21-билет
21. Қыпшақтардың саяси гегемониясының Қазақстан аумағына таралуы.
Қыпшақ мемлекеті құрылуының басты себептері: он бірінші ғасырдағы
Оғыз мемлекетімен соғыстар; Хорезм шахымен жəне Қарахан
əулетімен күрес; сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.Қыпшақ хандары оңтүстік
бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта жəне төменгі
аймағын, Арал жəне Каспий өңірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының
билеушілеріне айналды. Қыпшақ хандары өз мемлекетінің
шегарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін
жетеді.Қыпшақ көшпелі қоғамы өркениетінің өзіндік ерекшелігі оларда байланыс желісінің жетілгені болды.
Қыпшақтар елінде
қолданылған коммуникациялық байланыстар жүйесі сол кездің «техникалық» прогресінің ең жоғарғы талаптарына сай келетін.Қыпшақ
хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес жəне алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырған.
Қыпшақтардың мұсылман дінін қабылдауы олардың мəдени-əлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
51. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы жəне 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістері.
1868 жылы желтоқсан айында Орал жəне Торғай облыстарында патша өкіметінің отарлық.саясатына қарсы көтеріліс басталды. Ол 1869
жылдың қазан айына дейін созылды. Қазақтар көтерілісінің басты себебі 1867-1868 жылғы уақытша ережелер болатын.
1869 жылы көктемде көтерілісшілердің қарулы жасақтары казак əскери бөлімдеріне қарулы қарсылық көрсетіп, реформаны жүзеге асыру
үшін келген үкімет комиссиясына ашық наразылығын білдірді. Бұл көтерілісті Ембі өзені бойындағы аймақты мекендейтін қазақ
руларының ықпалды көсемдері Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлы басқарды.
Көтерілістің негізгі күші қазақ шаруалары болды. Олардың мойнына отаршылдықтың барлық ауыртпашылығы түскен еді.
Көтеріліске
қоғамның басқа өкілдері де қатысты, оның ішінде рубасылары мен сұлтандар да болды. Мысалы,
сұлтан Ханғали Арсланұлы
көтерілісшілердің жасағының бір бөлімін басқарды. Бірақ сұлтандар, болыстар мен старшындар тұрақсыздық жасады жəне
көтерілісшілердің үмітін ақтамады. Көтеріліс басталғаннан кейін патша əкімшілігі оған қатысқандарды аяусыз жазалады.
Достарыңызбен бөлісу: