1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


-билет  4.Солтүстік Қазақстандағы Ботай мəдениеті



бет6/40
Дата11.12.2023
өлшемі238,45 Kb.
#137837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org

4-билет 
4.Солтүстік Қазақстандағы Ботай мəдениеті. 
Ботай мəдениеті — энеолит дəуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мəдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау
ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын
жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан
қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден
тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан жəне сүйектерден жасалынған.
Ботай мəдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп
табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар жəне əшекей
бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың əр саласынан хабар береді. Ботай мəдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мəдениетін
жасаған тайпалары араласқан. Ботай мəдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мəдениетіне жатады.
34. Жоңғар хандығының пайда болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары.
Жоңғар хандығы (1635-1758) – Жоңғарияда XVII ғасырдың 30 жылдары қалыптасып, 1758 жылға дейiн өмiр сүрген феодалдық мемлекет.
Шыңғысханның феодал империясы тұсында ойраттар империя əскерiнiң сол қанатына жатты (Зюнғар) – осыдан Жоңғария, жоңғарлар атауы
шыққан). ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығынан бастап жоңғарлармен күрестің шиеленісуіне байланысты Қазақ хандығы терең
дағдарысқа ұшырады. Бұл соққы Қасым, Хақназар, Есім мен Тəуке хандардың саясаты негізінде орныққан мемлекеттіліктің негізін
шайқалтты. Тəуке ханның өлімінен кейін қазақтардың өмірінде тұтастай сəтсіздіктер басталды. 1717-1718 жылдары қазақ əскерлерінің
талқандалуы, Тəукені алмастырған Қайып ханның өлімі, 1723-1727 жылдардағы «Ақтабан шұбырындыда» Болат ханның өлімі хандықты
əлсіретті. Тек ХVІІ ғасырдың 20-жылдарының аяғына таман «сыртқы қауіп ішкі өзара қырқыстарды ымыраластырып, жауға қарсылық
көрсетуге бағыттаған кездерде ғана қазақтар жоңғарларға тойтарыс бере алды» деп жазады А.И.Левшин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет