1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Психикалық дамудың факторлары



бет5/49
Дата02.06.2023
өлшемі141,75 Kb.
#97905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
1. Áàñòàóûø ñûíûï î óøûñûíû ïñèõîëîãèÿñû ï í³ ìåí ì³íäåòòåð³

6. Психикалық дамудың факторлары
Ааму факторлары — баланың психикалық және қылықтық дамуын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарастырады. Даму шарты — адамның дамуына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қоршаған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық және рухтық, мәдени заттар мен құбылыстар және т.с.с.). Дамудың эволюциялық теориясы — баланың психикалық және қылықтық дамуындағы үрдістердің барлығы генотиппен анықталады және ұрықта болмаған нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс бермейді деп түсіндіретін теория. Сензитивтік кезең — адамдағы психологиялық қасиеттер мен қылық түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай тудыратын адам өмірінің кезеңі.[Әр адамның психикалық дамуы бірқатар факторларға әсер етеді, олардың бастысы: жеке тұлғаны дамыту, генетикалық бейімділік, айналадағы шындық, білім беру және оқыту.
Ақыл-ой дамуының факторлары мен құрылымы
1.Даму қызметі - адамның өзара қарым-қатынасы, оның тұқым қуалайтын шындық, қоғам. Соңғы екеуінде бұл даму орын алады. Осылайша, баланың қызметі ересектердің өтініші бойынша мінез-құлқына және тәуелсіз іс-әрекеттеріне байланысты өз іс-әрекеттерінде көрініс табады.
2.Генетикалық бейімділік адамның ақыл-ой дамуының биологиялық факторы болып табылады. Соңғысы тұқымдыққа бөлінеді (ұрпақтан кейінгі ұрпақ организмі жеке дамудың ұқсас ерекшеліктерін, жеке бейімділігін қайталайды), туа біткен (туғаннан адамға тән психологиялық даму ерекшелігі).


7. Л.С.Выготскийдің “Дамудың жақын арадағы зонасы” теориясының мәні мен маңызы.


8.«Кіші мектеп жасындағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері» басқа ғылымдармен байланысы.
Бастауыш мектеп – өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өрендеуіне,ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өзгерту міндеттері қойылды. Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшықеттері мен шеміршектері, сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы, барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Мидың маңдай бөліктерінің жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйкесінің қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп шағында жүзеге асады. Бұл кезде балада қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту қабілеті дамып, түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығы артып, қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір дамытады, есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет