1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуінің тарихи маңызын ашыңыз



бет48/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81
57. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуінің тарихи маңызын ашыңыз.2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты. Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.
58. Қазақстанның сыртқы саяси қатынастар саласындағы басымдықтар. Қазақстан-әлем мойындаған ел. Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында көрініс тауып отырады және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады. Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына әртүрлі кӛптеген жағдайлар ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анық-тауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі өзен-су ко ммуникацияларын, теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, көрші елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме, басқа мемлекеттермен шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары, өндіргіш күштердің даму қарқыны, мәдениеттің даму тенденциясы, әлеуметтік құрылымды ұйымдастыру түрі және саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп отырады. Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі— дипломатия болып табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі түрі болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдік саяси партиялармен достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады. Сыртқы саяси байланыстар - экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс-несие және мәдени қарым-қатынастар жасау арқылы да іске асырылады. Қазақстанның дербес сыртқы саясатын жүргізу алғышарттары егемендіктің қалыптасуымен қатар жүрді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі елді алғаш рет халықаралық құқықтың субьектісі деп анықтаған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» қабылдады. Бұл тарихи құжатта:«Қазақ КСР-нің халықаралыққатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар», – деп жарияланды. Қазақстанның егемендігін әлемнің барлық елдері және халықаралық ұйымдар мойындады, көпвекторлы сыртқы саясат қалыптасты, әлемдік қауымдастықтағы беделі артты, екіжақты байланыстар дами бастады. Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен ұсынылған ынтымақтастық жобалары үлкен резонанс тудырды, елдің халықаралық аренада қолайлы имидж қалыптастыруынажағдай жасалды. Қазақстан бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің бірі, ірі астық экспорттаушы. Жоғары деңгейдегі келіссөз­дер өткізу­дің зор жауапкершілігін арқа­лай алатын Қазақстан кеше­гі Сирия дағдарысында да тарап­тар­дың басын қосып, күн-түнге созылған құжаттардың қабылдану сатысына алаңдаған әлемдік қоғам­дастық ел ордаға көз тігіп отырды.
59.Заманауи Қазақстандағы әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару (кедейшілікті еңсеру, халықты еңбекпен қамту, жастарды қолдау, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру реформасы, денсаулық сақтау мен спорт дамыту)
. Әлеуметтік реформалар мен оны жаңарту шаралары. 1991 жылдың соңынан тәуелсіз даму жолына түскен Қазақстан әлеуметтік қатынастар саласында ірі көлемдегі өзгерістерге бет бұрды. Әлеуметтік өзгерістер мен реформалар жүргізу арқылы халықты әлеуметтік қорғаудың сапалы деңгейін қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастарды ендіру болжанды. Алайда, еліміз бұрынғы жүйенің қателіктері мен кейбір құндылықтары жаңа орын алған өзгерістерге, реформалау үдерістеріне тежеу қойды. Сондықтан нарыққа көшудің алғашқы кезеңінде (1991-1993 жж) қазақстандықтардың басым көпшілігінде өмір сүру деңгейінің кенеттен төмендеуі байқалды, мұның өзі елімізде әлеуметтік шиеленістің ұлғаюына әкелді.
Аталған тұста Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат келесі бағыттар бойынша жүргізілді: халықтың аз қамтылған санатын қорғау; халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға бағытталған мемлекеттік экономикалық саясат жүргізу; жұмыссыз мәртебесін иеленген азаматтарды қорғау[5-слайд]. Халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қорғау табысты келесі бағыттар бойынша ең төмен тұтыну бюджеті деңгейіне дейін ұлғайту: кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде жұмыс істейтіндерді әлеуметтік қорғау; жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтік қорғау; зейнетақымен қамтамасыз ету; аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету; бағаларды тұрақтандыру; табыстар мен жинақ ақшаны индексациялау; жұмыс істеушінің ең төмен жалақысын ең төмен тұтынушылық бюджет деңгейіне дейін көтеру болды.
Нарыққа көшу және экономикалық және әлеуметтік салаларды күшейе түскен дағдарыс жағдайында зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер, көп балалы және толық емес отбасылар, жұмыссыздар сияқты халықтың неғұрлым әлжуаз топтары аса ауыр жағдайда қалып қойды. Бұл жағдай бірқатар фактілермен анықталады. Мысалы, халықтың осы санатына төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері осы кезеңде мемлекеттік бюджеттен алынатын ақшалай-өтемақы төлемдерімен анықталды. Ал 1990 жылдардың басында табыстың ең төмен деңгейі Қазақ ССР-інің «Ең төмен тұтынушылық бюджет туралы» және «Ең төмен жалақы және еңбекақы төлеу саласындағы мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер туралы» Заңдармен (1991ж.) анықталды, осыған сәйкес ең төмен жалақы ең төмен тұтынушылық бюджетке, яғни отбасының әрбір мүшесі үшін заттар мен азық-түліктің ең төмен қажетті мөлшерінің «ғылыми әзірленген нормасына» негізделуі тиіс. Алайда, осы нормалар қағаз жүзінде ғана қалып қойып, Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі үшін бағаның тоқтаусыз өсуі мен жалақының артуы арасындағы айырмашылық қана шындыққа айналды, мұның өзі республикадағы кедей халық саны арттырып, жағымсыз үрдісті негіздеп берді. Соның нәтижесінде 1991-1998 жылдар аралығында кедейлер санатына жататын адамдар контингенті ұлғайып, 1996 жылы 34,6 %-ды, 1997 жылы - 43,0 %-ды, ал 1998 жылы 43,4 %-ды құрады.
1992 жылы басталған құрылымдық өзгерістер нәтижесінде кәсіпорындарға бөлінетін бюджеттік аударым қысқара түсті, соған сәйкес кәсіпорындардың басшылары өз жұмыскерлерін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберуге немесе толық емес жұмыс күніне көшіруге мәжбүр болды. Сөйтіп қазақстанның еңбек нарығында ашық жұмыссыздық деңгейі төмен болып қалатын, бірақ сонымен қатар жасырын жұмыссыздықпен қамтылғандар пайызы арта түскен жағдай қалыптасты. Жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заңға сәйкес (1991 ж.), жасырын жұмыссыздар жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылып, олар жұмыссыздар болып табылмады. Сонымен қатар өндірістің толық немесе ішінара тоқтау салдарынан жұмыстан айырылған олар көбіне ақысы төленбейтін демалыста болуға, мүлдем жұмыссыз қалып қоюға мәжбүр болды. Мемлекеттік несиелеу және жекешеленген кәсіпорындар санының арта түсуіне орай, республикада ресми тіркелген жұмыссыздар саны ұлғая түсті (1992 ж. - 33,6 мың адам, 1993 ж. - 40,5 мың адам, 1994 ж. - 70,0 мың адам, 1995 ж. - 139,5 мың адам)
Республика аумағындағы жұмыссыздықтың бұлайша ұлғаюы халықтың табиғи өсімінің төмендеуі мен жұмыс күшінің ұсыныс көлемінің азаюына ықпал етті. Бұл процесс тіпті 1993-1995 жылдары республикадағы көші-қон үдерістерінің күшеюіне әкеліп соқты. Республика аумағынан шығып кеткен адамдардың жартысынан астамы жоғары, аяқталмаған жоғары және орта арнаулы білімі бар азаматтар болды. Жұмысшылар, гуманитарлық бейіндегі мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер неғұрлым маңызды топ құрады. Бұл негізінен адамдардың жұмыссыз ретінде тіркелуіне кедергі жасайтын психологиялық фактормен, сондай-ақ ірі мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің төмен қарқынымен жүргізілуімен түсіндірілді. Жұмыссыздардың ерекше жоғары пайызы әйелдер арсында орын алды және ол тұрақты өсу үрдісін иеленіп отырды (1994 жылы 45,4 мың адам,1995 жылы 83,8 мың адам). Қоғамдағы жаңа пайда бола бастаған шағын жеке бизнестің әлеуетті нашар дамығандықтан, жұмыспен қамту орталықтарында қайта даярлауға ұмтылу табысты бола қойған жоқ, ал жекеменшік несиелеу мен өндіріс немесе кеңсе етіп жабдық мен алаңдарды жалға алу нарығының мүлдем жоқ болуы әйелдердің шағын бизнесте өрлеуіне кедергі жасады. Бұл үрдіс тек 2001 жылдан бастап қана қалыпқа түсіп, әйелдер арасындағы жұмыссыздық біртіндеп азая түсті
1991 жылдан бастап енгізілген Жұмыспен қамту қорының қаражатымен қаржыландырылатын жұмыссыздық жәрдемақысы республиканың түрлі аймағында түрліше мөлшерге ие болды. Нәтижеде жәрдемақы мөлшері реттеуші рөл атқара бастады, өйткені жұмыссыздықты тіркеу дәрежесі тікелей соған байналысты болды. Осыған байналысты халықты бұл жәрдемақымен қамту үшін арнайы түсіндіру жұмысы қажет болды, халықтың көпшілігі жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың бар екендігінен мүлдем хабарсыз болды. Ауылдық жерлердегі қазақ отбасыларының өмір сүру салты ерекшеліктерін, жұмыссыздар санын анықтаудың әдістемесі мен оны қолдану ісі толық жетілдірілмеді, соған орай ұзақ уақыт бойы жұмыссыз қалған қызметкерлер жұмыссыздық бойынша ресми көрсеткіштерден орын алмай, кәсіпорын тізімінде қалып қойды.
Сонымен бірге республикада орын алған инфляция қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктер деңгейінің төмен болуы халықтың шынайы табысының құлдырауының бірден-бір себебі болды. Жұмысшылар мен қызметшілердің ең төмен жалақы мөлшері өте төмен деңгейде қалып қойды, ал жалақы төлеу бойынша қарыз ұлғая түсті. 1990 жылдардың басында Қазақстан халқының басым бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендеу жағдайы 1993-1995 жж. халықтың жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көрсеткіштерінің азаюымен расталады, мәселен, 1993 жылы - 3751 АҚШ долларын құраса, 1994 жылы -2909 долларды, 1995 жылы -2757 долларды құрады. Тек бұл процес 2004 жылдан бастап қана, нақты айтқанда ЖІӨ өндірісінің көлемі 1990 жылғы деңгейден 3,5 есеге артық болды
Қазақстан бойынша орташа есеппен еңбекақы төлеу халықты негізгі өмір игіліктерімен қамтамасыз ету бойынша шығындарын өтеуге мүмкіндік бермеді. Жылдам қарқын алып келе жатқан әлеуметтік теңсіздік қоғамда үстемдік алған әділеттілік ұғымымен қайшылыққа түсті. Елімізде білім деңгейі, әлеуметтік-кәсіби мәртебе сияқты факторлардың еңбекақы төлеу шамасына әсері маңызды түрде төмендей түсті. Мәселен, тәуелсіздіңтің алғашқы жылдары зиялы қауым (көпшілік дәрігерлер, оқытушылар, инженерлік-техникалық қызметкерлер құрамы, ҒЗИ жұмыскерлері және т.б.) «жаңа кедейлер» қабатын түзе бастады. Білім деңгейі жоғары халықтың басым бөлігіның табысы төмен топта қалып қойды.
Қазақстанның экономикалық дамуына белгілі бір шамада әсер еткен 1997-1998 жылдардағы Азиядағы және Ресейдегі қаржы дағдарысы болды, бұдан кейін республикада макроэкономикалық тұрақтану үрдістері байқала бастады. ХХІ ғасырдан бастап мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдығы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, еңбек нарығындағы жағдайда жақсарту және еңбек қатынастарын жетілдіру болып табылады. Халықтың өмір сүру сапасының жекелеген параметрлерінің жақсару бағытында өзгере түсуі (соңғы жылдары байқалып келеді) экономикалық өсімнің оң әсерін көрсетіп берді
Кедейшілікті еңсеру. Әлеуметтік саладағы маңызды мәселелердің бірі – кез-келген қоғамға тән блып келетін кедейшілік. Кедейшілік кеңес қоғамында да болды, бірақ ресми түрде мойындалып, жария етілген жоқ. Осы құбылысты белгілеу үшін «аз қамтылған» деген термині пайдаланылды. ХХ ғасырдың 90 жылдарының алғашқы жартысында барлық ТМД елдерінде кедейшіліктіңең жоғарғы мөлшерге жетіп, халықтың әл-аухаты төмендеді. Өндірістік қатынастардың түбегейлі жойылуы мен әлеуметтік жүйенің құлдырауы, Қазақстан экономикасын нарыққа бейімдеп құру шаралары алғашқы кезеңде халықтың жаппай кедейленуіне алып келді. Кедейшілік ол тек қана тамақтаны, киім, тұрмыс, үй, денсаулық сақтау мен білім алу сияқты негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті табыс пен мүмкіндік қана емес, сонымен қатар сау және ұзақ өмір сүруге, білім алудың жеткілікті дәрежесіне қоғамдық өмір сүру мүмкіндіктеріне және мәдени-әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жететін табыс көзінің болмауы болып саналады. Осы міндеттер тобы шешілмегендіктен, 1998 жылы республикадағы кедейшілік өзінің ұшар шыңына жетіп, халықтың 2/5-іне жуығы ең төмен күнкөріс шамасынан төмен деңгейде өмір сүрді. Кедейшіліктің ең жоғары пайызы шалғайда орналасқан ауылдық жерлер мен шағын қалаларда байқалады. Ауылдың жерлерде кедей халықтың үлесі, мысалы, 2001 жылы 38,5%-ды құраса, ал ең жоғары пайызы Маңғыстау облысында байқалса (45,9%), 2004 жылы күнкөрістің төменгі деңгейі 5427 теңгені құрап (ең төменгі деңгейі Оңтүстік Қазақстан облысында 4691 теңге, ең жоғарғы деңгейі Маңғыстау облысында – 7174 теңге) құраған].
2006 жылғы ресми деректер бойынша Халықаралық қоғам, табиғат және адам университетінің өмір сүру сапасы индексінде (Дубна, Ресей) Қазақстан 1,17 коэффицентімен 78 орынды иеленсе, ал рейтинг лидері Норвегия 3,83, Ресей - 1,57, Қытай – 0,34 коэффицентіне ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған бәсекеге қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейі мен экспорттық мүмкіндіктерге қол жеткізу тұжырымдамасында әл-ауқат, денсаулық және қоршаған ортаның ахуалының бәсекеге қабілетті стандарттарына қол жеткізу арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз ететін даму үлгісі жасалып, жүзеге асырылды. Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жаһандық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне дейін жақсарта түсу әлеуметтік орта тұрақтылығының, халық денсаулығы мен қауіпсіздігінің жоғары дәрежесін қажет етеді. Әлеуметтік ортаның тұрақтылығы – бұл еліміздің ұзақ мерзімді жоғары бәсекеге қабілеттілік кепілі. Қазақстан гүлденген қоғамға қарай бет бұра отырып, күшейе түскен қарама-қайшылықтар қоғамына айналуына жол бермеу керек. Сондықтан ел экономикасының қажеттілігін салауатты еңбек ресурстарымен қамтамасыз етумен қатар, Қазақстанда әлеуметтік қамту және әлеуметтік қорғау жүйесі есебінен әлеуметтік ортаның тұрақты әрі қауіпсіз дамуы орын алуы тиіс. Бұл үшін мемлекет кедейшілік деңгейін өлшеу жүйесін жаңарту, аналық пен балалық шақты әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету әдістерін жетілдіру бойынша шаралар қарастырып отыр. Сонымен қатар адам капиталының кешенді дамуына қол жеткізу үшін, жоғары сапалы жағдайларға және халықтың рухани, мәдени және ақпараттық қажеттіліктерін өтеу қызметіне қол жеткізуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарының, заңды мүдделерінің тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қажет. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде халық денсаулығының көрсеткіштерін жақсарту үшін, пәрменді шаралар қабылдау ерекше маңызға ие.
Халықтың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы келесі қадам 2012 жылдың 10 шілдесінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандағы әлеуметттік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласы негізінде жасалды, мұнда негізінен қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді тез арада шешу және Қазақстандағы әлеуметтік жаңарудың барлық саласында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға, кедейлер санын қысқарту және әлеуметтік әлсіздіктерге жол бермеуге бағыттау ерекше атап өтіледі[12-слайд ].
Қазақстанда біртіндеп халықтың орта табы қалыптасып келеді. Қоғамдағы орта тап үлесінің мөлшерлік сараптама бағасы халықтың 25%-ынан 60%-ына дейін ауытқиды. Қазақстанда халықты орта тапқа жатқызудың жалпы қабылданған критерийлерінің болмауынан, осындай ауытқулар орын алып келеді.
Сонымен бірге 2012 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету шараларын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірледі, мұның өзі белсенді жұмыспен қамылуды отбасылық міндеттермен үйлестіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік үдерістерді мелекеттік басқарудың тиімді жүйесін реформалау аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа моделін мүдделі мемлекеттік органдар әлі де талқылау үстінде.
Ал Қазақстанның әлеуметтік саясатының басты стратегиялық міндеті алғаш рет 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП сайлау тұсындағы бағдарламасында мәлімделіп, соған сай Өмір сүру сапасының ұлттық стандартын жүзеге асыр көзделген. Ол бойынша:
- Халықтың жан басына шаққандағы табыстың жоғары деңгейі – орташа еуропалық деңгейден төмен емес; әлеуметтік теңсіздікті қысқарту; орта тапты қалыптастыру.
- Жоғары сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау. Тегін көрсетілетін сапалы медициналық қызмет көрсетудің ең төмен көлемін ұлғайту.
- Қала мен ауылды дамытуда теңгерімге қол жеткізу.
- Халықтың әлеуметтік әлжуаз қабаттарына кеңінен қолдау көрсету; еуропалық өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тиімді атаулы әлеуметтік қорғау жүйесі.
- Экологиялық таза қоршаған орта.
- Дамыған қызмет көрсету саласы. Көлік, байланыс, телекоммуникация, демалыс және туризмнің сапалы қызмет көрсетуіне кеңінен қол жеткізу[13-слайд ].
Сондықтан соңғы жылдары биліктің барлық күш-жігері өмір сүрудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған. 2008 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «… өмір сүру сапасының стандарттары тоғышарлық көңіл-күйлерге әкелмей, адам капиталын дамыту мен Қазақстанды әлеуметтік жаңғыртудың тиімді нарықтық құралына айналуы тиіс» деп атап өтті. Жалпы, республикада өмір сүру сапасы көрсеткішінің кеңестік деңгейіне тек 2007 жылы ғана қол жеткізе алды. 1991 жылы Қазақстанда Адам дамуының индексі 0,802-ге тең болды, мұның өзі республикамыздың өмір сүру сапасының деңгейі бойынша әлемде 54 орын алуына мүмкіндік берді, алайда 2007 жылдың өзінде аз-мұнша үлкен индекске (0,804) ие бола отырып, ҚР небары 82 орын алды. Өмір сүру ұзақтығының индексі бойынша Қазақстан 2009 жылға дейін кеңестік деңгейге қол жеткізе алмай келді. 1991 жылы өмір сүру ұзақтығының индексі 0,73-ке, ал 2007 жылы - 0,66-ға тең болды. Орташа күтілуші өмір сүру ұзақтығы 1991 жылы 67,6 жасты, ал 2007 жылы - 66,3 жасты, 2009 жылы - 68,4 жасты құрады. Осы тұстағы Қазақстанның 16 аймағында өмір сүру сапасына кластерлік талдау жасау аймақтарды төрт топқа бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: бірінші топ (Ақмола, Талдықорған, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан) Қазақстан бойынша орташа деңгеймен салыстырғанда өмір сүру сапасының едәуір төмен болуымен сипатталады; екінші топ (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары), алдыңғы топқа ұқсас көрсеткіштерге ие бола отырып, едуір төмен өмір сүру деңгейімен және едуір жоғары денсаулық сақтау деңгейімен құрылымдық тұрғыдан ерекшеленеді; үшінші топ (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар облыстары) орташа қазақстандық деңгеймен салыстырылатын өмір сүру сапасы деңгейінің көрсеткішімен сипатталады. Төртінші топ (Атырау және Маңғыстау) жоғары өмір сүру деңгейімен ерекшеленеді ( халықтың жан басына шаққандағы ЖАӨ). Бесінші топ (Астана, Алматы) Қазақстандағы өмір сүру сапасының деңгейі бойынша барлық компоненттер жағынан барлық қалған аймақтарды басып озады[14-слайд ].
Қазіргі Қазақстанның серпінді дамуын әлемдік қауымдастық мойындап отыр. 2009 жылы БҰҰ өз баяндамасында Қазақстанды адам әлеуетінің деңгейі жоғары ел санатына қосты, мұның өзі ҚР белгіленген стратегиялық жоспарларды іске асырудың шынайы мүмкіндіктеріне ие екенін білдіреді. Бүгінде Қазақстан өзінің әл-ауқатын көтерген, экономикасы дамыған, жұмыссыздық пен кедейшілікті еңсерген елдер қатарына крігіп, өзінің даму бағытын айқындап отырған мемлекет санатына еніп отыр.

60. Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) атқаратын қызметін анықтап, ұлтаралық келісім мен демократияны нығайтудың Қазақстандық моделінің ерекшелігі туралы баяндаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет