негізінен партизандық харакет түрінде жүргізілді. Мұндағы Черкасск, Андреев, Константиновск жəне басқа да селолар тұрғындарының ақ
гвардияшыларымен ерлік шайқастары азамат соғысы тарихында “Черкасск қорғанысы” – деп аталды.
Сонымен 1918 жылдың жазында Қазақстанның көп жерін интервенттер мен ақ гвардияшылар басып алды. Кеңес өкіметі тек Жетісу мен
Сырдария облыстарының бірқатар бөлігінде, Торғай облысының оңтүстік аудандары мен Бөкей Ордасының аз
ғана жерінде сақталып
қалды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ə.Т.Жангелдин мен А.Иманов Торғайда екі атты əскер эскадронын, əскери оқу жəне пулемет
топтарын, Ырғызда атты əскер эскадронын құрды. Өлкеде ұйымдасқан қызыл əскер бөлімдерінің қатарына азамат соғысы жылдарында
Ресейге келіп қалған көптеген шетелдіктер: венгр, чех, румын, поляк, неміс жұмысшы жəне шаруалар өкілдері де кірді. Облыстық жəне
уездік кеңестер мен əскери комиссариаттар жергілікті бұқара халық өкілдерін – қазақтарды, қырғыздарды, дүнгендерді, өзбектерді,
ұйғырларды жəне басқаларын Қызыл Армия қатарына тартуда саяси-ұйымдастыру жұмыстарын өрістетті.
Достарыңызбен бөлісу: