1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар



жүктеу 7.86 Kb.

бет6/17
Дата22.12.2016
өлшемі7.86 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Басыбайлы мен бай ійті.
– Қош, ал енді Ійлиеб зауыты түбіндегі Панкыратұб деген байды есті-
генің бар ма? – деді теріс қарап тұрып жəмшік. Бұл Лене(қыздың аты)нің 
білетүн аты болып шықты...
–  Малды  жанындай  жақсы  көретүн  еді, – деп  жəмшікке  Лене  жауап 
берді. 
– Е, е, таң-тамаша қаламын. Қайуан тұқымын жанындай жақсы көрсе-
де, адам баласына тым қатал еді. 
–  Оған  адамның  қылған  жамандығы  көп  болды, – деді  жобаусырап 
Лене. 
– Адам дейсің бе? Жоқ. Адамның оған қылған түк нəрсесі жоқ. Қатыны 
қашқаны ырас. Қара шарыуаның қызын алды. Ол əйелі əпесер мен қашып 
кетті. Сонан соң қатаң тартты. «Мен оны нəжістен сүйреп алып шықтым... 
Ол үйтіп кетсе, мен барлық тұқымыңның əкесін танытармын, енді маған 
мұжық ійт терісіненде сүйкімсіз» деді бай. 
Мұжықты ійттен жаман қылғаныда ырас. Алтын сарай сықылданып ійт-
ке үй салғызды. Жақсы көрген қаншығы он күшік тапса, басыбайлы қара 
шарыуаның  қатындарына  таратып  береді.  Жас  баласы,  емшекте  сүті  бар 
қатынға байдың ійт сейістері күшік алып келеді. Емізіп асырауға алып ке-
леді-ау!... 
– Қойшы! – деді бүйі шаққандай ыршып түсіп Лене.
– Өтірік айтсам, Құдай тапсын, – деп жəмшік бой күйез жауап бердіде, 
əңгімесін əрі соза берді: – Мынаны қара, сол адам жауыздығынан Құдай 
барлық орыс қалқына бостандық жіберген...
«Сол байдың Алексей деген басыбайлы адамы болған. Алексей байға 
аброк төлеп тұратұн (басыбайлылар байларына екі түрлі міндет атқарған: 
1) «барышышыйна» – бұл  жұмасына  пəлен  күн  босқа  байдың  жұмысын 
қылыу; 2) аброк – өз бетінше кесіп қылып байға жылына тійсті салық төлеп 
тұрыу). Алексейдей əрі ақылды əрі сұлыу, əрі жолды мұжық көрмедім. Бай 
қол  астында  онан  артық  жігіт  болған  жоқ.  Алексейдің  ұуылжыған  жаб-
жас қатыны болды. Байы əдемі, сұлыу; қатыны онанда артық. Ондай екі 
адам ерлі зайыпты болып қосылмас. Ауқаттарыда жаман емес еді: екеуі-
де ауқатты жақсы үйдің балалары еді. Сол Алексейдің сəл кісі қорлығына 
шыдай алмайтұн тек бір мінезі бар еді. Келіншегі босанайын деп тұрғанда, 
Алексейге  кіреге  шығыуға  тұура  келмесінбе.  Шараң  болса  қылшы.  Енді 
Алексей  кіремен  кете  берсін.  Кіре  түнгі  салқын  мен  соғып  келеді.  Арба
сықырлап бақырып келеді. Кірешінің əр жерден құралатұнын білесін. Арба 
жанында келе жатып жоқ сөзді əңгіме қылысады. Осы біз сықылды, оларда 
əңгімелеседі. Қай жерде қандай қалық тұрады. Қай жерде не бар, – мұндай 
нəрселердің басын шатып сөз бен ұйқы ашар қылысады. 
Алексей, түнерген бұлттай қабағын жабадыда, үндемейді. Басқалары: 
«Жолдас болып келе жатырсың. Жолдас бен неге сөйлеспейсің. Əлде бізді 
менсінбейсің бе?» деп Алексейден жолдастары сұрасады. 

Бес томдық шығармалар жинағы
52
– «Жоқ, қосағасылар, мен сендерді менсінбегенім емес, басқа бір жайым 
бар. Келіншегім екі қабат қалып еді. Байымыз қатаң адам еді. Адамдарын 
ұрып соғып, бүйідай шағыушы еді. Бұл да еш нəрсе емес. Тағы бір жаман 
мінез тауып алды – күшікті əйелге теліп асырайтұн шықты». Жолаушылар 
далада келе жатқанда еркін болатұнын білесің. Кез келген нəрсені тексеріп 
келе жатады. Үйінде басыбайлы болып жүрген адамда далаға шыққанда 
қазақ сықылды еркін келетүні белгілі. Жолда бұларға қызметтен қайтқан 
салдаттарда ұшырайды. Солар Алексейге айтады: «Сенің ауылыңдағылар 
кіл  ақылсыздар  шығар.  Өмірде  қайуан  баласын  адамға  телісін  деген  заң 
болмаған.  Мұны  Құдайда  қоспайды.  Бай  заңы  Құдай  заңынан  күшті  бо-
лып-па?» деп. 
Бұл сөздер Алексейдің көкейіне қонады. Ондай заң жоқ деген ой Алек-
сей  жатса  түсінен,  тұрса  есінен  кетпейді.  Бір  күні  түнде  Алексей  үйіне 
қайтады. Қарсы шыққан қатыны жоқ. Жанған от жоқ. Үй іші көзге түртсе 
көргісіз қараңғы көр сықылды. Үйге кірсе, баласы бесікте жылап жатыр. 
Бұрышта  күшіктер  арсылдап  жүр.  Бұл  не?»  деп  Алексей  сұрайды. «Бұл 
Құдай  берген  ұлы» – дейді  қатыны. – «Мынау  бұрыштағы  не?» – деп 
Алексей  сұрайды. «Бұрыштағы  күшіктер,  өзіңде  түсінесің  ғой». – «Сен 
өзің түсінесің бе? Мен мұны жақтырмайтынымды білесін бе! Күшіктерді 
мұнда əкел», – дейді кейіп Алексей. Екі күшікті екі қолы мен ұстап алып, 
езіп-езіп қайтадан орнына қойадыда, «Ал, енді Құдайға сыйынып, балаң-
ды  шешіп  ал.  Балаң  жылап  жатқанын  көрмейсінбе?» – дейді  қатынына 
Алексей. 
«Ертеңіне байдың ійт сейістері келіп: «Анна, күшіктер аман ба? Көрсет 
бері», – дейді. «Неден  екенін  білмеймін,  күшіктер  өліп  қалды», – дейді 
Анна. – «Екеуі де ме?». «Екеуі де өлген». – «Иапырмай! Құрсын біздің жұ-
мысымыз емес, байға айтармыз». Дейді ійтшілер. Сол кезде Алексей келіп 
қалыпты. «Сендерге  не  керек?  Неге  келдіңдер?  Заң  қайда?  Бала  бесікте 
жылап  жатсын,  күшік  əйелдің  емшегін  еміп  жатсын  деген  заңды  қайдан 
таптыңдар? Шығыңдар үйімнен!» деп Алексей ійтшілерге ақырды. «Алек-
сей сен көп айқайлама! Біз өзіміз келгеніміз жоқ. Біздің жұмысымыз тек 
байға айтыу» – дейді ійтшілер. Ійтшілер байға барып айтқан. Əрійне, өз 
жандарынан қосыпда айтқаны болар. Сонан соң не болды деп сұра. Бай 
күшіктерді үлкен адам сықылдандырып ақ кебінге оратқан. Көтеріп алып 
келген соң бай күшіктерді сыйпап қарап: «Жауыз нəресте шырақтарымды 
қолдан өлтірген екен» деп бай өкіріп жылайды. Мауқын басып болып, бай 
ійтке ас дайарлайтұн адамдарын шақырып аладыда ійтке қойыу ботқа жа-
саңдар деп бұйырады. Қырық шелектен асыу тамақ сыйатұн тай қазанға 
барлық ійтке ботқаны бірден жасататұн. Ійтке тамақ салып жатқанда, бай 
орындыққа  отырып  алып,  жаныуарларына  рақаттанып  қарап  отырып,  өз
қолы мен тамақ беретүн. Бұл жолы қазан жанына отырып бай кебінге орау-
лы күшіктерді қасына қойғызыпты. «Алексейді шақырыңдар!» дейді бай. 
Алексей  келген.  Бай  тұрып  Алексейге: –«Жазықсыз  өлтірілген  нəресте-
лерді  көресіңбе?»  дейді. – Көремін,  қайуан  түгіл,  адамда  өледі,  бай-еке, 
кайтерсің, – дейді Алексей. «Бұлардың түбіне жеткен жауыз сен бе?» – деп 
бай ақырды. – Мен олардың түбіне жетпедім, бірақ сіз айау дегенді білмей-
сіз. Бала – мұжық баласы болсада, Құдай адам қылып жаратқан. Баланы 
бесікте шырқыратып, шешесінің емшегіне ійт тұмсығын тійгізіп ыластай-

Бес томдық шығармалар жинағы
53
сың. Ійтіңнің бəрі қырылсын. Барлық ійтіңді қырмай отырған ел ақылсыз», 
– дейді байға Алексей. Сөзді естіген соң, қарағым Лене-ау, Панкратұб бай 
орындықтан ұшып түрегеледіде...». Жəмшік бұрыла беріп, шошыған қы-
здың көзіне үңіле бастады. Қыз бір бəле төнгенін сезді. Бірақ қорғаныуға 
əлі келмеді...
–  Бай  орындықтан  ұшып  түрегеледіде,  Алексейді  көкірекке  осылай 
қойып жібереді... Алексей шаншыла жерге күріс ете түседі... Қарағым қа-
рындасым, қанікей қалқам-ай, басы. Тіп-тіке... қазанға сүңгіп кетеді...
– Қойшы, – деп селк ете қалып Лене сұрады. 
– Несін сұрайсың. Бақ-етіуге əлі келмеді. Ійтшілер тұра ұмтылып сұуы-
рып алған. Ақ жем болып пісіп қалыпты... ійт қора азан-қазан шұу. Бай есі-
гіндегі адамдар түйсінген... Бір ійтші Алексейдің інісі екен... Байдың үйіне 
ұмтылған; барып мылтыққа қол салған... Бай есіктегі малайлары арасына 
қарай қашқан. Өзің білесің-ғой. Есік алдындағы майлайларда байға тісін 
қайрап жүрген. Құлдар сонда түйсінген...
Кареленкенің «Бұлтты күн» деген əңгімесінен. 
 
 Сұрау: Осыған қарап бұрын байлар қара шарыуаны қалай ұстағанын 
сүуреттеңдер! Өздерің білетүн əңгімелеріңді айтыңдар!
Кедейдің кейістігі.
Айт!... Боразна!... Бауыздалғыр көк шолақ! 
Əй-й... Мырқымбай... жүгендей, ноқталап...
Өк-к!... Арам қатқыр, көк сыйыр! 
Неге ентігед? Неге жійі тоқталад?
Əй-й, Құдай-ай, көрсеттің-ау көрімді, 
Көрім қылмай, берсең еді өлімді!... 
Бүгүн үйде жататұғын екенмін, 
Мырқымбай мен жіберіп-ақ келінді. 
Жатқан менен жаның тағы төзбейді: 
Келін, бала күн өтерін сезбейді. 
Жаңа келіп Самалықтың баласы: 
Он бес жерден быйдай септік біз дейді. 
Қайт дейді екен, мен себпейін дедім бе?
Үйренбеген екі сыйыр жегінге; 
Өзі қотыр, өзі арық көк шолақ
Мезгілі мен жей алмайды жемін-де. 
Қай бір тұқым... Үйдің саттым кійізін.
Көпсінгендей екі сыйыр мүйізін,
Əй-й ауылнай, қылдың ау сен байсың деп, 
Нан табалмай жүрген мені бір үзім. 
 Жұттан қалған екі сыйыр, жалғыз ат,
Бұзау сойдым соғымыма жалғыз-ақ; 
Маған дым жоқ... Тұқым алды кедей боп
Жиырма шақты қарасы бар Жанұзақ! 
Əй-й, Құдай-ай, ауылнай-ай қорлады-ау! 
Соған тыйу, соған жаза болмады-ау! 

Бес томдық шығармалар жинағы
54
Əйт боразна!... Көкшолақ ійт тартбауын 
Бəрекелде-ай! Сауын сыйыр сорлады-ау...
Желдің тынып, күннің дағы шыжыуын,
Əттегене-ай, өзді көк ійт шұжығын!
Əй, Мырқымбай, жатыр ма екен байланып, 
Бір келіннің көріп болмай қызығын.
Əукім... Əукім... аузы неге көпірді?!
Қап-қара тер, сұуға түскен секілді...
Шыжық болып күйіу мен-ақ өлем-ау,
Бір үй толған бағамын деп жетімді. 
Əукім... Əукім... Шанышқақба, немене?
Көк ійт неге шегінеді, тебеме?
Күн түс болды, жұрт соқасын тоғарды,
Апырмай бұл, Мырқымбай, ійт келеме?
Он пұт быйдай не бар жерге сіңгені,
Шашылатұн тарының тұр бір жері.
Қаламбайда он тайақ жер шаштырнақ, 
Ол сорлының жалғыз мен-ғой білгені...
Ырысты-да жіберіпті баласын,
Байғұс быйыл көрді-ме екен ағасын...
Ауылнайы түйір дақыл берген жоқ
Енді қалай оған тұқым табарсың!...
Ырысбай жүр қайыр тілеп дорбамен, 
Кеше көріп сөйлесіп ем жолда мен,
Тұқымды-да, малды-да өздері алды – дейді
Бай болысы қосылып ап молдамен.
Теңестіред дійтүн еді кедейді,
Кедейді еш кім десүуші еді жемейді,
Жұуандардың азұу тісін сындырып
Осалдарға неге осылсын демейді.
Мынасы кім?... Мынау біздің қатын-ба?
Тұуралайды, маған келе жатырма?
Дəуде болса сүт кереккен шығар ғой
Ыңжың болған жетімдерге, бақырға. 
Ашұулы-ғой, біздің қатын бүрер ақ,
Айналатұн жер қалып ет бірер ақ,
Көрмейсіңбе, сау шұжықты үзгенін,
Бауыздалғыр, уақытында жүрер нақ...
Əукім, Əукім... Шанышқақ-ба, немене?
Көк ійті неге шегінеді, тебеме?
Бір шақырым жерден ұрса келесің,
Ойнақтап-ақ болдың, қатын, төбе ме!...
Əйт!... Боразна!... Бауыздалғыр көк шолақ! 
Кібіртіңдеп шегінүуін... тоқтамақ 
Өкі-кі өкі-кі! Арамқатқыр, көк сыйыр!
Неге ентігед? Енді неге тоқталад?!
Шаңқаң

Бес томдық шығармалар жинағы
55
Ескінің мұрасы.
Ауыл шаруасының артта қалғандығына түрлі себептер бар. Ол себеп-
терді  шығарған  мемлекеттің  ескі  тұрмысы.  Бұрын  патсадағы  күшті  көр-
шілерден қорғаныу үшін көп əскер ұстау керек еді. Көп төрелерді асырау 
керек еді. Құлдың бəрін қара шаруадан алытұн еді. Салық төлеу үшін қара 
шаруа жұмысты көп қылып, аш жүріп, жалғыз сыйырында сататұн еді. 
1861 жылы қара шаруаға сыбаға жер берілетүн болды. Бірақ оны қара 
шаруа сатып алатұн болды. Қара шаруаның салығы арытты. Қара шаруа 
жүдеді, бай жарлының арасы көбірек ашылды. 
Басыбайлы қара шаруаның: 726,900 тіпті жерсіз қалды. 640000 заңда 
көрсетілген сыбағаның ¼ алып шықты. 
2,125,681 жан басына 2 десетійнедей алып шықты. 
8,230,010-«-4-«-
10,058,601-«-4 йа онан артығырақ алып шықты. 
Сүйтіп он мүлійеннен асыу ғана қара шаруа жан басына 4 десетійне, 
йа онан артығырақ алып шыққан жерліректері осылар. Қалғандары жері 
аздығынан  басқа  кесіп  іздеді,  алпауыт  жерін  жалдап  ала  бастады.  Байға 
құл болды. Құулақтың ұуысына түсті. 
Қара шарұуа қолындағы жер алпауыттікінен əрі аз, əрі жаман болды. 
Сондада  сыбаға  жерін  сатып  алыуға  қара  шаруалар 1861 жыл  мен 1905 
жыл арасында өсімі мен қосқанда 1,574,000,000 сом төледі. 1861 жылғы 
юұл жердің базардағы нарқы 897 мүлійон сом еді. Сүйтіп қара шаруа жер-
ге екі еседей артық төлеген болады. 
Бері келе қара шаруаның сыбаға жері (қара шаруаның сыбаға жері деп 
1861 жылғы заң бойынша құлдықтан құтыларда қара шекпенге бөлшектеп 
ақша төлеп сатып алыуға берілген жерді айтады. Бұл заңнан қара шекпен-
нің өз бетінше сатып алған жері йа майын жалдап алған жері, Ыстолыпын 
заңы бойынша қоғамнан ойдырып кестіріп алған жері сыбаға аталмайды 
Т.Ш.) мұнанда азайды. Еділ бойында жанға:
1860 жылы 4,3 десетійне келді. 
1880 – «- 3,1 –«-
1900 – «- 2,4 –«- келді.
Орташа  алғанда  бүтін  Ресейде  қара  шекпеннің  жан  басына 2,6 де-
сетійне келетін еді. Қара шекпен жері сондай тарылып тұрғанда алпауыт-
тар жері өте көп болатұн: Мəселен ғырап Шереметіпте 29,901 десетійне, 
Галіційнде 1,067,358 десетійне жер болды. Басқа алпауыттарда бұлардан 
қалыспайды. 1917 жылғы төңкеріс жер меншіктеуді құртты. Жері аз қара 
шаруаларға  жерді  көбейтіп  берді.  Ол  төңкеріс  болмаса  қара  шаруа  тіпті 
азайып ірі алпауыттарға шын құл қылар еді. 
Азамат соғысы салдарынан қара шекпен жері көбейуінен шаруа бірден 
түзеле  алмады.  Аштық  басталды.  Аштыққа  орын  əзірлеген 1861 жылғы 
заң болатұн. 
Стрұук
Қазағыстанда кімде қанша жəна қандай жер бар.
Бұрынғы  Қазағыстанның  Ақмола,  Семей,  Қостанай,  Орал,  Орынбор, 
Бөкей гүбірнелері мен адай үйезінде 202,962, 345 десетійне жер бар. Ол 

Бес томдық шығармалар жинағы
56
жер десетійне есебімен мыналардың қолында: Переселен Қақолға алынған 
жер 20,136,630 орман ағашы түрлі керектерге де алынған жер 6,814,174
Қазақ орыстар қолында 9,392,061 
Қазақ қолында қалғаны 161,787,205.
Бірақ  жерден  шаруаға  қолайлы  қолайсыз  жағынан  мынаны  көреміз: 
қара  шекпен  мен  атты-қазаққа  тійген 32,473,912 десетійне  жердің  орта 
есеппен 25,979,129 десетійнесі  қолайлыға  есептеледі.  Екінші  түрлі  ай-
тқанда бұлар жерінің əр жүз десетійнесінің 80 (80%) десетійнесі қолайлы. 
Қазаққа  қалдырылған 161,787,205 десетійне  жердің  орта  есеппен  қолай-
лысы тек 16,178,720 десетійне ғана. Екінші түрлі айтқанда, қазаққа қалған 
жердің əр жүз десетійнеден он десетійне ғана (10%) қолайлы. 
«Қызыл Қазағыстан» журналының 1925 жылғы 1-11-12 нөмірлерінен
Жаман ойлы.
Тергеушінің  алдында  ійнеліктей  қатқан  шүйкедей  кішкене  мұжық
тұр.  Үстінде  кенеп  көйлек,  бұтта  кір  дамбал.  Түк  басқан  бетін  кез  кел-
ген  жерден  шешек  ойып  кеткен.  Қалың  қастың  арасынан  түксійген  көзі 
жылтырайды. Басындағы таралмаған шашы ұйысып жабағы бөрк болып 
қалған. Бастағы жабағы мұжықты бүйі сықылды айбатты көрсетеді. Ай-
ақта дым жоқ. 
Денес Жагорбаласы дейді тергеуші; берірек кел, менің сұрауыма жауап 
бер, үстіміздегі үйелдің сегізі күні темір жол күзетшісі Ыйбан акын бала-
сы,  ертеңгісін  жол  қарап  келе  жатып, 141-інші  шақырым  бойында  сенің 
үстіңнен шығыпты. Сен темір жолдың тақтайына табан темірін ұстататұн 
тоғаны бұрап алып жатыр екенсің. Сол тоға мынау!... Осы тоғамен күзетші 
сені ұстап алған. Осы рас па?
– Əу-ма?
– Осы рас па? Акын баласының айтыуы дұрысқа келе ме?
– Əрійне, дұрыс. 
– Жақсы; ал, сен неге тоғаны сұуырып жатыр едің?
– Əу-ма?
– Сен «əу-ма»ңды бұлай қой. Сөзге жауап бер. Тоғаны неге сұуырып 
жатыр едің?
– Керек болмаса сұуырмас едім ғой. – деп қырылдап Денес көзін алар-
тып үй төбесіне қарайды. 
– Саған бұл тоға неге керек еді?
– Тоға ма? Тоғаны ауға аурытбақ қыламыз... 
– Бізің кім?
– Бізіміз – қалық... Кілім қаласының мұжықтары дегенім-ғой. 
– Бері қара, жарқыным. Сен өтірік аңқаусыма, жөн жауап бер. Аурыт-
бақ деген өтірігіңді былай қой! 
–  Тұуғалы  өтірік  айтып  көрмедім.  Бұл  жерде  өтірік  айтам  ба... – деп 
Денес  мыңқылдап  көзін  жыпылықтатады. – Тақсыр,  өзің  айтшы,  аурыт-
бақсыз  ау  сұуға  бата  ма?  Аурытбақ  байламай  қармаққа  шегіртке,  шайан 
отырғызшы, сұуға батқанын көрейін. Мен өтірік айтыппын... – деп Денес 
жымыйды. – Сұу бетінде жүріп астына батпаса, шегіртке боққа тұра ма? 
Алабұға, шортан тереңде жүреді. Сұу бетіндегі нəрсені шабақ қабар еді; 

Бес томдық шығармалар жинағы
57
шабақ  да  көп  қаба  бермейді...  Біздің  өзенде  шабақ  жоқ...  Шабақ  кеңіске 
кетеді. 
– Маған шабақ жайын несіне айтасың? 
– Əу-ма? Сіз өзіңіз сұрап отырсыз ғой! Біздің жерде мырзалар да ба-
лықты мен айтқандай аулайды. Мұрнынан боғы аққан жаман бала да ау-
рытбақсыз балық ауламайды. Түсінген адам аурытбақсыз да балық аулай-
тұны рас. Бірақ ақмақта ес бар ма, нені тыңдасын... 
– Сонымен сен тоғаны аурытбақ қылыуға сұуырдым дейсің бе?
– Əйтпесе не қылайын? Онымен асық атам ба?
– Аурытбаққа сен қорғасын, оқ, шеге алыуңа болатұн еді-ғой...
–  Жолдан  қорғасын  тауып  алалмассын.  Сатып  аларсын.  Шеге
аурытбаққа  жарамайды.  Аурытбаққа  тоғадан  артығы  жоқ.  Əрі  ауыр  əрі 
тесік. 
–  Ақмақси  қалыуын  қара!  Йа  кеше  тұуған  бала,  йа  аспаннан  сый-
ақтанұуын. Бұл сұуырыудың түбі неге соғатұнын түсінбейсің бе, қауашақ-
бас? Күзетші көріп қалмаса от арба жолдан тайар еді. Жүргінші қырылар 
еді! Сен жұртты қырар едің!
– Құдай сақтасын, тақсыр! Неге қырамын? Бізді кəпір дейсіз бе, йа қа-
рақшы дейсіз бе? Тақсыр, талай жасқа келдік, кісі өлтірмек түгіл, өлтірем 
деп,  Құдайға  шүкір,  өмірде  ойлап  та  көргенім  жоқ...  Құдайекем  сақтай 
гөр... Тақсыр, сізге не болған? 
– Ал, айтшы, от арба неліктен жолдан тайады? Екі-үш тоғасын ағытып 
ала-ғой, əне отарба жолдан тайады да қыйрайды. 
Денес мыйғынан күліп сенбеген көзбен тексеріушіге қарайды.
–  Байағыдан  бері  аулымыз  бен  жабылып  от  арба  жолының  тоғасын 
ағытып алып келеміз. Құдай сақтасын. Бұл жерде тұрып жолдан тайады. 
Адамды қырасың... мен табан темірін алып кетем, айталық, йа ол жолға 
көлденең бөрене қойсам, бəлкем от арба жолдан тайса тайар еді... Тоға... 
дегенің қолынан не келетүн еді... Құрып қалсын...
–  Тоға  мен  табақ  темірді  кесе  жатқан  ағашқа  шегелейтүнүн  білмей-
сің-бе?
– Оны біз білеміз... біз тоғаның бəрін ағытып алмаймыз... кейбіреулерін 
қалдырамыз... Біз де ақылға салып істейміз... Түсінеміз... 
Денес есінеп ауызын сыйпайды. 
– Былтыр осы жерде от арба жолдан тайып құлады, – дейді тексеріуші. 
Неден тайғанын енді білдім. 
– Əу-ма? Не дейсіз?
– Былтыр от арбаның неге құлағанын түсіндім деймін. 
– Түсінбесеңіз оқыған адам боласыз ба, тақсыр, түсінгеніңіз жақсы... 
Құдай біреуді түсінгіш қылып жаратады. Міне сіз не екенін, қалай болға-
нын түсініп отырсыз. Ал күзетші де мен сықылды бір мұжық: түсінбестен 
келіп жағаласады, сүйреп алып келеді. Мұжық болған соң мұжық болады, 
ақылы да мұжық болады... Ол екі ірет менің аузыма қойып қалды, көкіре-
гіме түйіп жіберді. Тақсыр осыны да жазып қойыңызшы. 
– Сенің үйіңді тініткенде мұнан басқа тағы бір тоға тауыпты... Оны қа-
шан, қай жерден ағытып алдың?
– Сіз қай тоғаны айтасыз? Қызыл сандық астында жататұн тоғаны ай-
тасыз ба?

Бес томдық шығармалар жинағы
58
– Тоға сенің қай жеріңде жатқанын білмеймін, тек сенің үйіңнен тауып 
алғанын білемін. Сол тоғаны қашан ағытып алып едің?
– Мен оны ағытып алғаным жоқ. Оны маған қылый Семеннің баласы 
Ійгінашке берген. Берді дегенім əлгі сандық астында жатқан тоға. Қора-
дағы шана ішінде жататын бір тоға болатұн. Оны Метірей екеуіміз ағытып 
алғанбыз. 
– Қай Метірей? 
–  Петірдің  Метірейі...  Йапырмау  Метірей  дегенді  естіген  жоқсыз  ба? 
Бізде əлгі ау тоқып мырзаларға сататұн Метірейші. Сол Метірейше доға 
көп керек болады. Əр ауына қарап тұрсаң он шақты доға...
– Бері қара... Жаза заңының 1081 ыстатыйасы бұлай дейді: келе жатқан 
от арбаға зыйан келтірерлік қылып, біле тұра жолды бұзған адам... Түсі-
несің бе? Білдің ғой! Тоға ағытқаннан не боларын сен білесің. Адам катор-
гіге айдалады. 
– Əрійне мененде сіз жақсы білесіз. Біз надан соқыр адамбыз. Біз түсі-
неді дейсіз бе?
– Сенің білмейтінің жердің астында. Сен өтірік айтасың, жорта білме-
генсіп тұрсың!
– Өтірік айтып неме керек? Нанбасаңыз ауылымнан сұраңыз... Аурыт-
бақсыз тек шабақты ғана аулайды. Жаман ақ балық та аурытбақсыз қап-
пайды. 
– Сен шабағыңды тағы қозға! Деп тексеріуші жымыйады. 
–  Бізде  шабақ  жоқ...  Көбелек  байлап  аурытбақсыз  қармақ  салсақ,  əй 
сірə балық келе қоймады-ау. 
– Қой енді үніңді өшір...
–  Сөз  қойылды.  Денес  бір  айағынан  соң  бір  айағына  салмағын  сала-
ды; көк шұғамен жабылған үстөлге қарайды; алдында қара шұға емес күн 
тұрғандай көзін қатты-қатты жыпылықтата береді. Тексеріуші шапшаңда-
тып жаза бастайды.
– Мен жүре берейн бе? – деп бір аздан соң Денес сұрайды. 
– Жоқ, мен сені ұстап абақтыға жіберемін. 
Денес енді көзін жыпылықтатыуын тоқтатып, таңырқап төреге қарай 
бақшыйады. 
– Түсіндіріңізші, тақсыр, абақтыға қалай жібересіз? Менің абақтыға ба-
рыуға қолым тіймейді. Мен жəрменкеге барыуым керек; Жагордан майым 
үшін үш сом алыуым керек. 
– Үніңді өшір, жолдан қалдырма.
– Абақтыға... Жазығым болса барар едім, бас жоқ, көз жоқ... Мə-саған... 
не  үшін?  Ұрлық  қылғаным  жоқ.  Төбелескенімде  жоқ  сыйақты.  Болмаса, 
тақсыр, салық төлемеді деп күдіктенетүн шығарсыз, онда ауылнайға нана 
көрмеңіз...  Сіз  крестійанскі  нашалніктен  сұраңыз...  Ауылнайда  ыйман
түйір жоқ...
– Үніңді өшір!
– Онсыз да мен үнімді өшіріп тұрмын... – деп Денес міңгірлейді. Есеп 
алғанда ауылнай былшылдаған болса ант берейін... Біз ағайынды үшеуміз: 
Көзме Жагорбаласы, ол менің ағам болады, Жагор Жагор баласы, мен Де-
нес Жагорбаласы боламын... 

Бес томдық шығармалар жинағы
59
–  Сен  мені  жолымнан  қалдырасың...  Əй,  Семен! – деп  тексеріуші
айғалайды. – Мынаны алып кет.
Екі  мықты  салдат  ұстап  кеңседен  шығарып  бара  жатқанда: – Біз  үш 
ағайындымыз: – деп Денес мыңқылдайды. Бір тұуғанмен əркім өз жаза-
сын өзі тартады. Көзме салық төлемесе, Денес сен жазықты. Əй тақдыр! 
Марқұм  Жанаралбай  өліп  кетті.  Болмаса  сендей  сұдиалардың  əкесін  та-
нытар еді. Біліп тексеріу керек, босқа емес... Өлтірсең де, жазығына қарай 
ұйат бен өлтір... 
Шеқұп.
От.
Өткен  ескі  күн  елестеп  есіме  түседі.  Күзгі  ымырт  кезі.  Түнерген  қа-
раңғылық. Сібірдің бір түксійген өзені мен жүзіп келемін.
Өзен  жалтарып  бұрылып  кеткен  жерінде.  Ілгергі  жақтан  сұуға  төң-
ген  қара  жардың  алдында  кенеттен  шырақтай  болып  жылтылдайды.  От 
жарқылдап  жылтылдайды.  Жап-жақын...  Мен  құуанып  кетіп: – Құдайға 
шүкір, ауылға жеттік қонатын жақын, – деппін.
Күрек  есіп  келе  жатқан  сібірлік  азамат  бұрыла  беріп  отқа  қарады  да, 
асықпай күректі сабалап есе берді.
–  Алыс  жатыр! – деді  күрекші.  Мен  күрекшіге  нанбадым:  қалай  на-
найын,  от  жапжақын  көрінеді.  Қараңғыны  жарып  жарқылдап  тұр.  Бірақ 
күрекші сөзі дұрысқа шықты. Шынында от алыс екен. түнгі оттың сыры 
қараңғыны  қақ  жарып  жапжақын  келеді,  жарқылдайды,  мен  жақын  деп 
шалқып  қол  бұлғалап  шақырады,  тайандың  деп  дəмелендіреді.  Күректі 
енді екі-үш есіп жіберсең жеткендей көресің. Шынында алыс...
Сыйа сыйақты қапқара түксійген сұуық өзен мен жүзіп келеміз. От жет-
кізбей келеді.
Жыра мен жартастар қарсы соғады, үстімізге төнгендей болып жылжый-
ды.  Ысырылып  тағы  кейін  шегініп  кетеді,  көзден  жойылып  тым  алыста 
қалады. От əлі жарқылдап дəмелендіріп шалқып тұр.
Алыстығы да, жақындығы да байағыдай.
Тас  көкіректі  таулар  арасында  күңгірт  тартқан  өзен,  жылтылдаған  от 
есіме  əлі  түсе  береді.  Менен  басқаларды  да  талай  оттар  мен  жақын  деп 
шақырған. Бірақ, түксійген салқын арнасы мен тұрмыс ағып барады. Оттар 
əлі алыста. Күректі əлі қаттырақ есіу керек... бірақ қалайда от алда.
Кареленко 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал