1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
сессия тарих билет

49. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері. 
Есет батыр Көтібарұлы (1807–1888) — халықтың əйгілі батырларының бірі. Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы ұлт-
азаттық қозғалыстың басшысы, Кіші жүздің Қабақ руының басқарушысы болған. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Шалқар көлінен 
жеті-он шақырым жердегі Ақши бойында дүниеге келген. 
1838 жылы Жоламан батырмен бірге көтеріліске шығып, Елек қорғанына шабуыл жасаған. 1847–1878 жылдары Жанқожа батырмен бірге 
Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты. 1847–1858 жылдары Есет батыр Арал теңізінің батыс жағалауын, Үлкен жəне кіші Борсық 
құмдары мен Мұғалжар тауларын, Жем, Сағыз, Ырғыз, Елек, Ойыл, Қыйыл өзендерінің бойын жайлаған қазақтардың Ресей империясының 
отаршылдық саясатына қарсы көтерілісіне басшылық жасады. ХІХ ғасырдың 40–50 жылдарындағы Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық 
көтерілісі, негізінен, ұсақ қимыл-əрекеттермен сипатталды. 
Есет батыр көтерілістен бас тартқан соң, оған кешірім жарияланды. 1859 жылы тамызда бір топ сұлтан, билермен бірге Санкт-Петерборға 
жіберіліп, 24 тамызда патша Александр ІІ-нің қабылдауында болды. 1861 жылы Есет Көтібарұлы қабақ руының басқарушысы болып 
тағайындалды. 1869 жылы Ырғыз уезі бастығының көмекшісі болып бекітілді. 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін патшадан алтын 
медаль алды. 1879 жылы ол қызметтен босатылды.


Нұрмұхамедұлы Жанқожа (1774–1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жəне Ресей отаршыларына 
қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан 
бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 
1830–1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан əрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, 
Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, əйел, бала-шағаларын 
тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, əкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен əркез 
жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан 
əділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады. 
Жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетеді. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын 
шауып, тонаушылыққа ұшыратады. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы 
бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасайды. 1856–1857 жылдары қазақтардан тартып алынып 
есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық 
жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі 
жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет