3.Жошы ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз. Жошы ұлысы. Жошы – Шыңғысханның үлкен баласы. Оның ұлысына шығысы Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейінгі ат тұяғы жететін жерлердің барлығы қарайтын болды. Көрсетілген жерлердің ішінде қазақ жерінен бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ жері, Арал, Сырдарияның төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығыс бөліктері қарады. Ұлыстың орталығы кейбір дректергеқарағанда, Ертіс бойында деп жазылса, ал басқа бір деректерде Сарысу мен Кеңгір өзендерінің құйылысында делінеді. Шамасы, соңғы дерек шындыққа жақын. Өйткені, Жошының күмбезі осы өзендердің бойында тұр.
8-Билет Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.
Астананың Ақмолаға көшірілуінің тарихи маңызы.
Үгедей ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Жауаптары: 1.Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы.
Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен кылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине, бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген. Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Өте ерте заманғы жерлеу ғүрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген. Мұндай сенімді анимизм дейді. Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік, бұғы, жолбарыс т.б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сыйынған. Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі тылсым әрекеттер де жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сыйынған, құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан. Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді. Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға кұрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін қүдайлар деп атаған.Адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болды. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеді.