1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»


ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың



бет76/81
Дата29.05.2022
өлшемі343,45 Kb.
#35857
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

106.ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттер мен сайлауалды бағдарламаларына талдау жасаңыз. (02.09.2019.)
Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті.
Жалпыұлттық жоспар азаматтық қоғамды дамыту, ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық заңнаманы қатаңдату, әкімшілік юстицияны енгізу, шағын және орта бизнесті қолдау, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару, тауарлар мен қызметтердің құнын төмендету, бәсекелестікті дамыту, әлеуметтік саясатты оңалту, білім беру сапасын арттыру, қазақстандықтардың өз зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беру және т.б. бірқатар салалар бойынша нақты іс-шараларды қамтиды.
Сондай-ақ Жолдауда жарияланған бастамаларды қаржыландыруға бағытталған шаралар қарастырылған, оның ішінде Ішкі істер министрлігін реформалауға, педагогтар мен мәдениет және өнер қызметкерлерінің жалақысын өсіруге, бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға және т.б..
Жолдаудың барлық бағыттарының іске асырылуын нормативтік қамтамасыз ету үшін Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс, 17 заң, Президенттің 4 Жарлығы мен Үкіметтің 16 қаулысы әзірленіп, қабылданатын болады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып Үкімет жаңа мемлекеттік бағдарламаларды бекітіп, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады (индустриалдық-инновациялық дамыту, «Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, білім және ғылымды дамыту, «Нұрлы жер» және т.б.).
Іс-шаралардың басым бөлігін ағымдағы жылдың соңына дейін іске асыру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының барлық бастамаларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын Президент Әкімшілігі қадағалайтын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет