1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


-билет  6. Қазақстан аумағындағы қола дəуірі мəдениеттерінің шығу тегі мəселесі



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
сессия тарих билет

6-билет 
6. Қазақстан аумағындағы қола дəуірі мəдениеттерінің шығу тегі мəселесі. 
Қола дəуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола 
алу тəсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың 
беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дəуірінің кезіндегі өмір сүрген 
адамдардың негізгі мəдениеті – ғылымда Андронов мəдениеті деп аталады. Бұл дəуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді жəне Орал 
аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мəдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мəдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік 
Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мəдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба 
жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, 
андронов мəдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын 
анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мəдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. 
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. 
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сəйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. 
Қола дəуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: 
● Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). 
● Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. 
● Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. 
● Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті. 
● Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет