6. Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалым-әдіскерлердің еңбектері (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Аймағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.).
Тәліп Мұсақұлов(12.07.1909 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылы – 02.10.1987 жылы Алматы) — қазақ совет ғалымы, биология ғылымдарының кандидаты (1958). 1932 жылы ҚазПИ-ді бітірген.
Қазақ тіліндегі «Ботаника» оқулығын алғаш жазған. 70-тен астам ғылыми еңбегі жарияланған. Оның ғылыми еңбектері биологиялық атауларды бір жүйеге келтіріп, оларды қазақ тілінде пайдаланудың әдістерін жетілдіруге арналған.
Еңбектері:
Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі (1960)
Биология терминдерінің қазақша-орысша сөздігі (1962)
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы (1963)
Қазақстан өсімдіктері мен жануарлары, Алматы, 1963-66 (телавтор)
Болат Мәжитұлы Мұқанов (1947 жылы туған) – ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2003), Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (2006).
Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1972).
Щучинск қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтында аспирант (1974 – 77), кіші, аға ғылыми қызметкер, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, директоры
Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры (2002) қызметтерін атқарған.
Қазақстанның агроорман мелиорациясы саласындағы жетекші ғалымдарының бірі.
Аймағамбетова Қазына (3.5.1936 ж.т., Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз а.) – педогогика ғылыми докторы (1998). ҚазПИ-дің (1957, қазіргі ҚазҰПУ) геогр. факультетін бітірген. «Балдырған» журналы редакциясында (1958–61), педогогика ғылыми-зерт. институтында аға ғылыми қызметкер (1961–70), бөлім меңгерушісі (1970–80) болды. 1980 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педогогика университеті) декан қызметтінде. «Пәндік оқытудың теориясы мен әдісі» тақырыбында докторы дисселосы қорғады. А. 100-ден астам ғылыми еңбек пен оқу құралдарының («Табиғаттану» (1968, 1976), «Айналамен таныстыру» (1968), «Познание мира в 1 классе», «Изучение природоведения в малокомплектных школах» (1980), «Познание мира в 4 классе» (2000) және т.б.) авторы.
Күлиман Жүнісова - 1924 жылы 20 қазанда Семей өңіріндегі Абай ауданы, Қайнар селосында туған. Орта мектепті бітірген соң, сол ауданда қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшы болып қызмет атқарды. Абыралы ауданы қаржы мекемесінде, аудандық комитет хатшысы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі, аудандық газет редакциясының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 1960 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітіріп, облыстық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. "Еңбектегі ерлігі үшін" медалімен марапатталған.
Шұғыла. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1996;
Жасыл жапырақтар. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1969;
Кәмшат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1971;
Құстар әні. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1975;
От пен гүл. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1979;
Қимаймын сені. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1984.
Әлім Бірмағанбетұлы әке жолын жалғастыра отырып, ұстаздықты, әрі қиын, әрі күрделі ғылым жолымен бірге алып жүруді көздеді.
Ғалым-ұстаз Қостанай қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының география факультетіне оқуға түсті. 1951 жылы институтты үздік дипломмен аяқтап, физикалық география кафедрасының жанындағы аспирантураға қалды. 1955 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университеті география факультетінің ғылыми кеңесінде диссертация қорғады.
1960 жылдары қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтына келіп 2014 жылға дейін еңбек етті.
Терең білімі және адами құндылық-
тарының сарқылмас кені ол кісіні басшылықтың төріне бастады. Сол кездегі институттың жетекші бөлімдерін басқарды:
1968-1979 және 1989-1997 жылдары география кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
1971-1979 жылдар уақыт аралығында Жаратылыстану-география факультетінің деканы;
Оның Ә.Көргулинмен бірлестікте жазған 3 сыныпқа арналған «Табиғаттану» оқулығы 1970-1980 жылдары 10 рет басылып шықты. 1993-1996 жылдары 4 және 5 сыныптарға арналған «Табиғаттану» оқулықтары жарық көрді. Ә.Бірмағанбетов Елбасы Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстан мектептерін жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз ету жұмысына атсалысып, 3-4 сыныптардың «Дүниетану» (1997-2004), 5-6 сыныптардың «Физикалық география» (2000-2006) төл оқулықтарын жазуға қатынасты. Еліміздің мектептерін
12 жылдық оқуға көшіру дайындығы бағдарламасына сәйкес авторлық бірлестікте 6 сынып географиясының байқау оқулығын жазды (2008, 2009).
Достарыңызбен бөлісу: |