1-билет Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері


 Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата18.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#94118
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
83. Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым жүйелеріндегі реформалар. «Болашақ» бағдарламасы. 
ҚазАқпарат – Орта мектепті бітіріп, білікті маман болғысы келген кез келген өреннің арманы шетелдің беделді жоғары оқу орындарына 
түсіп сапалы білім алу екендігі айдай анық. Ал 1 жылдық оқу құнының өзі бірнеше ондаған мың доллар болатын Оксфорд, Кембридж, 
ММУ сынды университеттерде баласын оқытуға ата-ананың қалтасы көтермейтіндігі айтпаса да түсінікті жайт. Бірақ, Тəуелсіздіктің елең-
алаңынан-ақ мұндай шетелдік беделді оқу орындарында жастарымыздың білім алуына жол ашылды. Оған ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаев құрған «Болашақ» бағдарламасы мүмкіндік берген еді.Қазақстан бренді 
Осы жылдардың ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстанның бірегей брендіне айналды. Мұны Елбасымыз да өткен жылы 
елордада өткен «Болашақ» халықаралық стипендиясының 25 жылдығына арналған «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты форум 
қатысушыларына жолдаған құттықтауында атап өткен еді. 
24-билет 
24. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территория, этникалық процестер, мəдени симбиоз. 
Алтын Орда мемлекетінің құрылуы. 

Қазақстан аумағы моңғол ұлысының құрамына енді: үлкен (далалың) бөлігі Жошы қлысына, Оңтүстік жəне Оңтүстік-Шығыс Қазақстан 


Шағатай ұлысын Жетісудің солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, 
Жетісудің солтүстік белігі мен бүкіл Дешті-қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге 
қоса, Шығыс Түркістан мен Мəуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Моңғолияны, Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатайды биледі. Шыңғыс 
ұлдары өз ұлыстарын тəуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя 
бірнеше тəуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. 
1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды. Ол Батыс Дешті-қыпшақ даласына, Еділ бұл қарлары жеріне, одан əрі батысқа 
шапқыншылық жорықтар ұйымдастарды. Ірі орыс князьдықтары талқандалды, Польша, Венгрия, Чехия жəне басқа көптеген елдер тонауға 
ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтарының нəтижесінде Батыйдың сол астына қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер. Солтүстік 
Кавказ, батыс қыпшақ (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа монғол 
мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі жəне батыстағы жаңадан 
жаулап алынған жерлер қарады. Батый əскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тəуелдікте болды. Орыс князьдары Алтын Ордаға 
тəуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде 
Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары — хандардың атымен (Батый ұлысы, Берке ұлысы, т.б.) аталды. Астанасы Сарай-Бату 
(Астрахань маңында), кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет