1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Жалпықазақ съездері жəне олардың маңызы



бет5/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
63. Жалпықазақ съездері жəне олардың маңызы. 
Бірінші жалпықазақ съезі – 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан
жəне Бөкей ордасынан 20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының
төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ə.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн
тəртібіне сол тарихи кезендегі елдің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мəселе қойылды:
1. Мемлекеттік құрылыс.
2. Қазақ автономиясы.
3. Жер мəселесі.
4. Халық милициясы
5. Земство.
6. Оқу мəселесі.
7. Сот мəселесі.
8. Дін мəселесі.
9. Əйел мəселесі.
10. Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
11. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.
12. Қазақ саяси партиясы.
13. Жетісу оқиғасы.
14. Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне жəне Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш
Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез
шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ə.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша
белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.
Құрылтайға қазақ сахарасының əр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, əр
түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат жəне арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген.
Құрылтайдыдың күн тəртібіне 10 мəселе қойылды:
• Сібір автономиясы;
• Түркістан автономиясы жəне Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
• Қазақ-қырғыз автономиясы;
• Милиция туралы;
• Ұлт кеңесі;
• Ұлт қазынасы;
• Мүфтилік мəселесі;
• Халық соты;
• Ауылды басқару жəне
• Азық-түлік мəселесі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет