1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


-билет  3. Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы



бет4/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

3-билет 
3. Қазақстан аумағындағы ежелгі темір өңдеу техникасы. 
Ретушь əдісі – бір қабат өңделген тас құралдың жүзін ұсақ кертік ойықтар жасау арқылы өткірлеу. Үшкіртастарды тас жарықшақтарынан
жасап, ұштарын ретушь əдісімен өңдеп өткірлеген. Қырғыштардың жүзін де ретушьпен өңдегенАдамдардың тас құралдарды өндірген жəне
пайдаланған уақыты тас дəуірі деп аталады. Бұл дəуірдегі екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал – бифас. Бір жағынан
өңделген құрал-монофас.Еңбек құралдары негізінен, нуклеу iстен (тастан) жасалды. Пышак, кару ретiнде үшкір тас, ағаш, тері өндеу ушiн
кыргыш тас пайдаланылды.Қаратау үңгірінің тұрғындары домалак малта тасты екi жағынан егеп, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал жасай
білген. Мұндай құралды чоппинг деп атайды. Бұл құралмен онша жуан емес ағашты кескен. Алғашкы адамдар ұстауға ыңғайлы тасты
жарып, бөлшектеп, жүзін өткірлеген. Бұл қару чоппер деп аталады. Онымен таяқты ұштады, өлтірген аңдардың денесiн боршалады, терiсiн
сылды.Кейінгі палеолитте сүйек пен ағаш сапқа өткір жүзді ұсақ қалақша тастарды желімдеп орнатып, кескіш құрал жасаған. Желім ретінде
тау балауызы, карагайдын шайыры, битум қолданылған. Құрал жасаудың бұл əдiсiн “қыстырма əдiсi” дейді.
33. Хақназар ханның билігі. 
Хақназар хан — Қазақ Хандығының (1538—1580) билік құрған ханы. Қасым ханның Ханық сұлтан ханымнан туған баласы. Хақназар хан
тұсында қазақ хандығы қайта бірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында
Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, əскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті
қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан
таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға жəне күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан жəне Бұйдаш
хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523—1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын
үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп аталды. Ол осы қазақ-
қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу əрекетіне тойтарыс берді.Хақназар
хандық құрған дəуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс
мемлекеті шығысқа қарай ірге кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға
байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай ордасы ыдырай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет