1. Бастауыш сынып оқушысының психологиясы пәні мен міндеттері


Музыкалық білім мен тәрбие әдістерін таңдауда шығармашылық көзқарас қандай?



бет40/49
Дата15.04.2023
өлшемі104,04 Kb.
#83203
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
2 емтихан

14.Музыкалық білім мен тәрбие әдістерін таңдауда шығармашылық көзқарас қандай?
Музыкалық тәрбие – мектепке дейінгі жастағы балаларға эстетикалық, талғамдық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып саналады.Басты мақсат – біртіндеп түрлі музыкалық іс – шараларды (есту, қабылдау, орындау,шығармашылық, музыкалық біліктілік, сауаттылық) меңгерту арқылы баланың бойындағы өзіндік бағыттаушы, реттеуші болып табылатын эмоциялық сезімін ояту. Музыкалық эмоцияны дамыту барысында баланың музыка өнеріне деген қызығушылығы, ұнатушылығы, мәнері, музыкалық мәдениеті, эстетикалық сезім негізі қаланады.Баланың жан – жақты тұлға болып өсуінің басты мақсаты музыка тәрбиесіне байланысты.Оның бастапқы кірпіштері бала кезінен қаланады.Осыған орай балалар бақшасындағы музыка іс- әрекетіне көп көңіл бөлінеді.Ол таңертеңгілік жаттығудан бастап, музыка әрекетінде, жеке музыкалық жаттығуларда, мерекелер мен ойын – сауықтарда ойналады. Н.К.Крупская: «Балаға музыка арқылы өзінің ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуіне айқынырақ ойлап, тереңірек сезінуіне көмектесу қажет…» – деп өнердің жеке адамды тәрбиелеудегі маңызын айтқан екен.Мектепке дейінгі балалық шақ- бөбекті әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен араластыратын кезең. Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі- музыка. Баланы жан – жақты, әрі үйлесімді дамыту музыканың атқаратын міндеті.Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның патриоттық, адамгершілік сезімдерін қалыптастырады.Оның ықпалы үгіттеуден де, нұсқаулардан да анағұрлым күшті болады. Отан, Қазақстан, батырлық туралы айтқан балалардың әндерінен өз елдеріне деген сүйіспеншіліктерін көруге болады. Сондай-ақ Қазақстан азаматы болғандықтан, әрбір бүлдіршін еліміздің рәміздерін, әсіресе, мемлекетіміздің Әнұранын есіне сақтап, жаттап алуын қамтамасыз еткен дұрыс. Әнұранның мазмұнын балаларға егжей- тегжейлі түсіндіріп, мереке күндері топ болып айтқызу керек. Түрлі халықтардың жеке және хормен айтылатын әндері мен билері достыққа тәрбиелейді.Ән айту бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді, әнді дәл айтпайтын бала жақсы айтатын балаға қарап үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет