1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» (Аманат) партиясының әлеуметтік-саяси жетекші рөлі



бет74/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

101.ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» (Аманат) партиясының әлеуметтік-саяси жетекші рөлі.
ҚР қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. «Нұр Отан» (Аманат) партиясының әлеуметтік-саяси жетекші рөлі.
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл жағдай республиканың өркендеуіне, қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, экономиканың және халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.1999 жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау үшін қоғамдық штаб негізінде құрылды.
Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігу нәтижесінде қайта құрылды. Сипаты халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу. 2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының 10-съезінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Партияның мақсаты – қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың кері әсерін болдырмау және дағдарыстан кейін Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау. 2013 жылы қазан айында «Нұр Отан» партиясының ХV съезі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды.
Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет