1. Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану», «Дүниетану» пәнінің жаңа мазмұндық ерекшеліктері және материалды іріктеуге қойылатын талаптар


Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен сыныптан тыс білім беру



бет9/10
Дата13.06.2023
өлшемі39,56 Kb.
#100794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
10. Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» және «Дүниетану» пәндерінен сыныптан тыс білім беру.


Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыс түрлері оқушыларға табиғаттың құпия сырларына қаныға түсуге айқара жол ашады, құштарлығы оянады, өз беттерімен жұмыс жасауға белсенділігі артады, білімдері тереңдейді. Сыныптан тыс жұмыстар барысында бала бойында жауапкершілік, тәрбиенің басқа да түрлі қырларының қалыптасуы жүзеге асады. Мұғалімге үлкен көмекші болып табылады. Соңынан түрлі іс - шаралардың ұйымдастырылуына мұрындық болып, жетекші болып шығады.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерінен сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу түрінің айырмашылығы оқу бағдарламасына сәйкес оқушының орындауы міндетті, ал кластан тыс жұмыс түрлері оқушылардың өз еркімен, қызығушылықпен белсенділік таныта айналысып, ұйымдастырылатын оқудың қосымша түрі болып келеді.
Сыныптан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, тәжірибе алаңындағы жұмыстар, түрлі тақырыптық үйірмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, ондағы материалдарды өңдеу, көрнекіліктер даярлау т.с.с. жұмыс түрлері жатады.
Бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктеріне орай кластан тыс жұмыстардың да түрі сол жасқа лайықты таңдалынады. Ең алдымен 1 - 2 кластарда кластан тыс жұмыстардың мазмұны сол уақытқа дейін меңгерген білімдеріне сәйкес өзгеріп, күрделеніп отырылады. Бұл топпен орындалады, атап айтсақ; тірі табиғат бұрышындағы жұмыстар, бөлме өсімдіктерін күту, өсімдікті басқа ыдысқа көшіру, түрлі коллекциялар даярлау, топтық іс-шаралар өткізу мысалы, ағаш егу, «Құстар күні» мерекесін өткізу, түрлі викториналық сұрақтар даярлау, өсімдіктер мен жануарларға, құстарға көмек, ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жұмыстары, қоғамдық-пайдалы еңбектерді жүргізу, көгалдандыру т.с.с.
Экскурсия – ерекше сабақ түрі, мектептен тыс орындарда өтіледі, арнайы әдістемені талап етеді. Экскурсия класс сабағының бір бөлігі, сондай-ақ кластан тыс сабақ түріне де жатады.
Экскурсия (топсеруен) идеялық тәрбие жұмысының біршама дербес түрі, ол адамның рухани байлықты игеруіне себін тигізеді және көзделген мақсатқа жету үшін қолданған көмекші иллюстрациялық құрал ролін атқарады. Экскурсия оқушылардың пәннен алған білімдерін толықтырып меңгертуге мүмкіндік береді. Әр экскурсия тақырыбына орай белгілі бір танымдық мақсатпен жүргізілуі керек. Экскурсия сабақтарында оқушы табиғатта өзін ұстау іскерлігі мен дағдысын тәжірибеде меңгереді, қоршаған орта жағдайына баға беруге, табиғат сұлулығын сақтауға және одан әрі көркейтуге өз үлесін қосуға үйретеді.
Экскурсия баланың зерттейтін обьектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына мүмкіндік береді. Экскурсиялар тікелей табиғат орталарына, мұражайларға, ботаникалық баққа, жануарлар бағына, завод, фабрикаға, әртүрлі цехтарға, көл және өзен жағалауына, тарихи орындарға т.б. жерлерде жүргізіледі.
Экскурсия ұйымдасқан түрде табысты өту үшін мұғалім оқушыларды оның жоспарымен алдын-ала таныстырып, мақсаты мен міндетін белгілейді. Оқушылардың қандай мағлұматтар жинап нені жинап, нені жазып алу керек екендігін түсіндіреді. Нәтижесіндегі заттар, мағлұматтар, материалдар сабақта қорытындыланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет