1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


Дүниежүзі қазақтарының құрылтайларында қабылдаған шешімдерді салыстыру жолымен маңызын анықтаңыз. (1992 ж., 2002 ж., 2005 ж., 2011 ж.)



бет72/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

96.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайларында қабылдаған шешімдерді салыстыру жолымен маңызын анықтаңыз. (1992 ж., 2002 ж., 2005 ж., 2011 ж.).
Осыдан 27 жыл бұрын Алматы қаласында Елбасы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен әлем қазақтарының басын қосқан 1-ші Дүниежүзілік құрылтайы өткен болатын. Құрылтайға сонау Скандинав түбегі елдері, кәрі құрлық Еуропаның біраз мемлекеттері, Түркия, Моңғолия, Қытай, Ресей елдерінен қандастарымыз келді. Содан бері елімізде жаһан қазақтарының қатысуымен 5 реткі құрылтай болып өтті.

Тарихқа сәл шегініс жасап, 1992 жылғы құрылтайға оралсақ. Алғашқы алқалы жиында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын бекіту, басшылық органдарын сайлау мәселелері талқыланды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының алғашқы төрағасы болып, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Төрағаның бірінші орынбасары болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Қалдарбек Найманбаев, ал Дәлелхан Жаналтай, Мырзатай Жолдасбеков пен Алтынбек Сәрсенбаев төралқа мүшелері болып сайланды. Құрылтай таңбасының авторы — суретші Бейсен Серікбай.


Құрылтай кезінде шеттен келген қандастарымыз Қазақстанның киелі де көрікті жерлерін аралады. Олар екінші Мекке атанған — Түркістан қаласында болды. Жезқазған, Ұлытау секілді киелі жерлерге табандарын тіреп, ата-баба рухына тағзым етіп қайтты.
«Бүгінгі күн — ерекше күн. Орта толды деген осы. Дәл осынау сәтте өзін қазақпын деп сезінетін әрбір адам жүрегі лүпілдеп, атамекеніне, тәуелсіз Қазақстанның астанасы Алматыға көз тігуде. Өйткені мұнда дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі иісі қазақ атаулының өкілдері тұңғыш рет бастарын қосып, алқалы жиын, салтанатты мәжіліс — Құрылтайға жиналып отыр. Күні кеше ғана мұндай болады деген ой көбіміздің қиялымызға кірмеген шығар. Енді, міне, аңсаған арманның тағы біріне қол жеткіздік. Сан ғасырға созылған отаршылдықтың бұғауынан босанып, таяуда ғана тәуелсіздік алса да, қысқа мерзім ішінде бүкіл айдай әлем түгел мойындап, абыройы асып үлгірген Қазақстан жұртшылығы сіздерді, ардақты ағайын, туған жерде құшақ жая қарсы алып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Мен Республика Президенті ретінде бәріңізді Дүниежүзі қазақтары Құрылтайының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға: «Туған жерге қош келдіңіздер!», — деймін деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы Дүниежүзі қазақтары Құрылтайында.
Әрине, еңсесін енді көтере бастаған елдің басты міндеттерінің бірі — дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарымызды қайтарып, әр салада жағдайларын жақсарту және олардың ішінен Қазақстанның болашағын жарқындататындай азаматтарды іздеу еді.
Міне осы кездесуден бері қаншама жылдар өтті... Қазіргі кезде шетелдегі қазақтардың мәдени орталықтарымен түрлі байланыстар жүріп, көбісі жүзеге асып келеді. Қазақстанда қауымдастықтың бірнеше бөлімшелері бар. Жыл сайын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы шетелдегі қандастарымыздың жағдайларына тиісті деңгейде зерттеулер жасап, шешімдерін шығарып, Үкіметке түрлі бағдарламалар ұсынады. Сондай тыңғылықты жұмыстардың нәтижесінде 1996 жылдың өзінде «Шетелдегі отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.
Мемлекеттің түрлі тиімді бағдарламарының нәтижесінде тарихи отанына келушілердің саны күрт көбейді. Еліміздің Статистика комитетінің пайымдауынша бүгінге дейін шетелден шамамен 1-млннан астам этникалық қазақ қоныс аударған екен. Олардың көпшілігі Өзбекстан, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түрікменстаннан келген. Әрине, сөздің басында айтып кеткендей, елдегі бұл үлкен тарихи кезеңнің мақсаты тек қандастарымызды елге қайтару емес еді. Яғни, ұлттық экономикадан бастап, өнер саласының дамуына үлес қоса алатын азаматтарды тарту болатын. Қазір ол бастамалар орындалған секілді. Қазақ еліне мыңдаған өнер, мәдениет, спорт жұлдыздары және түрлі кәсіпкерлер де келіп ел экономикасын көтеруде. Айта кетер болсақ, 1992 жылы 30 қыркүйектегі кездесуден кейін 2002 жылы қазан айының 23-інде қазақтың бірнеше хандары мен билері жатқан Түркістан қаласында II Дүниежүзілік қазақ құрылтайы өтті. Кейіннен 2005, 2011, 2017 жылдары Астана қаласында жаһан қазақтарының құрылтайлары өтті.

Әлем қазақтарының Құрылтайлары жер шарының түкпір-түкпірінде тұратын этникалық қазақтардың іскерлік сұхбаты алаңына айналуда. Құрылтай қазақ халқының мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, оны молайтуға мүмкіндік береді. Ол, сондай-ақ, біздің отандастарымыздың Қазақстанға өз еркімен қоныстануына жол ашады.


Осынау маңызды іс-шара көші-қонға жауапты мемлекеттік органдарға шетелден қоныс аударушылардың өздерінің тарихи отандарында бейімделуіне, этникалық көші-қон мәселелерін шешуге, көші-қон жәнен білім туралы заңдарына байланысты уақыт талабын ескеруге жаңаша тұрғыдан қарауға көмектеседі.
97. Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым - Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатындағы басты мәселелер (25 10.2014 жыл).
.– Біріншіден, Жезқазған жерінде үлкен тарихи оқиға болды деп санаймын. Бұл – Жезқазған өңірінен ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мыс кенін табуымен және Жезқазған қаласының орнығуымен сабақтас нәрсе. Қазір арада 50-60 жыл өтті, қаншама кен шығарылды, мыс алынды. Жер қойнауындағы байлықтың таусылатын кезі болады. Жезқазғанның төңірегіндегі мыс кені де таусылып, қаланың жағдайы нашарлай бастады. Бұл – табиғи жайт. Кеңес Одағы тұсында әрбір кен орны, әрбір электр стансасы төңірегіне ауыл салынатын еді ғой. Ал енді мына жердегі жұмыс ауқымы біткеннен кейін халық не істерін білмей қалды. Жезқазғанның теміржол тұйығында тұрғаны бәрімізді әр уақытта қинайтын еді. Екіншіден, Кеңес Одағы кезінде барлық теміржол Ресейге қарай салынды. Ал көлденең жүретін, елді бір-бірімен қатыстыратын жол салынған жоқ. Ол Кеңес Одағының да, Ресейдің де ешқандай жоспарына кірмеді. Қазақстанды ешкім ойламады. Енді, міне, еліміздің экономикасы ілгерілеп, 500 миллиард теңге ақша бөлінетін жағдайға жеткеннен кейін осындай 1200 шақырымдық теміржол салынып отыр. Бұл – айта салғанға өте оңай. Ал маңызына келсек, алдағы 50-100 жылда пайдаланатын игілігіміз. Жаңа тікұшақпен ұшып келе жатқанда өзің көрдің, тақыр даланың торғай қонатын бұтасы жоқ. Сол тақыр далада ел тұрмайды. Себебі, оған жұмыс та жоқ, шаруашылық та жоқ. Ал теміржол төрт облыстың бірнеше ауданына тіршілік нәрін береді. Теміржолдың бойынан жұмыс табылады. Жұмыс болғаннан кейін кенттер бой көтереді. Халық қоңданады, даламызды ел жайлайды. Экономикалық жағы өз алдына бір мәселе. Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар. Қазақтың ен даласының қай шетіне барсаң да, осындай қасиетті жерлер табылады. Шығысқа барсаң – Берел қорғаны бар, Орталыққа келсең – қалмақтармен соғысқан Аңырақай шайқасы өткен жер бар. Батысқа барсаң – Алтын Орданың хандары тұрған Сарайшық сияқты қасиетті мекен бар, Оңтүстікке барсаң – Түркістан тұр. Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Дүние жүзінен – Қытайдан, Ираннан қазақ тарихының жазба жәдігерлерін жинадық. Қазақтың көп дүниелері атадан балаға ауызекі түрде беріліп келген. Ұлытаудың қасиеті осындай. Кең байтақ жерде қазіргідей ұшақ, теміржол, автокөлік жоқ. Бір-біріне барып көмектескенше не заман? Әрқайсысы өзін өзі сақтап қалу керек болды. Сондай замандар өткен. Мысалы, Отан деген үлкен ұғым. Отанды қорғау дегенде, әрине, адам баласы алдымен өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, бауырларыңды, балаларыңды, немерелеріңді ойлайсың. Сол жүрекпен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсың. Сондықтан тарихыңды білген жөн болады. Тарихын білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр. Мысалы, керемет үлкен еменнің тамыры терең болмаса, ол дауылға шыдап тұра алмайды. Сондықтан тарихымызды таныту үшін қазір көп нәрсе жасап жатырмыз. Сондай тарихтың куәгері – Ұлытау. Оны білуіміз керек. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет