ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының
құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың жəне бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды. Бірікен ұйғыр
жəне қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр
тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке
ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына əкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай,
«Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс жəне Шығыс Қазақстан
жеріне қарлұқ тайпалары келді. Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар
оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: