1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


-билет  7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық жəне əлеуметтік-мəдени факторлар



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
сессия тарих билет

7-билет 
7. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық жəне əлеуметтік-мəдени факторлар. 
Көшпелілер немесе көшпелі қоғам, көшпелі өркениет дегеніміз — негізгі кəсібі мал шаруашылығы болып, күнкөрісінің көзі мал 
өнімдерінен тұратын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың əлеуметтік-экономикалық, саяси 
қауымдастығы жəне өркениеті. 
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей əсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты 
тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның шектеулі 
мүмкіндіктеріне, табиғи ресурстарға байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл 
қандай аймақтар жəне олардың экологиялық жүйесі қандай? Əдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл жəне құрғақ далалар, тау 
бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай 
аймақтарға Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Арабия түбегі, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка 
континенті жатады.
37. «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары. 
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама — қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең (1723 – 25).
[1] Тəуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының əскери-саяси қуатын əлсіретті. 
Құба қалмақтар 18 ғасырдың басында өздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, əскерін жарақтады. Орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші 
мемлекеттерден қару, оқ-дəріні көптеп сатып алды. 1715 ж. Орыстарда тұтқында жүрген швед шебері Ренатты қолдарына түсіріп, зеңбірек 
құю технологиясын меңгерді. 
67. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы. 
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы 
қазақ республикасы. 
Республика орталығы — Орынбор қаласы. 
1920 жылдың маусымында КСРО басшылығымен қырғыз-қайсақтардың (ол кезде қазақтарды қырғыз не қырғыз-қайсақ деп, ал 
қырғыздарды қырғыз не қара-қырғыз (кара-киргиз) деп атаған) мекен еткен жерлері Орал, Торғай, Семей облыстары, Закаспийский 
облысының Адай уезі, Бөкей Ордасы жəне Орынбор облыстары аумағынан қазақтардың ұлттық автономиялық республика құру шешімі 
қабылданды. Республика астанасы – Орынбор қаласы деп жарияланды. 
ВЦИК-тің 1921 жылғы 17 қаңтардағы Жарлығымен Омбы губерниясынан республика құрамына қазақ халқы ертеден шоғырланған Ақмола, 
Атбасар, Көкшетау жəне Қызылжар (Петропавл) уездері Ақмола облысы болып енді. 
Сондай-ақ, 1921 жылдың 1 қазанында қазақтар шоғырланған Омбы облысының 15 ауданы да республика құрамына өтті. 
Əкімшілік бөлінісі[өңдеу | қайнарын өңдеу] 
1921 жылғы 17 қаңтардағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен жаңадан құрылған Ақмола губерниясына Омбы 
губерниясынан Ақмола, Атбасар, Көкшетау жəне Петропавл уездері берілді. 
1921 жылдың 10 маусымындағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен автономды Қырғыз КСР мен Сібір арасындағы 
шекара Омбы губерниясының Омбы уезінде белгіленді (Есілкөл станциясы Қырғыз АСКР аумағында қалды). Шекара сызығы Есілкөл 
станциясынан шығысқа қарай Петропавл уезінің шекарасы бойымен, одан əрі солтүстікте Кіші Қараой, Үлкен Қараой көлдерінің, Қаратерек 
мекенінің бойымен өтіп, орыс болыстарының оңтүстік шекараларына бойлай жəне Ертістегі Шерлақ станицадан шыға өтеді (Қырғыз АСКР 
қалдырылған), бұған қоса Ореховск, Добровольск, Моисеевск, Русско-Полянск, Ново-Санжаровск, Черноусовск, Степановск, 
Котельниковск орыс болыстары Қырғыз АСКР құрамына кіргізілген. 
1921 жылы 1 қазанда Омбы губерниясы Омбы уезінің 15 болысы Қырғыз АСКР берілді. 
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1922 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен Есілкөл станциясы (Омбы губерниясы Омбы уезіндегі 
Сібір мен Қырғыз АСКР шекарасының бойында) Сібір шегінде қалды. 
1923 жылы 15 мамырға қарай республиканың құрамына кірді: 
• Адай уезі тікелей республикалық бағыныста; 
• Ақмола губерниясы — Ақмола уезі, Атбасар уезі, Шерлақ уезі, Көкшетау уезі, Петропавл уезі; 
• Ақтөбе губерниясы — Ақбұлақ ауданы, Ақтөбе ауданы, Ырғыз ауданы, Можар ауданы, Темір ауданы, Ойыл ауданы; 
• Бөкей губерниясы — 1 Теңіз маңы округі, 2 Теңіз маңы округі, Қалмақ округі, Нарым ауданы, Қамысамар ауданы, Талов ауданы, Торғын 
ауданы, дербес ауылдар; 
• Қостанай губерниясы — Адамовск ауданы, Боровск ауданы, Всесвятск ауданы, Денисовск ауданы, Қостанай ауданы, Семнозерск ауданы, 
Торғай ауданы, Федоровск ауданы; 
• Орынбор губерниясы — Илецк ауданы, Исаево-Дедовск ауданы, Краснохолмск ауданы, Орынбор ауданы, Ор ауданы, Петровск ауданы, 
Покровск ауданы, Шарлық-Микаил ауданы; 
• Семей губерниясы — Зайсан ауданы, Қарқаралы ауданы, Павлодар ауданы, Семей ауданы, Өскемен ауданы, Бұқтырма ауданы; 
• Орал губерниясы — Гурьев ауданы, Жымпиты ауданы, Қалмақ ауданы, Елек ауданы, Орал ауданы. 
1924 жылғы 21 қазандағы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Жарлығына сəйкес, бұрын Башқұрт АКСР құрамында болған 
Жылайыр кантонының Тоқсоран кантоны мен Иманғұл болысы Қырғыз АСКР берілді. 


1924 жылы Жетісу, Сырдария жəне Самарқан облыстарының солтүстік бөліктері құрамға кіріп, оның аумағында Жетісу мен Сырдария 
губерниялары құрылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет