Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дəуір халін
жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір
сүреді.
Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған кезі – отаршылдық дəуірі.
Қазақтың көптен күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға айналды.Жерлері алынумен қатар, əуелі қазақ даласын айнала сызып,
шеткі қалаларды салды… Артық жерге Ресейдің қара шекпен мұжықтарын əкеп қондырды. Бұрынғы хан, бұрынғы би, бұрынғы елдің
қамын ойлайтын түзу адамның бəрі шетке қағылып қалып, қыбыр еткен ісі болса барлығы да орыс қуатымен, орыс қолымен істейтін болды.
Зар заман ағымы отаршылдық дəуірдегі елдің əлеуметтік ахуалының көркем бейнелеуінің көрінісі. Асан ата айтып кеткен («Мұнан соң
қилы-қилы заман болар,Заман азып, заң тозып, жаман болар»), Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір дұспан Ақырда шығар сол тұстан»)
дəуір келіп жеткен соң ақын-жырауларының өлең-толғауларының тақырыбы өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. Сондықтан бұл құбылыс
басталар жері, тамамдалар тұсы айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп, өркенделген, түйінделген ағым ретінде
қарастырылады.Бұл сарынның ақындары қатарына Дулат Бабатайұлы 1802-1871, Шортанбай Қанайұлы 1818- 1881, Мұрат
Мөңкеұлы1843-1906, Əбубəкір Кердері Шоқанұлы 1858-1903 т.с.с. ақындарды қосуға болады. Солардың көрнекті өкілдерінің бірі
Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында қазақ қоғамына кірген əлеуметтік өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген суреткер.Қазақ
даласына сауда капитализмінің кіруі, қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде
əсерлі суреттеледі. Асылық азған заманда.
Достарыңызбен бөлісу: