1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнатудағы шаралар



бет80/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

110.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнатудағы шаралар. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-ның даму үрдістері. Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнатудағы шаралар. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-ның даму үрдістері.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бап, 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жазылған. Яғни, мемлекеттік құрылымдардың қызметі халықтың игілігіне, азаматтардың сұранысы мен талап-тілектеріне бағытталуы тиіс.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет» деген болатын.
Осы мақалада мемлекет пен халық арасында тығыз қарым-қатынас орнатудың жай-жапсарына үңіліп, жетістіктер мен әлі де жетілдіруді қажет ететін факторларға тоқталатын боламыз.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан шараларға шолу.
Қазіргі таңда елімізде осы тұжырымданы іске асыруға бағытталған бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудың түрлі тетіктері іске қосылуда.
Нұр-Сұлтан қаласында былтыр тамыз айының соңында «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ашылды. Бұл орталық қала тұрғындарына «бір терезе» қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
«Жанұя» орталығы ашылғаннан бері бүгінге дейін 26 мыңнан астам қала тұрғынына көмек көрсетілген. Бұл еліміз бойынша халыққа қызмет көрсетудің, жұртшылықпен байланыс жүйесінің үздік үлгілерінің бірі. Сонымен бірге, қазіргі таңда көптеген мемлекеттік органдарда «Ашық әкімдік» форматында фронт-офистер құрылуда. Аталған жерде әр түрлі мемлекеттік органдардың халыққа жедел қызмет көрсету мүмкіндіктері қарастырып, кері байланыс тетіктері жетілдіруде.
Сондай-ақ, елімізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жанындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халықтың қызмет алу мүмкіндігін оңтайландыру жұмыстары уақыт өткен сайын жетілдіріліп келеді.
Үй, балабақша кезегіне тұру, автокөліктерді рәсімдеу сияқты қызметтер барынша жеңілдетілген түрде халыққа ұсынылуда. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы да халыққа көрсетілетін қызмет түрлері цифрлық форматқа көшірілуде. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы орталық және жергілікті деңгейдегі мекеме басшыларының блогына ресми хат жолдап, үш күн мерзімде жауап алуға мүмкіндік жасалған.
Сонымен қатар, мекеменің бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары ашылып, кейбір мекеме басшылары өздерінің жеке байланыс телефондарын жариялау арқылы халықпен жедел кері байланыс орнатуға көңіл бөлуде. Бұл аккаунттардың бәрінен жедел жауап, нақты шешім қабылданбаса да, халықпен қарым-қатынас саласында айтарлықтай жүйелі түрде алға жылжудың бар екенін айту керек.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы аясында билік өкілдерінің халықпен кездесулері артып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау үрдісі жетілдірілуде.
Былтыр Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінде «Бюджетке қатысу» бастамасы аясында біраз игі шаруа атқарылды. Яғни, аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді шешу бойынша жалпы құны 15 млн. теңге юолатын жоба ұсынады. Ол жобаны арнайы комиссия қарастырып, халықтың дауыс беруіне ұсынады. Ең көп дауыс жинаған жобаны іске асыруға жергілікті бюджеттен тиісті қаражат бөлінеді. Осы арқылы халықтың белсенділігі артып, бюджет қаражатын қайда жұмсау қажеттігі жөнінде нақты шешімдер қабылдай алады. Осы тәжірибе қазіргі таңда Елорда мен еліміздің өзге аудандарында да қолға алына бастады.
Халықпен қарым-қатынасты жақсартатын, көпшілікті толғандырып жүрген мәселелерді пікір талқысына салатын маңызды диалог алаңдарының бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Бұл ел президентінің тікелей тапсырмасымен өткен жылы құрылып, қоғамды демократияландыру үдерісін одан әрі жақсарту, халықты толғандырған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатын көздейді. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында «Ұлттық кеңес, бірінші кезекте, қоғамдық диалог пен сенім алаңы ретінде құрылды. Біз осы сенімді ақтауға тиіспіз» деген болатын.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы екінші отырысында қоғамдағы бірқатар өзекті тақырыптар талқыланғанын айта кету керек. Аталған отырыста бюджет қаражатының ашықтығы, игерілмей жатқан жерлерді иелерінен кері қайтарып алу, шетелдік жұмысшылар мен отандық жұмысшылар арасындағы жалақы алшақтығын жою, еңбек қатынастары барысындағы әлеуметтік тепе-теңдікті қамтамасыз ету, микро және шағын бизнесті үш жылға табыс салығынан босату, оларды үш жылға тексеруді немесе барып профилактика жасауды тоқтату, көп балалы отбасыларға көмек, латын графикасын жаңарту, саяси реформалар, яғни митингке шығуды алдын ала рұқсат алу арқылы емес, хабарландыру арқылы ұйымдастыруға мүмкіндік беру, саяси партия құруға байланысты құрылтайшылар санын азайту сияқты мәселелер сөз болып, тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар берілді.
Бұл кеңестің отырыстары әлі де жалғасатындықтан қорытынды бағасы болашақта берілетін болады.
Мемлекеттің атқаратын біраз қызметтерін бәсекелес ортаға беру мәселесі де елімізде жиі көтеріліп келеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2015 жылғы 20 мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 97-қадамында «Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі» деп жазылған болатын.
Қазіргі таңда бәсекелес ортаға берілетін мемлекетік қызметтер тізбесі айқындалып, тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Осы арқылы мемлекеттік аппараттың саны айтарлықтай қысқарып, бәсекелес ұйымдар тарапынан берілетін қызметтің сапасы артады. Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырыспен қызметтерді ұсыну – жеке сектордың дамуына жол ашып, азаматтық қоғамның белсенділігін арттырады. Нәтижесінде жұртшылықтың қоғамдық-саяси белсенділігі мен құқықтық сауаты арта түседі.
Мемлекеттік қызметті бәсекелес ортаға беру үрдісі екі тәсілмен жүзеге асырылуда: тұтастай беру немесе жартылай беру.
Жартылай беру мемлекеттік тапсырыс, аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілдері арқылы іске асады. Бірақ азаматтық қоғам бұл қызметтерді қаншалықты сапалы атқара алады деген сұрақ күн тәртібінен түскен жоқ. Сондықтан бұл үрдіс кезең-кезеңімен, жүйелі түрде жүргізілгені жөн.
Азаматтық қоғам құру бағдары.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдасын іске асырарда азаматтық қоғам институттары қызметін жетілдіру үрдісіне тоқталмай кетпеуге болмас. Бүгінге дейін Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыруға арналған біраз жұмыстар жасалып келеді.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздегі Бірінші Азаматтық форум ұйымдастырылды. Бұл форум әр екі жыл сайын өткізіліп келеді. Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік құрылымдар арасында өзара байланыс орнату, өзекті мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында жер-жерде консультативтік-кеңесші органдар құрылды.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру мемлекеттің дамуын алға жетелеп, халықтың түрлі салалар бойынша мәселелерін шешуге ықпал ететін фактор екенін айта кету керек.
Америкалық экономистер Дарон Аджемоглы мен Джеймс Робинсон «Мемлекеттер неліктен күйрейді» (Why Nations Fail: The Origins of Power, Prosperity, and Poverty) атты әйгілі бестселлер еңбектерінде әлемдегі мемлекеттердің даму және күйреу себептерін жан-жақты талдаған. Олар жер бетіндегі әр түрлі кезеңде өмір сүрген көптеген мемлекетті бір-бірімен салыстырмалы түрде зерделей отырып, олардың даму және құлдырау себептеріне қатысты нақты көзқарастарын білдіреді және бұл көзқарастарды әлемдік сарапшылардың көпшілігі оң бағалаған. Олар мемлекет дамуын алға сүйрейтін және кері тартатын инклюзивті және экстрактивті институттар екеніне тоқталады.
Инклюзивті институттары бар мемлекеттер дамудың қарқынды динамикасын бағындырып, халық пен мемлекеттік институттар арасында қоян-қолтық байланыс орнаған. Мемлекеттің дамуына қатысты қандай да бір мәселеде жекелеген азаматтар және қоғамдық ұйымдар белсенділік танытып, мемлекеттік саясатты өздері айқындайды. Яғни, белсенділігі арқылы өздері өмір сүріп отырған мемлекетті өркендетуге ат салысады.
Ал экстрактивті институттар дамыған мемлекеттерде мемлекеттік билік қоғамның даму бағдарын өзі жеке дара анықтап, қоғам мен халықтың үніне құлақ аспайды. Мұндай мемлекеттердің көпшілігі дамуда кері кетіп, күйреп тынады. Зерттеушілер қорытынды ұсыныс ретінде мемлекеттің азаматтық қоғам институттарына құлақ асып, олармен ынтымақтасу арқылы өзінің даму бағытын белгілеуге шақырады.
Азаматтық қоғамды дамыту ісі Қазақстанда да жүзеге асырылуда. Мысалы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті жерлерде Қоғамдық даму істері басқармалары құрылып, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын қолдау жұмыстары жанданып келеді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек Қазақстанда 2019 жылғы маусымдағы жағдай бойынша тіркелген үкіметтік емес ұйымдар саны – 22 763.
Бұл ұйымдардың саны көп болғанымен көп жағдайда сапасы сын көтермей жатады. Көптеген ұйымдар өз қызметін тек мемлекеттік тапсырысқа байланысты жандандырып, қалған уақытта қызметтерін іс жүзінде тоқтатады. Яғни, «конкурстан-конкурсқа» дейін қызмет атқару үрдісі белең алғаны жасырын емес. Сондықтан белсенді азаматтық қоғам институттары саны статистка жүзінде көп болғанымен, шынайы азаматтық қоғамды қалыптастыруға олардың сапалық құрамы жеткіліксіз деп бағалауға болады. Тек мемлекеттік тапсырыспен күнелтетін, қызметі осыған байланған ұйымдар көп жағдайда өз ұстанымын ашық айтпай, тек тапсырысты орындау мақсатын ғана көздейтін болады.
Сондай-ақ, еріктілер қозғалысын, әлеуметтік кәсіпкерлік, қоғамның әлеуетін тартатын фандрайзиг, кронуфандинг сынды әдістерді кеңінен пайдалануды қолға алу қажет. Бұл мемлекеттің қаражаты мен қолдауынан тәуелсіз, дербес азаматтық көзқарасты ұстанатын белсенді ұйымдардың санын арттырып, баламалы ұстанымдағы институттарды күшейтетін болады. Мұны жолға қою біраз уақытты талап ететін үдеріс. Ол орта таптың, көпшіліктің, кәсіпкерлердің ұстанымына, өмір сүру мәдениетіне де байланысты.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы дайындалып, қоғам талқысына салынуда.
Бұған дейін де Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданған болатын. Аталған тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету, мемлекет пен қоғамдық ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға бағытталды. Осы бағытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының саны кеңейіп, азаматтық қоғам институттарының орталық және жергілікті деңгейдегі комиссиялар мен кеңесші органдарға қатысуы күрт ұлғайды. Әділет органдарында ресми тіркелген үкіметтік емес ұйымдар саны үлкен қарқынмен ұлғайды.
Соңғы дайындалған тұжырымдамада үкіметтік емес ұйымдарды сандық қана емес сапалық тұрғыдан да дамыту, екіжақты әріптестікті нығайту, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін мемлекетті басқару саласына жұмылдыру, коммерциялық емес ұйымдардың құқықтарын арттыру, қоғамдық, азаматтық мониторинг тетіктерін күшейту, «позитивті азаматтық белсенділікті» дамыту мәселелері қарастырылған.
Осы бастамалар қабылданып, заңнамалық тетіктер мен оны іске асыру механизмдері әзірленсе, елдегі азаматтық қоғамды дамыту саласында ілгерілеушілік болады деп пайымдаймыз.
Жергілікті атқару органдары басшыларын сайлау және халық алдындағы есептілік мәселесі.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» әр түрлі механизмдер арқылы құрылуы мүмкін. Зерттеушілер билік пен халықтың арасындағы өзара тиімді қатынастың қалыптасуына, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын мемлекет құруға қатысты түрлі ұсыныстар айтып келеді. Мысалы, жергілікті басқару саласын жетілдіруге қатысты ойларымен танылып жүрген саясаттанушы Еркебұлан Жұмашов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында былай деген болатын:
«Күшті институционалды құрылымы бар, сайланбалы және заңдық нормаларға сәйкес автономды жұмыс істейтін сельсоветтердің қызметінің нашар болуының ең негізгі себептерінің бірі фискальді және материалдық мәселесінің шешілмеуі болатын. Соның нәтижесінде сельсоветтер төменгі деңгейде екпінді органға айнала алмады. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін де ауылдық деңгейде өзін-өзі басқарудың ғана емес, жергілікті мемлекеттік басқарудың дамуына кедергі келтіріп отырған ең басты факторлардың бірі жеке бюджетінің жоқтығы болатын. Заңға енгізілген өзгерістер осы кемшілікті түзетеді. Ендігі жерде ауыл тұрғындарының жергілікті аумақтағы саяси процестерге қатысу белсенділігі артуы тиіс. Бірақ осы жерде басқа проблема туындайды, ауыл әкімдері бюджеттің орындалуы жөнінде бір жағынан жергілікті қоғамдастыққа (халыққа) есеп беруі тиіс, екінші жағынан тексеруші органдарға есеп беруі тиіс. Бұл ауыл әкімдерін екі жақтан қысуға әкеледі. Мұндай жағдайда, білікті басшылар ауыл әкімі болып ұзақ отырмайды. Себебі тынымсыз есептен шаршап, басқа салаға кетеді. Бұл қазірдің өзінде байқалып жүр, жергілікті халықтың талабы мен жоғарының қысымын қатар көрген бірнеше ауыл әкімінің лауазымынан өз еркімен бас тартқанын естідім. Сондықтан ауыл әкімдеріне жоғары органдардың қысымын азайтып, жергілікті халыққа есептілігін күшейту керек».

Ауыл, аудан, қала және облыс әкімдерін халықтың сайлауы жөніндегі ұсыныстар тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келеді. Ең әуелі, ауыл әкімдерін халықтың сайлау үрдісін жетілдіріп алу қажет. Қазіргі таңда ауыл әкімдерін мәслихат депутаттары сайлайды. Бұл ретте, сайлау құқығын тікелей халыққа беріп, есептілікті де халықтың алдында жасаған тиімді болары анық. Ол үшін ауыл әкімдеріне жеке бюджет беріп, тиісінше олардың жоғары органдарға беретін есептілігін азайтуға болады.


Қазіргі таңда елімізде ауыл халқының саны ел тұрғындарының 40 пайызын құрайды. Сондықтан жергілікті жерде халық үніне құлақ асатын және халықтан түскен ұсыныстарды іске асыратын мемлекеттік құрылымдарды қалыптастырудың ең негізгі жолдарының бірі осы.
Бұл биліктің халыққа тәуелді болуына, оның мұң-мұқтажын шешуге белсене қызмет етуіне, сондай-ақ басқарушы құрылым қызметінің жалғасуы халықтың оған берген есебіне байланысты болуына ықпал ететін фактор. Мұны осындай сайланбалы жүйе қалыптасқан өзге мемлекеттердің мысалынан көре аламыз.
Билік құрылымдарының халыққа есептілігі әр түрлі әлеуметтік түйіткілдер бойынша жеке және топтық наразылық акцияларының да азаюына әкелетін болады. Өйткені көп мәселе халықтың өз есебінен жергілікті жерде шешіліп отырады. Қазіргі таңда жиі байқалып жүргендей, орталық атқарушы органдарға сабылатын халық қарасының да азаюына осы фактор ықпал ететін болады.
Ауыл және аудан, қала, облыс әкімдерін сайлау және орталық мемлекеттік органдарға емес, олардың халыққа есептілігін күшейту ұсынысына орталық деңгейдегі органдар мүдделі болмауы мүмкін. Өйткені бұл үрдіс жергілікті мемлекеттік институттардың орталыққа тәуелділігін азайтып, олардың дербес саясат жүргізуіне мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл елдік мәселе тұрғысынан қарағанда оңтайлы бастама болары анық.
Қорытындылай келгенде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тұжырымдамасы қазақ халқының «Әкім бол, халқыңа жақын бол» тәмсілімен астасып жатқанын да айта кету керек. Сондықтан аталған тұжырымдама аясындағы іс-шаралар баянды болады деп сенейік.
101 ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» (Аманат) партиясының әлеуметтік-саяси жетекші рөлі.
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.
Партия – мақсаты билікке қол жеткізу болып саналатын саяси ұйым. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды. Дегенмен елде компартияға деген халықтың сенімі әлсіреді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42 пайызы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49 мыңға кеміді.
«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық-коммунистік партиясы) – Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Бұл партия 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.
Партияның мақсаты – қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттік орнату. Партия 2012 жылғы мәжіліс сайлауында 7 мандатты иеленді.
1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі және Коммунистік партия. 1994 жылы желтоқсанда Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, 1995 жылы қаңтарда Қазақстанның Өрлеу партиясы, 1995 жылдың басында Қазақстанның Аграрлық партиясы, 1995 жылы жазда Қазақстанның Демократиялық партиясы құрылды.
1999 жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау үшін қоғамдық штаб негізінде құрылды.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігу нәтижесінде қайта құрылды. Сипаты халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.
«Нұр Отан» 30 жылдық тәуелсіздік кезеңінде ең іргелі саяси партия мен күшке айналғаны белгілі. Әрине, оның рөлін коммунистік партияның рөлімен салыстыруға келмес, бірақ саяси жүйе құраушы институт ретінде «Нұр Отанның» рөлі әлі де ерекше. Бұл бірнеше фактормен айқындалады. Біріншіден, осы уақытқа дейін партия тек партиялық функция емес, мемлекеттің кадрлық резерві функциясын атқарғаны белгілі. Билікке келген тұлғаның негізгі дені осы партияның мүшесі болатын. Бұл белгілі бір дәрежеде тұлғаның саяси сенімділігінің көрсеткіші, оның негізгі критерийлерінің бірі болды. Екіншіден, партия мүшелерінің негізгі дені басшылық шешімін күтті. Себебі далаға шыққан адамдар саны қанша көп болды дегенмен, партия мүшелері санынан аз. Оның үстіне халықтың негізгі денінің саяси қарсылыққа бармағанын ескеру қажет. Бұл тұлғалардың барлығы съезд шешімін күтіп отыр. Бұл тұлғалар үшін күдік пен күмән әлі де сейіле қойған жоқ. Мемлекет бұдан әрі қалай әрекет етеді деген сауал әр партия мүшесін мазалағаны хақ. Осы тұрғыдан саралар болсақ, партияның бұдан кейінгі «әрекет қабілеттігі», «құқық қабілеттігі» мәселесі көп түйіннің жауабы болары сөзсіз еді.
102 Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» (21.11.2018 ж.) атты мақаласына талдау жасаңыз.
Рухани салада жаңа құбылыстар пайда болуымен бір мезетте ұлттық сананың қуатты тарихи қабаттары да қозғалысқа түсіп, өткен өмірді танудың жаңа арналары, жаңа көзқарастар мен жаңа қажеттіліктер пайда болады.
Осыдан келіп, ұлттың дүниетанымның, ұлттық сананың дамуы дегенді болашақ пен өткенді бірдей танитын екі жаққты қамтитын құбылыс тануға болатын шығар. Жаңалық қаншалықты қарқынмен алға қарай бағытталса, сол қарқындағы қуат өткенді де қамтиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани жаңғыру» мақаласы мен 2018 жылдың 21 қарашасы күні жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы – Қазақстанның дамуындағы маңызды бағыттарды қамтыған алып ойдың нәтижелері. Мақалалардағы еліміздің әлеуметтік-рухани дамуы және тарихи сананың жаңғыруы туралы айтылған маңызды мәселелерді дер кезінде бүгінгі білім алып жатқан жастардың санасына жеткізу – әрбір оқылатын пән мен оқытушының міндеті.
Мақала 2 тараудан турады:
I Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт

  1. атқа міну мәдениеті

  2. ұлы даладағы ежелгі металлургия

  3. аң стилі

  4. Алтын адам

  5. Түркі әлемінің бесігі

  6. Ұлы Жібек жолы

  7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

II Тарихи сананы жаңғырту

  1. Архив – 2025

  2. Ұлы даланың ұлы есімдері

  3. Түркі әлемінің генезисі

  4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі

  5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

  6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі тақырыптарында сөз қозғалды.Бұл мақаладан біздің түйгеніміз :

Алғашқысында Президент Ұлы даланың жеті қырына тоқталған. «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты тарауда атқа міну мәдениетінің қазақ жерінен тарағаны туралы айтылған. Сондай-ақ, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам ескерткіші, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы және алма мен қызғалдақтың шығу тегі туралы жазылған. Бұл - Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өркениет және тарихындағы орнын айшықтайтын материалдық һәм рухани мұрамыз.
«Тарихи сананы жаңғырту» атты ІІ тарауында Н.Назарбаев осы мол мұрамызды сақтап және әрі қарай терең зерделеу үшін аса қажетті 6 ірі жобаның бастау алатындығы туралы жазған. Мұрағат саласын кешенді дамыту мақсатында «Архив-2025» бағдарламасы басталады. Ұлы даланың ұлы тұлғалары ұлықталмақ. Кітаптар басылып, ескерткіштер тұрғызылып, терең зерттеулерге үлкен қолдау жасалады. Кино өнері мен телевизияда қазақ өркениетінің өткені мен келешегіне байланысты деректі әрі тарихи туындыларға басымдық беріледі. Мұның барлығы да ұлттық түп-тамырымызды жаңғыртуға бағытталған. 
Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған тарихымыз- біздің шығармашылығымыздың бастауы. Біз бұрынғы жетістіктерімізге қарап, болашаққа қарай сенімді қадам басуымыз керек. Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлттық тарихымызды терең және объективті түрде тануға жаңа бағыт – бағдар болатыны анық. Біз – тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның жаңа дәуірге қадам басқан ұрпағымыз! Осы мақаладағы ойды келесі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз деп білеміз!
103. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы: басымдықтары мен маңызды кешенді міндеттерін айқындаңыз. (16.03.2022.)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауы бүкіл әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың күрт шиеленісуімен байланысты қазіргі заманғы тарихта бұрын-соңды болмаған қаржылық-экономикалық қиындықтармен байланысты жағдаймен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміздің білікті профессорлары мен ғалымдары Мемлекет басшысының пайымын жоғары бағалауда. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы ұсынылды және бұл құжат ең алдымен қоғамның қажеттілігіне, сұранысына негізделгені айтылды. Президент Қазақстан азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналатынын алға тартты. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңадан құрылатын облыстардың Абай, Ұлытау, Жетісу деп аталуында ерекше мән бар. Біз ұлан-ғайыр жеріміздің байырғы атауларын, ұлы тұлғаларымыздың есімін ұрпақ санасында жаңғырта береміз», – деп атап өтті. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Жаңа Қазақстанның негізі саяси және экономикалық реформалардың үйлесіміне негізделуі керек екені баса айтылды. Ел Президенті «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында тәуелсіздікті сақтау керек екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», – деді. Президент өз жолдауында халқына салмақты ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынды. Сондай-ақ «Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл аса күрделі өзгеріс. Мемлекеттік аппарат цифрлық құралдарды жаппай енгізу кезінде ғана іске асырылады. Осыдан кейін шенеуніктер бюрократиялық өкілеттіктерді қалпына келтіруге тырысып, жаппай реакция жасай бастайды. Осыған жол берілмей, Қ.Тоқаевтың тапсырмалары діттеген жеріне жетсе, алдағы уақытта қағазбастылықтан құтыламыз деп сенемін. Жолдау соңында Президент: «Еліміздің азаматтары ертең емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан артық ештеңе жоқ», – деді. Мемлекет басшысы айтқандай, ел-жұрт болып жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етейік. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін оқытушылар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Бүгінгі студенттер – Қазақстанның жарқын болашағы.
104. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер. (01.09.2021.)
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық және саяси күн тәртібінің өзекті мәселелеріне нақты да тұщымды жауап ретінде бүгінгі таңда ел азаматтарын толғандыратын мәселелерді қамтыды.
Жолдау – өзінің мәні мен мазмұны жағынан мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтық қоғам институттары үшін алдағы кезеңге арналған іс-қимылдардың тұтас стратегиясын айқындайтын айрықша құжат.
Президенттің 2021 жылғы Қазақ­стан халқына Жолдауы Мемлекет басшысы­ның бұрынғы Жолдауларында айтқан тапсыр­маларының қисынды жалғасы, сондай-ақ олардың табысты жүзеге асы­рыл­ғанының нәтижесі екенін атап өту қажет.
Жолдау мемлекеттің пандемиядан кейін елді экономикалық дамытудың ойластырылған бағдарламасы бар екенін көрсетті, ол 2025 жылға дейінгі дамудың Жол картасында көрініс табатын болады.
Мемлекет басшысы таяудағы онжыл­дықтың күрделі болатынын ашық айтты, сонымен бірге алдағы міндеттерді шешу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді басымдықтарын белгіледі.
Президенттің біздің еліміздің әрбір азаматына тікелей қатысы бар, әр қазақстандықтың мүддесіне сөзсіз әсер ететін маңызды тапсырмалары дер кезінде айтылып отыр. Олардың қатарында, Жолдаудың экономикалық блогындағы – мемлекеттік қаржыны басқару және Ұлттық қорды дамыту тұжырымдамасы, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын ұзарту, цифрлы үкіметтің жаңа архитектурасы қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Көші-қон саясатының, қоныс аудару­шыларды ынталандырудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу халықты этнодемографиялық тұрғыда ұтымды орналастыруға ықпал етеді, оның ішінде этностар жинақы қоныстанған жерлерде бірқатар әлеуметтік-экономикалық және этносаралық мәселелерді шешу­ге көмектеседі және өзара іс-қимылдың көптеген этноәлеуметтік аспектілерін жояды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты елі­міздегі саяси тұрақтылықтың, бірліктің, ұлт­аралық татулық пен келісімнің негізі және солай болып қала береді. Сондықтан Жолдаудың әлеуметтік блогын біз осы тұрғыда қарастыруымыз керек.
Жолдаудың әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыру халықтың нақты кірістерінің өсуіне, жүздеген мың азаматымызды мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктер жүйесіне қосуға қуатты синергия береді.
Жолдаудың басты тақырыптарының бірі көпэтносты еліміздегі бірлік, тату­лық пен келісімге арналды. Бұл жерде Мемлекет басшысы барлық басымдықтар мен екпіндерді өте айқын және анық қойып отыр. Жолдауда ұлтаралық қатынастардың үйлесімді дамуы қашанда мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі болғаны және бола беретіні атап көрсетілді. «Бұл – бекерге айтылған сөз емес. Мұндай ұстанымды қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдайды», деді Мемлекет басшысы.
Президент азаматтардың конституциялық құқықтарының кепілі ретінде заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар екенін, бірақ біздің заңнамаға сәйкес орыс тілінің қолданылуына кедергі келтіруге болмайтынын нақты атап өтті. Бұл ұстаным тек қана Қазақстан заңнамасына ғана емес, сонымен қатар этносаралық қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін, тәуелсіздік жылдарында сыннан өткен тіл саясатының оң тәжірибесіне сәйкес келеді.
Мемлекет басшысы қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты. Бұл көзқарасты Қазақстанның барлық азаматтары қолдайтыны сөзсіз.
Қазақстан Президенті біздің азаматтарымыз үшін келісім, толеранттылық – мәдениеттер мен тілдердің өзара кірігуіне байланысты өмірдің шындығы екенін тағы да еске салды.
Екінші жағынан, Мемлекет басшысы радикализмнің кез келген түріне қатаң тойтарыс берілетінін, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығына ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтінін баса айтты. Әрине, мұндай ұстаным ел тұрғын­дарының көпшілігінің мүдделеріне сай келеді, олар үшін татулық пен келісім – қауіпсіз өмір сүру, тұрақтылық пен даму мүмкіндігінің алғышарты.
Президенттің барлық азамат эт­нос­аралық және конфессияаралық қаты­нас­тардың қаншалықты маңызды екенін түсінуі керек деген ойының маңызы зор. Бұл тұрғыда Жолдаудың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деген атауының өзі көп нәрсені аңғартады.
Жолдаудың маңызды аспектілерінің бірі – Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақ­станның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүзеге асырған бейбітші­лік, қоғамдық келісім және жалпыұлт­тық бірлік саясатындағы стратегиялық сабақтастықты қамтамасыз етуі.
Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сының сөзі осы саясаттың іргелі қағидаттары мен негіздерінен ауытқымай, жаңа тарихи жағдайларда шығармашылық тұрғыдан дамып келе жатқанын айқын көрсетті.
Жалпы алғанда, Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша теңдессіз шараларды белгіледі. Оларға қол жеткізу қоғамда келісім мен бірлік сақталған жағдайда ғана мүмкін болады.
105. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы дамудың жоспарлары. (01.09.2020.)
2020 жылдың 1-қыркүйегі сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Білім күні халқына Жолдау жасап, елімізді дүниежүзілік дағдарыс жағдайында қиындықтардан шығарудың сара жолдарын көрсетіп, билікке тапсырма берді және қоғамға да жауапкершілік артты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды, биыл яғни 01.09.2020 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 59 бабына сәйкес кезекті жолдау жариялады. Ол Білім күні өткізілуі дәстүрге айналып отыр. Елімізде жер-жаhанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әліде жалғасып жатқанын айта келе, біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды, - деп бастады Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауындағы бағыттар Қазақстанды дағдарыстан қоғам болып шығарудың оңтайлы жолдары деп санаймын. Ең бастысы экономикамызды дамытуда әлі де орындалмай келген мүмкіндіктерін қолдану, жемқорлықты ауыздықтау, қаржы саласына қатаң бақылауды орнату, «халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын мемлекет» идеясын жүзеге асырудың жалғасы болатын «әділетті мемлекетте» құқықтың сақталуы турасындағы конституцияның нормалары орындалуы керектігін айтты. Азаматтық қоғамды қоғамдық кеңестер құру арқылы дамыту, Қазақстанда тұратын азаматтардың кепілді өмір-тіршілігін қамтамасыз ету, елімізге қажетті мамандықтарды абыройлы еңбек тұрғысынан бағалау, әсіресе дәрігерлерді маман ретінде сапалы дайындауға, білім беруші оқытушы-ұстаздардың еңбегін айрықша бағалауға, қарапайым еңбек адамдарының дәрежесін көтеруде мемлекеттік саясаттың өзгеруі керектігін айтты.
Қазақстан Республикасы парламентінің 6-шы сайланған 6-шы сессиясындағы Президент Қ.К. Тоқаевтың келер жылға байланысты халыққа арнаған Жолдауы дүние жүзін COVID-19 індеті жайлаған күрделі жағдайда жарияланып отыр. Президент сөз басында, жыл басынан бергі қалыптасқан қиындықтарға қарамастан бүкіл ел болып, әсіресе дәрігерлердің жан кешті әрекеттерінің арқасында ел экономикасының тұралап қалуы мен әлеуметтік дамудың қожырауына жол берілмегенін айтып, болып жатқан шындықты халықтан жасырмау ұстанымында қыруар жұмыстар атқарылғанына тоқталды.
Бүгінгі таңда әлемдегі зерттеуші ғалымдардың болжамында короновирус індеті тағы 2 жылға созылатын көрінеді. Президент өз Жолдауында бұндай болжамдар шындыққа айналған күнде экономикалық жағынан дағдарысқа бой алдырмайтын міндеттерді белгілеп берді. Біз ол міндеттерді және олардың болашақтағы нәтижелерін өз тұрғымыздан мына төмендегідей деп білеміз:
1. Егер таяуда Жоғары президенттік Кеңес құрылып, оны тікелей бақылау Президент құзырына берілетін болса, онда Президент бүкіл жауапкешілікті өз мойнына алып, халықтың қобалжуына жол бермейтін ұстанымын білдіріп отыр деген сөз;

2. Жолдауда бұрын белгіленген мемлекеттік деңгейдегі ауқымды экономикалық жобалардың мерзімі қысқартылады делінді. Бұл тұжырым халық игілігі үшін жасалынған жобалардан мүлде бас тарту дегенді білдірмейді, оның мәнін әлемде орын алған індетті еңсерумен байланысты уақытша шешім деп түсінгеніміз дұрыс.

3. Президент «таяу жылдары мемлекеттік аппарат төңірегігде істейтіндер кезең-кезеңімен қысқартылады» десе, бұл сөзді халықты жұмыспен қамту жағын реттеуді қаперіне алып отыр деп түсінген абзал;

4. Жолдауда ірі мемлекеттік компанияларға адамдар игілігі үшін жұмыс істегенде тәккапарлық пен бюрократизмге жол берілмейді делінсе, ағымдағы үкімет аппараты «Атамекен» сияқты ұлттық палатамен басқа ірі компаниялардың жұмыстарын үйлестірудің тиімді жақтарын қарастыра білуде қабілеттілік таныта болу керек дегенді білдіреді.



5. Жолдау бойынша экономиканы халық игілігіне қарай бұрыу үшін жеке меншікті кәсіпорындардың рөлі өсетін болды. Ендеше осы шешімді, жекешелендіру арқылы мемлекет секторындағы кәсіпорындарды барынша қысқартып, оны тек халыққа қызмет ету түріне алмастыру шараларын дамытудағы шағын және орта бизнесті дамыту жолындағы ынталандыру кедергілерін жоюға бағытталған шешім ретінде қабылдағанымыз дұрыс деп түсінемін.
Мемлекет тарапынан ғылымды қолдауға Президент ерекше тоқталды, қосымша қаржыландыруғы қаражат бөлуді үкіметке тапсырма берді... Сондай-ақ кәсіпкерлерді қорғап-демеу, ауыл шаруашылығымен айналысатындарға бөлінетін қаржылай қолдау бөлініп жатқандығын шегелеп айтты. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы халықтың әл-ауқатын көтеріп, бірлігін нығайтатын нық қадамдар болатыны анық.
Жолдауда ел мен қоғамның даму жағдайы баяндалып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық міндеттер белгіленген. Сондай-ақ, өзінің нақты және мақсаттылығымен еліміздің алдағы жылдарға арналған даму бағытының негізгі басымдықтарын айқындайды. Орын алған әлемдік пандемия елімізде денсаулық сақтау, білім беру саласының, халықтың әлеуметтік қорғалуының, адам құқықтары мен мүдделерінің сақталуының жаңа деңгейге көтеріліп, сапалық жағынан жетіліп даму қажеттілігін көрсетті. Сондай-ақ, мемлекеттік басқарудың барлық салаларын цифрландыруға көшіру – кезек күттірмейтін талап, ең негізгісі цифрлық теңсіздік мәселесін өңірлік деңгейде шешу қажет.
Жолдауда білім мен ғылым саласына қатысты маңызды мәлімдеме жасалды. Жыл сайын еліміздің ғалымдарына әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағлымдамадан өтуді және «Жас ғалым» бағдарламасы аясында жас ғалымдарға мың грант бөлуді ұсынды. Президент педагогтарді әлеуметтік қолдау мәселесіне ереше назар аударды. Білім берудің әлеуетін арттыру, яғни алдағы уақытта ұстаздардың жалақысын өсіру мәселесі де жоспарлануда. «Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді», - деді. Педагогтардың жалақысын көтеру мен оларға деген мемлекеттің ерекше назары білім сапасына оң әсерін тигізетіні сөзсіз. Жоғары білім беру саласының алдындағы міндет, жасампаз шығармашылық кәсіби мамандарды дайындап, еліміздің игілігіне қызмет істеуге жұмылдыру.
Азаматтардың сауаттылық деңгейі мен олардың цифрлық білімін арттыру мақсатында Үкімет үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлейтін болды. Қазіргі заман ағымында бұл құптарлық қадам деп есептеуге болады. Бұл құжатта бейресми білімнің баламалы нұсқаларын белсенді енгізуді, өзіндік оқудың нәтижесін мойындауды, кәсіби дағдыларды серфикаттау қарастырылатынын айтты. Білім саласын сынға алды. Мәселен, онлайн білім беруде нақты бір платформаның жоқтығы. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігі айтылды. Дегенмен, мұндай оқыту жүйесі тарихта алғаш рет болғандықтан кемшін тұстарының болатыны анық. Президенттің тапсырмасы мен осындай аталған сын пікірлері жұмыстың ілгерілеуіне ықпал жасайтыны айқын.
106. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен сайлауалды бағдарламаларына талдау жасаңыз. (02.09.2019.)
ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жария етті. Ел дамуының бағыт-бағдарын айқындаған стратегиялық құжат төңірегінде саяси партия өкілдері пікір білдіріп, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді. Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында заманына сай тиімді мемлекет құру туралы бастама көтерді. Бұл ең әуелі билік пен халық арасында тығыз қарым-қатынасты нығайта отырып, қоғамдағы өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешуге бағытталған. Пайдаланылмай жатқан жатқан ауылшаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді, - деді Мемлекет басшысы. Дамыған өнеркәсіп кешенін құру үшін - Үкімет пен Парламент осы түйіткілді реттеудің тиімді жолдарын жуық арада ұсынуды тапсырды.
Жалпыұлттық жоспар азаматтық қоғамды дамыту, ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық заңнаманы қатаңдату, әкімшілік юстицияны енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару, тауарлар мен қызметтердің құнын төмендету, бәсекелестікті дамыту, әлеуметтік саясатты оңалту, білім беру сапасын арттыру, қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беру және т.б. бірқатар салалар бойынша нақты іс-шараларды қамтиды.

Сондай-ақ Жолдауда жарияланған бастамаларды қаржыландыруға бағытталған шаралар қарастырылған, оның ішінде Ішкі істер министрлігін реформалауға, педагогтар мен мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын өсіруге, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға және т.б..


Жолдаудың барлық бағыттарының іске асырылуын нормативтік қамтамасыз ету үшін Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс, 17 заң, Президенттің 4 Жарлығы мен Үкіметтің 16 қаулысы әзірленіп, қабылданатын болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып Үкімет жаңа мемлекеттік бағдарламаларды бекітіп, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады (индустриалдық-инновациялық дамыту, «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, білім және ғылымды дамыту, «Нұрлы жер» және т.б.).
Іс-шаралардың басым бөлігін ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының барлық бастамаларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын Президент Әкімшілігі қадағалайтын болады.
107. ҚР-дағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз (1990-2022).
Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттің саяси өмірін идеялардың, ағымдардың, тұлғалардың күресінсіз көзге елестету мүмкін емес. Бәсекелестік қағидаты әртүрлі топтардың мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өмір сүруін қажет етеді. Бұл топтар әлеуметтік, ұлттық, идеологиялық принциптер бойынша ұйымдасады (қандай да бір шамада бұл қағидаттар бір-бірімен өзара байланысты). Қоғам өміріне саяси партиялар, қозғалыстар, ассоциациялар, кәсіподақтар мен тағы басқа да ұйымдар қатысады.
Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары:
— әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және институционализациялау;
— осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету;
— мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату;
— басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;
— халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту;
— партияның белсенді және қабілетті мүшелерінің қатарынан саяси элитаға рекруттеу;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет