейде бізге керекті ақпараттарды ұмытып қалып жатады. Немесе адамда есімдерді, жерлерді жаттау қабілеті жақсы дамыған болуы мүмкін. Есесіне сандарды есте сақтауда қиналады. Бірақ бұл қабілеттерді дамытуға болады. Ми да адамның бұлшықеттері секілді, оны жаттықтырмаса, әлсіз болады. Күнделікті жаттығу арқасында мидың жаттау қабілетін дамытуға болады 1-минут ішінде оқылған 20-сӛзді есте сақтау керек 1-4 сынып оқушыларының есте сақтау қабілеті 1 сынып оқушылары 20-сӛздің 1-10 ға дейінгі сӛзді есте сақтайды 2-3 сынып оқушылары 12-14 сӛзді есте сақтайды 4 сынып оқушылары 15-18 сӛзді есте сақтайдыЕсте сақтаудың тиімді түрлері: Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын материалдармен жұмыс істегенде, үлкенінен бастаған дұрыс. Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек. Бәріненде тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды ойланып, аздап оқу тиімді. Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға жіберген уақыт тиімдірек. Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастағаның дұрыс. Ұйықтағанда адам есте сақтамаса да, ұмытпайды