1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ)



бет50/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

63.Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ).
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қалана бастады. 1906 ж. Верныйда Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1 құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегат қатысты.
1943 ж. Ташкентте Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының алғашқы құрылтайы өтті. Оған Қазақстан делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов (1884 – 1953) бастап барды. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, төрағасы әрі Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмаджидхан (1856 – 1957) сайланды. Қазақстанда қазият құрылып, Шамсутдинов қази болып тағайындалды. Ол 1946 жылдан бастап Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы өкілі, Алматы қ-ның имамы қызметін атқарды.
1952 – 72 жылдар аралығында Сәдуақас Ғылмани (1890 – 1972), 1972 – 79 жылдар аралығында Жахия қажы Бейсенбайұлы (1932 – 1997) қази болды. Орта Азия және Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алған жоқ.
1990 жылғы 12 қаңтарда өткен Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш құрылтайында дербес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек Нысанбаев болды. Қазақстан мұсылмандарының жұмысына басшылық жасап, оның жұмысын жүргізетін Бас мүфти басшылық ететін атқарушы орган ҚМДБ аппараты – мүфтият. ҚМДБ-ның 2000 ж. өткен ІІІ құрылтайда төрағасы, Бас мүфтиі болып, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды.
2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында Маямеров Ержан Малғажыұлы Бас мүфти болып сайланды.
2017 жылдың 8 желтоқсанында өткен Қазақстан мұсылмандарының кезекті VIII құрылтайында Серікбай Сатыбалдыұлы Ораз Бас мүфти болып сайланды.
2020 жылдың 7 ақпанында елордасы Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайында Наурызбай Тағанұлы Өтпенов Бас мүфти болып сайланды.
Діни басқарма ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти, ҚМДБ Ақылдастар алқасы, Қамқорлар кеңесі, ҚМДБ-ның төралқасы, Аппарат жетекшісі және Діни істер, Шариғат және пәтуа, Мешіт істері, Халықар. Байланыс, Хаттама, Қажылық, Уағыз-насихат, Ғылым және білім, Жалпы және жастар ісі, Халал өнімдерін стандарттау, Баспасөз және интернет, Әйелдер-қыздар секілді бөлімдер мен секторлардан, сондай-ақ, іс басқармасынан тұрады.
Басқарманың мақсаты мен міндеті: ислам дінін насихаттау, тарату, Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбар уағыздарының дұрыс насихатталуын қамтамасыз ету, ислам дінінің, Қазақстан мұсылмандарының бірлігін сақтау, діни ұйымдардағы шариғаттың толық әрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, облыстардағы өкіл имамдар арқылы республика мұсылман жамағатының діни мәселелерін шешу, республикада ислам дінін оқытып-үйрететін мамандар даярлау, сондай-ақ, шет елдік діни ұйымдармен, бірлестіктермен, оқу орындарымен қарым-қатынас орнату, діни әдебиеттер, оқулықтар, т.б. қажетті басылымдарды әзірлеу


64.Қазіргі білім жүйесінің мазмұнын жаңарту жолы. Президенттің «Интеллектуалды ұлт-2020» бағдарламасы және оның маңызын айшықтаңыз.2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру. Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы. Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек. Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек. «Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі. Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу. Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды. Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр.
65. Тәуелсіз Қазақстан тұсында қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерліктерінің жаңа көзқарас негізінде зерделенуі мен бағалануының мәнін ашыңыз. Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосекова разъезі түбінде 28 панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!» — деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қазақ тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Елдің басқа халықтарымен бірге олар жаууақытша басып алған аумақтардағы партизандық құрамалары мен отрядтарында 1500- дей, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ шайқасты. Смоленск облысындағы 15 партизан бригадалары мен отрядтарында 270 қазақстандық ұрыстарға қатысты. Белорусияның әр түрлі аймақтарында әрекет еткен 65 партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1500-ден аса қазақстандық болды. Соғыс жылдары партизан қозғалысына қатынасқан Қазақстандақтардың саны 3,5 мыңға жетті. Партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шарипов, Тәжіғали Жангелдин т. б. батырлардың есімі көпке танылды. Партизандар қатарында қазақстандық әйелдер – Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова т. б. аянбай шайқасты. Ерлер мен Әйелдер Фашистерге қарсы күресте батырлық пен ерлік көрсетті. Поляк партизандық жасақтарында Жамбыл облысынан Салтынбек Төлешов, Шығыс Қазақстан облысынан Константин Трокин, Қарағанды облысынан Михаил Авдейчик, Қызылордадан Омар Тойымбетов тағы басқалары шайқасты. Чехословакияны неміс фашистерінен азат етудегі партизандық ұрыс қимылдарына алматылық Алексей Ильин, семейлік Николай Мошкин, Оңтүстік Қазақстан обл. -ң тұрғыны Жұбандық Сұранқұлов, Павлодарлық Николай Тарановтар қатысты. Югославия жерінде Фашистерге қарсы шайқаста Көкшетаулық Телжан Желқожинов, Ақтөбе облысының тұрғыны Арық Есентаевтар ерлік көрсетті. Грекия, Француз жерлерінде фашистерге қарсы күресте алматылық Петр Рев, Дәулет Қаражұмынның батырлығымен аты шықты. 1943 жылдың жазында Белгияда фашистік тұтқыннан қашып шыққан Кеңес әскерлері партизандық бөлім құрды. Олардың ішінде қазақстандық- Ақтөбе облысынан Өтеген Абдуллин, алматылық Иван Карасев, Ақтөбеден Борис Бондаренко, Талдықорғаннан Федор Малаховтар болды. Қазақстандық 23 жауынгер итальяндық қарсыласу қозғалысы құрамында –Қарағандыдан Тәкіш Әлпеисов, Қызылордадан Қалданбек Дүйсенбеков, Ақтөбеден Жаймақ Көлшіков т. б. жаумен қасық қаны қалғанша шайқасты.
66. «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауындағы басты міндеттерге талдау жасаңыз. Құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру да билік партиясының XXI ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін жүйеленген іргелі бағдарлама. Осы мақсатта партия өз қызметін басты жеті бағытқа шоғырландырып үлгерді. Доктринаны дайындау бойынша мәжілістерге партия Саяси кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. Еліміздің жарқын болашағы бейнеленетін бағдарламада қазақстандық қоғамның төмендегі негізгі бағыттарына басымдық берілді: еңбек ету құқығы, ынтымақтастық, отбасы құндылықтары және т.б. Доктрина Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда қазақстандықтарды жұмылдыратындығына күмән жоқ. Сондықтан жаңа тұжырымдаманың негізгі қағидалары философиялық-дүниетанымдық саяси құжат екендігін танытып отыр. Жаңа құжатта жаңа қазақстандық патриотизм бағыттарына басым назар аударылған. Бұл – аса маңызды мәселе. Өйткені, жаһандану дәуірінде ұлттық-мәдени құндылықтардың әлсіреу қаупі бар кезде және жаһандық құндылықтар салмағы артып тұрған тұста патриотизм белгілерін пысықтау қажет екені анық. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан трансформациялық үдерістер патриотизм мен оның мазмұнына өзгерістер енгізгендігін баршамыз білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы басты мақсат қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылғандықтан, мемлекет, қоғам, ұлт ретіндегі өмір сүрудің айнымас шарттарын үнемі дамытып отыруға тиіспіз. Жалпы, патриотты тәрбиелеу – отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар секілді әлеуметтік ортаның нысандарының объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік үдеріс. Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы – мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Сондықтан Елбасы Жолдауындағы басымдықтар еліміз үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің «алтын ғасыры» кезеңінде көздеген мақсаттарға міндетті түрде жеткізетіндігіне және жаңа Доктрина стратегиямен қатар 2050 жылға дейінгі даму идеологиясы болатынына Қазақстан халқы үлкен сенім артады.
67. Қазақстан Республикасының Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығы, қорытындылары мен тарихи маңызын айшықтаңыз. Мадридте өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды. Ең баянды бақыт – еліңнің бақыты. Ең биік мәртебе де, ең мәнді, ең мәңгі мәртебе де – мемлекетіңнің мәртебесі. Американ демократиясының атасы Т.Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет бақытқа ұмтылуға тиіс екенін айтқан. Осы тұрғыдан қарағанда 2007 жылғы 30 қараша Қазақ елінің баянды бақытқа жету жолындағы басты белестердің бірі болып саналарына біз кәміл сенеміз. Мадридтегі кеңесте 2009, 2010, 2011 жылдардағы үш төраға ел белгіленді. 2009-да – Грекия, 2010-да – Қазақстан, 2011-де – Литва төрағалық етеді. Қатарынан үш жыл төрағалық ететін үштіктің құрамында тұру арқылы біз ЕҚЫҰ басшылығында да қатарынан үш жыл боламыз. “ЕҚЫҰ тәртібі бойынша ондағы төрағалық – үштіктің төрағалығы, іс басындағы, бұрынғы және болашақ төраға қатар басшылық жасайды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады. Бұл өтінім біздің қауіпсіз әлемге деген тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды элементі болып табылады. Ол туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон саммитінде сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жүргізіліп жатқан реформалардың күшті қозғаушы күші болуға, одан әрі ырықтандыру мен ашықтық бағытындағы таңдап алынған жолдың дұрыстығын қосымша растауға бағытталған. Экономистердің айтуы бойынша осынау халықаралық беделді Ұйымға төраға болу Қазақстанның экономикасын дамыта түсуге қосымша серпін береді. Аймақтардың экономикасын арттыруға бағытталған түрлі үдерістің бағдарламаларымыздың іске асуына, тезірек алға жүруіне бұл мұрындық болатыны да анық. Сондай-ақ оның құрылымдық сапасын жақсартуға, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық әлеуетімізді әртараптандыруға қосымша күш берері сөзсіз. 2010 жылға әзірлік барысында біздің мемлекеттік құрылымдарымыз халықаралық қатынастың жаңа мектебінен өтіп, мол тәжірибе жинақтайды, қызметкерлеріміз, мамандарымыз өседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тынысы кеңейеді, қанаты алысқа сермеледі. ЕҚЫҰ-ның жұмысын барлық елдердің қауіпсіздігін, ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатына жұмылдырып, беделін көтеруге біздің ел өзінің үлесін қосуға мол әзірлікке кірісіп те кетті. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Қазақстан мемлекеттегі ел тұрмысына байланысты өсу, өркендеу өлшемдеріне жаңа талап, жаңа сапа беретіні де анық. Бұл оқиға қазіргі кездегі біздің дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз деген нақты мақсатымызбен үндес. Яғни, алда тұрған міндеттер ұлан-асыр.
68. Тәуелсіз Қазақстан шаруашылығындағы жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту мәселесі мен даму кезеңдерінің негізгі бағыттарын көрсетіңіз. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды.
69. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық үрдістер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың қайтып оралуы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз.
Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ын өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген. Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті.
Бұрын-соңды Қазақстанда көші-қон үдерістерінің заңды үрдісі болмағаны белгілі. Өйткені кеңестік дәуір тұсында ел ішіндегі көш-қон қарқынды жүріп, тың игеру, жер қойнауы байлықтарын игеру деген желеумен миллиондаған отбасы басқа республикалардан көшіріліп әкелінсе де, оған ұйымдасқан түрдегі шара ретінде ғана баға беріп келді. Сондықтан көші-қон саясатын реттейтін заң, заңнамалық актілер еліміздің тәуелсіздігін нығайту, кеңестік империя құлаған кезде жұмыс күшін басқа жолмен толықтыру мақсаттарынан туындады. Бұл ретте елімізде жұмыс күшін шетелдегі қазақ диаспорасы есебінен толтыру,шетелдегі қазақтардың атажұрт, байырғы Отанына оралсам деген армандарын нақты жүзеге асыру, сол арқылы ұлттық рухымызды көтеру мақсатында шетелдегі қандастарымызды көшіріп алу, яғни көші-қон, оралмандар мәселесі мемлекеттік саясат дәрежесінде күн тәртібіне қойылып, бұл мәселені ғылыминегізде реттеу қажеттілігі туды.
Сонымен бірге елімізде XX ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанда демографиялық жағдайдың нашарлауына байланысты республика халқының құрамында белсенді демографиялық саясат жүргізуді қажет етті. Бұл саясаттың бір бағыты шетелдердегі қазақ ұлтын Қазақстанға қайтару болып табылды.Көші-қон саясаты негізінен үш кезеңнен тұрады деп айтсақ болады.
Бірінші кезең – 1991–1997 жылдарда заң қабылданғанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде яғни Қазақстан жаңадан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдарында бұл кезеңде көші-қон туралы заң жоқтың қасы болатын. Шетелдегі қазақтарға қатысты шұғыл мәселелерді шешуде, тек Президент пен үкіметтің уақытша үкімдерін қолданатын. Бұл кезеңде көші-қон саясатындағы басты нысандардың бірі репатрианттардың құқықтық мәртебесін реттеп, қалыпқа келтіру болды.
Екінші кезең 1997–2008 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңде қабылданған заң жүйесінің алдына қойған басты мақсаты: халықтың көші-қонысаласындағы қоғамдық қатынастарды реттей отырып, көші-қон үдерістерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ оралмандар үшін қажетті жағдайларды жасауды белгілейді.
Үшінші кезең 2009-2011 жылдарға арналған көші-қон үрдісінде біршама табысты істер жүзеге асудағы «Нұрлы көш» бағдарламасы.Мәселен, бірінші кезеңге тоқталатын болсақ, бұл кезеңде шеттегі қандастарымыздың елге оралуына байланысты нақты заң жобалары қабылдана қойған жоқ. Алайда 1990 жылдардағы қазақтардың атажұртқа оралуының тарихи құбылысы Моңғолия қазақтарының «Еңбек шарты» арқылы жаппай көшіп келуінен басталды. 1990 жылы желтоқсан айының 27 күні екі жақ Сарыөзекте қол қойған №1 келісімшартта Қазақстан жағы 1991 жылы 1 наурыздан бастап Моңғолиядан мал бағуға бейімді 80 адам, көкөніс өсіру, құрылыс салу және инженер техникалық қызметке икемді (әрқайсысы 10 адамнан) барлығы 110 адамды (қазақтарды) еңбек шарты бойынша қабылдауға келісім берді.
2007 жылдың 28 тамызындағы ҚР Президентінің №399 – Жарлығымен еліміздің 2007–2015 жылдарға арналған Көші-қон саясатының тұжырымдамасы жасалынды. Осы тұжырымдамаға сәйкес тікелей Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2009 – 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы әзірленді. Ал 2011 жылы 22 шілдеде бекітіліп, 16 тамызда Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны» туралы жаңа Заңы қолданысқа енгізілді. Бұл заң негізінен маңызды әлеуметтік салаға түбегейлі өзгерістер жасады десек те болады. Атап айтар болсақ, бұл Заңның 5-бабында көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері айқындалып көрсетілді. Осы кезде келген оралман әрі қарай қандай құжаттар топтамасын әзірлеу, өздері келген ортасына қалай қоныстануы, қанша уақытта ҚР азаматтығын алуға болатыны, Үкіметтен берілетін әртүрлі деңгейдегі жәрдемақыларды қалай заңды түрде алатыны болатын мәселелері анық көрсетілді.
«Нұрлы көш» бағдарламасының негізгі мақсаты негізінен этникалық көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; елiмiздiң қолайсыз аудандарында тұратын Қазақстан азаматтарын ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу болды.
Сонымен қатар бағдарламаның мақсатына қол жеткiзу үшiн: а) бағдарламаға қатысушыларды экономиканың еңбек ресурстарына және серпiндi жобаларды iске асыруға деген қажеттiлiктерiне сәйкес қоныстандыруды ынталандыру; ә) бағдарламаға қатысушыларды әлеуметтiк қолдаудың жаңа тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру; б) тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй сатып алуға несие беру жолымен Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; в) Бағдарламаға қатысушылардың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; г) көшi-қон үдерістерін реттеудiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру сияқты міндеттерді шешу көзделді.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша сырттан көшіп келушілерді негізінен Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына қоныстандыру жоспарланған болатын. Осы мақсатқа арнап үкімет қыруар қаржы бөлді. Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған «Нұрлы көш» бағдарламасы 2009–2011 жылдары жүзеге асырылып, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен бұл бағдарламаға 197 миллиард теңге қарастырылды. Үш жылда бұл бағдарлама бойынша 60 мың отбасы, орта есеппен 300 мың адам көшіріп алу жоспарланды [68, 2 б.].
Осы заң нәтижесінде біраз оралман отбасылары 2011 жылғы көшіп келу квотасына енгізіліп, Көші-қон полициясы комитетіне рұқсаттама берілді, тағы сол сияқты азаматтық мәселелері, ықтиярхат алу мәселелері шешімін тапты. Әлі де болса, ҚР азаматтығын алуға байланысты және алдағы уақытта орал-мандарды ұтымды жүйелі түрде орналастыру, оларды еңбекпен қамтуда шешімін табатын мәселелер жеткілікті еді. Ал Көшіп келу квотасынан тыс келген қандастарымызды әлеуметтік қорғау мәселелері Қазақстан
Республикасының «Халықтың көш-қоны» туралы Заңына және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес шешіліп, оларға зейнетақы, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған жағдайда берілетінмемлекеттік жәрдемақылар төленді. Келген оралмандардың ішінде әйелдер мен мектеп жасындағы балалардың көп болуы еліміздің өсіп өркендеуіне қосар үлес екендігін анықтап берді. 2011 жылы Алматы облысы алғашқылардың бірі болып қолдап «Нұрлы көштің» өңірлік жоспарын бекітті. Ол жоспарда Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында, Талдықорған қаласы аумағында барлық инфрақұрылымдық жағдайлары жасалған 300-ден астам отбасы тұратын жаңа үлгідегі ауылдар бой көтеріп. 1991 – 2012 жылдар аралығында тарихи Отанына бет бұрған. Негізінен Көші-қон бойынша квота көп бөлінетін және көп шоғырланған аймақтардың бірі Алматы облысы болып табылады.
Жалпы осы «Нұрлы көш» бағдарламасының нәтижесінде елімізге көшіп келген оралмандардың саны артты. 1991 – 2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 806880 қазақ қоныс аударған. Бұл өте маңызды көрсеткіш, себебі ТМД елдерінен бірде – бір, тіпті, Ресей Федерациясы да бұл көрсеткіш жағынан Қазақстанмен теңесе алмайды. Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі өз атамекеніне оралып жатқан қандастарымызды орналастырудың ғана қамы емес,сонымен бірге осы елге оралған оралмандардың төл ортаға бейімделуі, тарихи Отандағы этникалық сіңісу үдерісін жеңілдетудің бір тетігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет