1-Билет Қазақстандағы тас ғасырына тән арх ескерткіштер


Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері



бет13/32
Дата29.09.2023
өлшемі100,95 Kb.
#111481
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
тарих ответ

3.Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС): мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері.
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) мазмұны мен оны жүзеге асыру.
РКП(б)- ның 10 съезінде 1921 жылы наурыз айында Жаңа экономикалық саясат қабылданды,яғни «Әскери коммунизм» саясатынан осы ЖЭС-қа көшуді жөн көрді.ЖЭС – Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет болып табылады.
• Жаңа экономикалық саясаттың белгілері:
Азық-түлік салығының енгізілуі.
Сауда еркіндігі.
Жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру.
Ауылшаруашылық және несие, тұтыну кооперациясын дамыту.
Кәсіпорындарды шаруашылық есепке көшіру.
Еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.
Жаңа экономикалық саясаттың мәні-салғыртты салықпен ауыстыру болды. Орынборда 1921 жылы маусымда өткен облыстық бірінші құрылтай партия Конференциясы жаңа экономикалық саясатқа көшуді мақұлдады. ЖаңаЭкономикалық саясатпен бірге тоталитарлық, авторитарлық басшылыққа көшу басталды
ЖЭС кезіндегі өнеркәсіптегі өзгерістер:
Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді.
Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.:
Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды.
ЖЭС-тің қиындықтары мен зардаптары:
1)1921–1922 жылдардағы ашаршылық,
2) Ауа райының қуаңшылығына байланысты астық шықпай қалып, елді аштық жайлады.
1921–1922 жылдары Қазақстан халқының 1/3 бөлігі осы аштық қасіретін бастан кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған.Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды,1922 ж. Маусымда 82 % қамтыды.Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жиналған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті.Кеңес өкіметі кеш те болса, ашыққан аудандарға көмек көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса, сонымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 25 млн. Сом қаржы бөлінді.Түркістан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді.1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет