1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


-билет  8. Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы



бет13/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

8-билет 
8. Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. 
Мал шаруашылығы – көшпенді қазақ халқының негізгі кəсібі саналды. Сондай-ақ азық-түлік жəне ішіп-жеммен қамтамасыз ететін негізгі
тіршілік көзіне айналды десек те болады. Қазақстанның тым континентті климаты, жыл мезгілдеріндегі жауын-шашынның əрқилылығы,
ауа-райының аумалы-төкпелілігі, яғни, табиғи-климаттық ерекшеліктері қазақ халқының шаруашылық құрылымы мен материалдық өндіріс
жүйесінің негізгі бағыттары мен сипатын анықтап берді. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі
табиғатты пайдалану мен шаруашылық əрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Тіршілік ортасына бейімделу мен өмір сүрудің
ерекше əлеуметтік-мəдени типіне жататын мұндай ортада көшпелі мал шаруашылығы қарқынды дамыды, халықтың басым көпшілігі жыл
мезгілдеріне қарай ауысып отыратын көшпелі өмір салтын ұстанды. Төрт түлік малды жыл бойына өрісте, жайылымда бағу көшпелі мал
шаруашылығының басты ерекшелігі болды. Бұл бір жағынан су қоры мен жем-шөптің аздығына байланысты қалыптасты. Сол себепті мал
басын сақтау мен көбейту үшін қазақтар жыл мезгілдеріне қарай көшіп-қонуға мəжбүр еді.
38. Ордабасындағы басқосу – өзара келісім жəне аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. 
1726 жылдың күзінде Бадам өзені маңындағы биік қырқа – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ жиыны өткізілді. Оған Əбілқайыр,
Əбілмəмбет, Сəмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, Əйтеке би бастаған əр рудың билері, даңқы шыққан
қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Жиында негізгі мəселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы
мəселе болды. Жиынға қатысушылар бірге болуға, өз кимылдарын үлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді.
Құрылтайда талқыланған маңызды мəселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мəселе болды. Осы жиында
Əбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. А.И. Левшин бұл жөнінде былай деп жазған: «Ортақ іс сол арада бір-біріне
адалдыққа ант беру арқылы қастерленді. Əбілқайыр хан бас қолбасшысы болып сайланды, сөйтіп халықтық əдет бойынша құрбандыққа
шалынған бие болашақ табыстың кепілі ретінде қабылданды». Осы жағдайды да ол былай деп аша түскен: «Төнген қауіп ішкі өзара
қырқыстарды бітістірді, жалпы келісім туғызып, бəрін бір нəрсеге бағыттады. Тұтас халықтың жиналысында ілгері басудың, ортақ жауға
шабуыл жасап, оларды ежелгі қырғыз-қазақ жерінен қуып шығудың негізі қаланды». Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі
болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың жауынгерлік рухын көтерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет