Байланысты: 1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерт-emirsaba.org
64. Алаш автономиясының құрылуы. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы
болып Ə.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ə.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың
еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу
жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нəтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай
мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған
Сырдария съезіне «бірігу мəселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-
тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Əйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде
өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған
жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да
мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалқұрылуы.Ə.Бөкейхан бастаған топ ең алдымен қазақ даласын мекендеп отырған өзге ұлт
өкілдерінің автономияға қатысты пікірін білу керектігін жəне Түркістан қазақтарының автономия құрамына қосылу мəселесін шешіп алуды
ұсынды. Ал Ж.Досмұхамедов бастаған Орал облысы мен Бөкей Ордасының өкілдері ешкімнің пікіріне қарамастан, дереу автономия
жариялау керектігін алға тартты. Ұзақ талас-тартыстан кейін екі тараптың өкілдері ортақ мəмлеге келіп, желтоқсан айының 12 жұлдызында
Алашорда автономиясын жариялады. Бұл туралы Əлімхан Ермеков былай деп тебірене жазды: «… желтоқсанның 12-і күні, түс ауа, сағат 3-
те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді.
Үлкен ауылдарға қоңсы қонып, шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды («Сары арқа», 1918 ж 22 қаңтар).Съезд
мүшелері ортақ мəмлеге келген соң Уақытша Ұлттық Кеңес құру жəне оны «Алашорда» деп атау туралы қаулы шығарды. Алашорданың
орталығы Семей қаласы болады деп бекітілді жəне төрағалығына Əлихан Бөкейхан сайланды.