9. «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерін оқытудағы дидактикалық принциптер мен оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік.
Жаратылыстану бағытында жүргізілетін «Дүниетану» пәнінде белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытуға болады. Себебі, Дүниетану интеграциялық пән ретінде, биология, география, химия, экология сияқты пәндердің негізін үйретеді. Бастауыш сынып оқушысы ғылыми ұғымдармен таныса отырып, қоршаған ортаға деген өзіңдік көзқарасын қалыптастырады. «Кластер», «Ми шабуылы» сияқты белсенді әдістерді сабақ үрдісінде қолдануға болады. Ол, оқушылардың логикалық ойлау дағдысын дамытады. Адам әрекетінің табиғатқа әсері қандай? Жерде тіршілікті, адамды қалай сақтап қалуға болады?- деген сұрақтарды қою арқылы, оқушылардың креативті ойлау дағдысын, тез шешім қабылдау ептіліктерін дамытуға болады. Миға шабуыл әдісі білім алушыларды дерек көздерімен өз бетінше жұмыс жасауға бағыттайды. Оқушы бір мәселенің бірнеше шешімін іздеу арқылы шығармашылықпен ойлауды үйренеді. Табиғатта болатын өзгерістер, табиғат құбылыстары (көктем, жаз, күз және қысқы мезгілдердегі маусымдық өзгерістер, туған жердің табиғаты, табиғатты қорғау т.б.) мәселелерді зерттеу үшін жоба әдісінің маңызы зор. Жобаны жазу барысында оқушылар тақырыпқа байланысты фактілер мен аргументтер іздестіреді. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыдан ақпаратты жүйелеу және талдау, фактілерді, құбылыстарды жалпылау, қорытынды жасау қабілеті талап етіледі. Дүниетану сабағында адам, табиғат, қоғам арасындағы интеграциялық байланысты және табиғи үйлесімділікті оқушылар көреді. Қоршаған ортада болатын әртүрлі құбылыстарды сезіну арқылы олардың таным мүмкіндіктері артады. Дүниетану пәнінде оқушылардың алғашқы зерттеу әрекеттері қалыптасады. Осындай жұмыс түрлері оқушының зерттеушілік мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі. Сабақ үрдісінде әртүрлі әдістерді қолдану дидактикалық принциптерді дамытуға және әдістемелік тәжірибені жетілдіруге көмектеседі.