100.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің негізгі бағыттарын көрсетіңіз.
Нарықтық экономикаға көшу – ұзақ, күрделі, және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік-экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудың құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Бұл заңдылық экономиканы қайта құрудың стратегиясы мен тактикасын сенімді болжап, экономикалық саясаттың ықпалды да тиімді жолдарын таңдай білуді талап етеді. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында тәжірибе мен республикамызға тән ерекшелерді ескере отырып, экономикалық дербес дамудың жолдарын қарастыру міндеттері тұр.
Қазақстан Республикасының ұлан ғайыр жері, оның ерекше бай қазыналары, табиғи-экономиклық қолайлы жағдайлары бар. Қазақстанның осыншама байлыққа ие болуы оның экономикасының дербестігінің негізі болып табылады.
Саналы нарыққа көшу жағдайларындағы ең маңызды міндет – республиканың өндірістік ахуалына экономикалық дұрыс баға беру, қолда барды ұтымды пайдаланудың нақтылы бағдарламасын жасап, "технологиясын" талдау.
Республикада экономика мен бизнес салаларында осы заманғы жоғары маманданған кадрлар даярлау студенттер тарапынан Қазақстан экономикасының нақтылы жағдайын "өткені – қазіргісі - болашағы", "сала –регион – бүтіндей халық шаруашылығы " тарауларына бөле, нарықтық құрылым жүйесін дамыта қалыптастыру жолдарын неғұрлым тереңірек зерттеп білуді талап етеді. Экономиканы қайта құру бағдарламасындағы және оларды іс жүзіне асырудағы тиімсіздіктер білмеушіліктен ғана емес, адамдардың отан шаруашылығының шын мәнін, ерекшеліктерін, кездесетін қайшылықтарды болжай алмайтындықтарынан болып отыр.
"Қазақстан экономикасы" курсы - өзіне ғана тән қолданбалы білім саласы. Оның мақсаты – халықты республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жолдарымен қаруландыру. Қазақстан экономикасының даму барысын басқыштай талдау мынадай ретте құрылады: басында құрылымы мен міндеттері. Одан кейін Қазақстан экономикасының "кешегісі – бүгінгісі - болашағы" тізбектері арқылы жалпы тарихи-экономикалық шолу жасалады. Келесі Қазақстан экономикасы салалары бойынша және олардың ішкі байланыстары талданады; республика өңірлеріндегі экономика жағдайларына талдау жасалады.
Осы заманғы Қазақстан Евразияның төріне орналасқан бірегей мемлекет. Оның елбасы және орындаушы өкімет билеушісі Президент болып табылады. Республиканың заң шығаратын жоғарғы органы – қос палаталы (сенат және мәжіліс) Парламент, әкімшілік басқаруды Министрлер Кабинеті жүзеге асырады, ол министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің жұмысына басшылық етеді.