1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы



бет36/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

85. Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы. 
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын өткеннен өнеге алып, тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған терең
толғам деп бағалауымыз керек. Мұнда Елбасы «Əлемнің жеті кереметі» іспетті Ұлы дала елі мен Ұлы даланы ұран еткен ұрпақтарын
мақтаныш ете алатын жеті ерекше қырын қамтып отыр. Мұны жеті бөлікте қарастыруының өзі де жеті атадан бастау алатын қазақ
халқының этноерекшеліктерін көрсетсе керек.





26-билет 
26. Моғолстанның əлсіреуі жəне құлауы. 
Моғолстанның Сонымен, Əмір Темір шабуылдары əбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде əлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге
бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тəуелділігін мойындайды. Моғолстан Əмір Темір қаза болғаннан
кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тəуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Ұлықбек 1425
жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап, халықты талан-таражға ұшыратып қайтады.Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уəйіс хан қайтыс
болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уəйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға
арасында басталады.Таластың нəтижесінде дулат əмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс
хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір əулеті əбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен
аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан
хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
56. Ш.Уəлиханов жəне оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мəдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. 
Шоқан Шыңғысұлы Уəлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сəуір 1865,
Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық
мəдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Əжесі бала күнінде «Шоқаным»
деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан
Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мəдениеті мен əдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы жəне
ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі
өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды.
1854-1857 жж. Шоқан Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Қырғыстан жеріне саяхат жасайды, осы сапарларда ол көрнекті ғалым-
географ П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен бірге жүрді, ол Шоқанның қабілеттілігі мен біліміне ерекше назар аударады, оның ғылыми
еңбектерін жоғары бағалады.
Шоқан сол кезде Омбы жəне Семей қалаларына жер ауып келген орыс революцияшыл-демократы, ақын С.Ф.Дуровпен жəне жазушы
Ф.М.Достаевскиймен жақын кездеседі. Шоқан мен Ф.М.Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте естен кетпестей болды. Өзінің
хаттарының бірінде Достаевский былай деп жазды: «…Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы жəне Сіздің дағдарыңыз туралы
армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды: бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз.
Демек, осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді… Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге
жан мен жүректі сыйлады».
Бұған – Ш.Уəлихановтың қырғыз халықының əдеби мұрасы «Манас» жырын зерттеушілердің бірі, белгілі ғалым-академик Ə.Х.Марғұлан
өзінің «Шоқан жəне Манас» атты монографиясында ол жайлы былай де жазды: «Манас» - тарихи заманнан таулы Азия қыратында
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны
əдебиет дүниесінің белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан еді»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет